- Учителю
- Балапанның қызықтары №5 атты топ журналы
Балапанның қызықтары №5 атты топ журналы
Үлкен Нарын ауылындағы «Балбөбек» балалар бақшасы
«Балапан» тобы, ақпан 2015 жыл
Мазмұны:
-
Балапанның тәбетін ашайық!
-
Ашық сабақ: «Түрлі-түсті мұздар»
-
Ашық сабақ:
-
Балапанның ата-анасына
Балапанның тәбетін ашайық!
Балаңыздың тәбеті болмаса...
Көбінде таңертеңгі асты ішпейді. Ал ата-аналар «тәбеті жоқ» деп, көңіл бөлмейді. Таңғы асты ішпеген баланың организмі әлсіреп, ойлау қабілетіне кері әсер етуі әбден мүмкін. Ата-аналар таңертең үйден тамақтанбай шықса, бала да керектігіне сенбейді. Ал үлгі - балалар үшін аса маңызды.
Егер балаңыздың тәбеті болмаса, асты сәндеп ұсынуыңызға болады. Мұндай тағамдар баланың көңіл-күйін көтеріп, тәбетін ашуы мүмкін. Асты былай сәндеуіңізге болады:
Әдемі балық түрінде
Ұйқышыл аю бейнесі
Ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Таным, Әлеуметтік, Шығармашылық
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: Түрлі-түсті мұздар
Мақсаты:
-
Судың сүйық және қатты күйде болатындығын түсіндіру.
-
Тәжірибе жасау арқылы түрлі-түсті судың түрлі-түсті мұзға қалай айналатындығын көрсету арқылы зейіндерін дамыту.
-
Жансыз табиғат туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: демонстрациялық материалдар, 4 құты су, қызыл, жасыл, сары, көк түсті гуашьтар, қалыптар, жапсырма мұз қағаздары, желім, сүрткіш, ожау, 3 қорап, слайд.
Сөздік жұмыс: мұз, сүңгі, қар ұшқындары
Билингвальды компонент: мұз - лед, сүңгі - сосулька, су - вода.
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
«Сәлеметсіздер ме» - деп, сәлемдесіп аламыз.
Балалар шеңберге тұрып, тәрбиешінің іс-әрекетін қайталайды.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тосын сәт: «Хатшы».
Есік қағылып, топқа хатшы келеді.
- Балалар, бізге үлкен қорап беріп жіберіпті, кім екен?
- Қорап сыртында кімнің суреті тұр, кімнен екен?
- Ашып көрейік иа, не деп жазған екен?
1- тапсырма «Мұзбен танысу»
Слайд көрсету: сүңгінің қалай пайда болатынын көру, мұздың қалай суға айналып кететінін қарау.
- Балалар, біз Аяз атаның бірінші тапсырмасын орындадық, қараңдаршы мына қорап ішінде тағы бір кішкене қорапша бар екен, онда қандай тапсырма бар екенін көрейік.
2 - тапсырма «Түрлі-түсті мұз жасау»
4 құтыдағы суды балалар көмегімен төрт түрлі түске бояп, әр баланы жеке шақырып алып, қалыпқа құйғызу.
Сөздік жұмыс: мұз, сүңгі, қар ұшқындары.
Билингвальды компонент: мұз - лед, сүңгі - сосулька, су - вода.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп.
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
3 - тапсырма «Сүңгі жапсыру»
Берілген түрлі-түсті дайын жапсырма қағаздарды салынған үй шатырына желімдей отырып жапсыру.
Балалар таңдана қарайды.
- Аяз Атадан
- Иә
Балалар слайдты мұқият қарап, танысып алады.
Қызығушылықпен тәрбиешіні тыңдайды.
Тәрбиеші көмегімен түрлі-түсті мұз жасауға белсене қатысады.
Қайталайды: мұз, сүңгі, қар ұшқындары.
Қайталайды: мұз - лед, сүңгі - сосулька, су - вода.
Өлең мазмұнына сай балалар қимылдар жасайды.
Балалар барлық қызығушылықтарымен сүңгілерін таңдап алып, жапсыруға кірісті.
Рефлексиялық-
түзетушілік
- Балалар, біздің дайын болған мұздарымызды көрейік.
- Қалай екен жақсы ма?
Сұрақ-жауап әдісі арқылы ұйымдастырылған ашық оқу іс-әрекетін қорытындылау.
Балалар өз жұмыстарын тамашалап, мәз болады.
- Иә
Балалардың жауабы тыңдалады.
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: Су және оның күйлері туралы ұғымды.
Орындайды: Суды түрлі-түсті етіп «бояуды».
Қолданады: Тәжірибе жұмыстарын бақылай отырып, іс-тәжірибе дағдыларын.
ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ОҚУ ІС- ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Күні 12.02. 2015 ж.
Білім беру саласы:Шығармашылық
Оқу іс- әрекеті:Мүсіндеу
Бөлім: Мүсіндеу.
Тақырыбы: Анама сыйлық
Мақсаты:
1.Адамзат баласын жарық дүниеге әкеліп ,оны тәрбиелеп өсіретін ана екенін түсіндіру.
Аналарды сыйлауға, құрметтеуге үйрету, мейірімділікке баулу.
2.Шығармашылық жұмыстар жасай отырып балалардың ой- өрісін, қолжетімділігімен ұсақ қол моторикасын дамыту.
3.Сөздік қорларын , молайту.
Билингвальды компонент: Ана-мама, гүлдер- цветы, сыйлық- подарок
Сөздік жұмысы: Ана, гүлдер, сыйлық, емдейтін гүлдер, тұзды қамыр.
Технологиялық қамтамасыз ету: Гүл, гүлдер топтамасы, тұзды қамыр
Тәрбиешінің басқару әрекеті
Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық қорғаушылық
Балалар бүгін бізде ерекше күн. Бізге қонақтар келіпті.
-
Кәне, қонақтармен амандасайық.
Шаттық шеңбері:
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Еш уайымды білмейміз.
Балалар қонақтармен амандасады.
-Сәлеметсіздер ме?
Өлең жолдарын қайталап,қимылдар жасайды.
Ұйымдастырушылық- ізденушілік
-Ал, енді орындарымызға отырайық. Бүгінгі оқу іс- әрекетіміз мүсіндеу.
-Бір жылда қанша мезгіл бар?
-Қазір қай мезгіл?
-Қыс мезгілінен кейін көктем келеді. Көктем мезгілінің айларын атаңдаршы?
-Иә, балалар көктем мезгілінің алғашқы айы Наурыз айы.Наурыз айында аналар мерекесі, Әз-наурыз мерекесі тойланады.
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Төрт мезгіл бар. Олар: күз, қыс, көктем, жаз.
-Қыс мезгілі.
-Наурыз, сәуір, мамыр.
-Қар ериді.Жаңбыр жауады. Күн жылынады. Гүлдер өседі.
-Иә, балалар дұрыс айтасыңдар. Жаңбыр жауады, күн жылынады, ағаштар бүршік жарады, алуан-алуан гүлдер өсіп шығады. Гүлдер бөлме гүлдері, дала гүлдері, емдік гүлдер болып бөлінеді. Бөлме гүлдері арнайы ыдыстарға отырғызылады. Бөлмемізге сән беріп, әрі ауаны тазалайды. Гүлдер бізге қуаныш пен жақсылық сыйлайды. Гүлдер өте нәзік, оларды күтіп қарау керек. Үнемі су құйып, шаңдарын тазалап отыру керек. Гүлдерді сындырмау керек, сынып қалса ары қарай өспей қалады.
Билингвальды компонент: Гүлдер- цветы.
-Адам өміріндегі ең қымбатты жан- ол ана.
- Балалар, сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме?
- Қайтіп жақсы көресіңдер?
-
Аналарыңның есімдерін білесіңдер ме?
Билингвальды компонент: Ана-мама.
-Біз аналарымызға арнап сұлулықтың белгісі ретінде гүл сыйлаймыз.
Билингвальды компонент: Сыйлық- подарок.
- Алдарыңда гүл салынған сурет, тұзды қамыр жатыр.
-Тұзды қамыр қандай түстерге боялған?
-Иә, дұрыс айтасыңдар: Қызыл,сары, жасыл.
- Қараңдаршы балалар, мынау гүлдің сабағы, жапырағы, күлтешелері.
-Алдымен сабағын, жапырағын жасыл түсті қамырмен, күлтешелерін қызыл түсті қамырмен, ортасын сары түсті қамырмен жапсырамыз.
- Жұмысқа кіріспес бұрын дем алып, сергіп алайық.
-Сергіту сәті:
Ормандығы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп- теріп алайық
Қалтамызға салайық
-
Дем алдық па?
-
Ал енді жұмысқа кірісейік.
Балалардың жұмысы.
Жеке көмек қажет ететін балаларға көмектесу.
Мұқият тыңдайды.
Сөздерді қайталайды:
Гүлдер- цветы.
- Иә, жақсы көреміз.
-Құшақтаймыз, бетінен сүйеміз, тілін аламыз, көмектесеміз.
-Шапағат- Гульмира мама. Әли- Зарина мама.
Ясмина- Әлия мама.
Сөздерді қайталайды: Ана-мама.
Сөздерді қайталайды:
Сыйлық-подарок.
-Қызыл ,сары, жасыл.
Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.
-Иә, дем алдық.
Рефлексифтік - түзетушілік
Қорытындылау:
-Бүгін не істедік ?
-Гүлді кімге сыйлаймыз ?
-Иә, өз қолдарыңнан аналарыңа арнап сыйлық жасадыңдар. Сыйлықтарың өте әдемі болып шықты. Оқу-іс әрекетіне жақсы, белсенді қатыстыңдар, сол үшін менде сендерге сыйлық бергім келіп тұр. (Гүлдер сыйлау.)
-Бүгінгі оқу- іс әрекетіміз аяқталды. Кәне, балалар қонақтармен қоштасайық:
Орнымыздан тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау- саламат болайық!
-Гүл жасадық.
-Гүлді анамызға сыйлаймыз.
Балалар сыйлыққа қуанды.
Кезекшілер үстел үстін жинайды.
Нені білу керек:
Наурыз айындағы мерекелерді , тұзды қамырмен жұмыс жасауды ;
Нені игереді:
Шығармашылық жұмыстар жасауды;
Нені білді:
Аналар туралы, гүлдер туралы.
«Балапанның ата-анасына»
Бала тәрбиесінде есте жүрер қағидалар:
- Балаға дерт, қиындықтарды айтпау керек, қуанышты айтуға болады.
- Балаға отбасы ішіндегі біреу ұрсып жатса, басқасы оны жақтамау керек.
- Баланың алдында үнемі күлімдеп, жылы жүзді болуға тырысу керек. Көңіліңіздің жабырқаңқы болуы балаға тез әсер етеді.
- Оған өзге адамдардың алдында ұрыспау, жазғырмау керек.
- Кемшіліктерін мойындауды үйрету керек. Кемшіліктерін біліп, жөндеуге тырысуы
- өмірде жетістікке жетуіне себеп болады.
- Бауырларының арасында бөлмеу керек.
- Тәкаппарлықтың нашар қасиет екендігін түсіндіріп, тәкаппар болуының алдын алу керек.
- Баланың қателіктері болады. Дереу жазалау арқылы емес, қателігін, зиянын айтып түсіндіру керек.
- «Сен адам болмайсың», деген секілді айыптаулардан аулақ болу керек. Бұлар баланың өзіне деген сенімділігін төмендетіп, адами қасиетін жоғалтады, ынжық болуына себеп болады.
- Бала үлкендерден көргенін істейді. Сондықтан, оларға үлгі болған жөн. - Берілген істі орындағанын немесе орындамағанын қадағалау керек, өзін бақылауда екенін білсін.
- Балаға шамасы келмейтін жұмыс тапсырмау керек. Кері жағдайда қолынан келетін нәрселерді де орындамайтын болады.
- Ертегі, әңгіме кейіпкерлерінің өмірбаянын, ғибратты оқиғаларын айтудың бала санасының жетілуіне және бұдан үлгі-өнеге алуының да маңызы зор.
- Орындай алмайтын нәрселерді айтып уәде бермеу
керек.