- Учителю
- Әдістемелік құрал «Дьенеш» блоктарын қолдану арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Әдістемелік құрал «Дьенеш» блоктарын қолдану арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
МҚКК «№7 сәбилер бақшасы»
«Дьенеш» блоктарын қолдану арқылы балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Нұсқаушы:
№7 сәбилер бақшасының
тәрбиешісі Кузкенова А.А
Павлодар қаласы
Мектепке дейінгі дидактикада баланы дамытудың әртүрлі материалдары қолданылады. Дегенмен, бала ақылының дамуына арналған, соның ішінде математикалық, ойлау қабілеттігін дамытуда ең маңызды деген материалдарды бір қалыпқа келтіріп қалыптастыру мектепке дейінгі оқыту барысында кез-келген маманның қолынан келе бермейтін күрделі шаруа. Венгер психологы, әрі математигі Дьеныш жасаған логикалық блоктар баланың алғашқы жылдарындағы логиякалық ойлауын дамыту мен олардың ойлау қабілеттерін математиканы меңгеруге дайындауда неғұрлым тиімді әдістеме болып отыр.
Әдістемелік және ғылыми-танымал әдебиетте бұл материалды әртүрлі атаулармен кездестіруге болады, атап айтсақ: «логикалық пішіндер», «логикалық текшелер», «логикалық блоктар». Бірақ осы атаулардың әрқайсысында логикалық ойлауды дамыту бағыты айқын берілген. Балабақшалар мен мектептерде балалармен жұмыс жасаудың жаңаша тәжірибесінде логикалық дидактикалық материалдың көлемді және тегіс болатын екі түрлері қолданылады. Осы түрлердің әрқайсысына өз атауы бекітілген. Көлемді логикалық материал логикалық блоктармен аталса, тегісі - логикалық пішіндермен беріледі.
Логикалық блоктарды венгердің психолог-математигі Золтан Дьеныш ойлап тапқан. Балаларды блоктар арқылы ойната отырып, оларға нысандардың түсін, пішінін, көлемі мен жауандығын көрсете отырып, ажыратуға үйретуде, информатикадан бастапқы сабақтар және математика тұрғысынан алғы ұғымдарды меңгертуде таптырмас құрал. Ол балалардың ойлау әрекеттерін дамытады (сараптама, салыстыру, боптау, жалпылау), логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін және танымдық қабілеттерін (қабылдау, есте сақтау, наразға алу, елестету) жетілдіреді. Дьеныштың блоктарымен ойнай отырып, бала әртүрлі заттық әрекеттер жасайды (бөлу, белгілі ережемен орналастыру, қайта орналастыру және т.б.). Дьеныштың блоктары үш жастан асқан балаларға арналған.
Дьеныштың логикалық блоктары 48 геометриялық фигуралардан тұрады:
а) төрт пішінді (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш, тіктөртбұрыш);
б) үш түсті (қызыл, көк және сары);
в) екі көлемді (үлкен және кішкентай);
г) қалыңдығының екі түрі болады (жуан, жіңішке).
Жинақта бірдей бір де бір фигураны кездестірмейсіз. Әрбір геометриялық фигура төрт ерекшелігімен беріледі: пішіні, түсі, көлемі, жуандығы.
«Логикалық блок» атты дидактикалық жинақ 48 көлемді геометриялық пішіндерден тұрады, олар бір-бірінен көлемі, түсі, қалыңдығы мен пішіндері бойынша ажыратылады. Осылайша әр пішін төрт өзіндік ерекшелігімен белгіленеді: түсі, пішіні, көлемі және қалыңдығы. Жинақта осы ерекшеліктері бірдей келетін пішіндерді таба алмайсыз, олардың әрқайсысы өзінше әртүрлі. Ерекшеліктерінің нақты нұсқасы (қызыл, көк, сары, тіктөртбұрышты, дөңгелек, үшбұрышты, шаршы) және пішіндердің көлемі, қалыңдықтары мен үлкендіктері әрүтрлі болғандықтар балалар оларды жылдам ажыратып, айтып бере алады.
Логикалық блоктармен әртүрлі әрекеттер жасау барысында (бөлу, белгілі ережеге сәйкес орналастыру, қайта құру және т.б.) балалар алғашқы математикалық дайындық тұрғысында маңызды болып табылатын әртүрлі ойлау қабілеттерін меңгере бастайды. Олардың қатарына сараптама жасау, салыстыру, топтау, жалпылау, жасыру-ашу, сонымен қатар «жоқ», «және», «емес» сынды логикалық операцияларды жасай білу жатады. Блоктармен болатын арнайы дайындалған ойындар мен жаттығулар балалардың ойлаудың қарапайым алгоритмдік машығын меңгеру, әрекеттерді ойша қалыптастыру биімділіктері дамиды. Логикалық блоктардың көмегімен балалар назарға алу, есте сақтау, қабылдау сияқты әрекеттерге жаттығады.
Логикалық блоктарда геометриялық пішіндер топталып беріледі (дөңгелек, тіктөртбұрыш біркелкі үшбұрыш, шаршы) және олар кішкентай балаларды затардың пішіндері мен геометриялық қалыптармен таныстырудың керемет құралы болып табылады.
Логикалық блоктардың жинағы баланың заттарды бір түрінен екінші, үшінші және төртінші ұқсастықтарымен салыстыра отырып, ойлау өрісінің дамуына жетелейді. Блоктармен әртүрлі қимылдар жасау барысында балалар алдымен заттардағы ортақ бір ұқсастықты байқауға машықтанады (түсі, пішіні, көлемі, қалыңдығы), оларды салыстырып, топтап, әрқайсысының ұқсастықтары бойынша орналастыруға бейімделеді. Осыдан кейін олар заттарды бір ғана ұқсастығымен емес, екі, осыдан кейін үш және төрт ұқсастықтары бойынша топтауға, жіктеуге, бөлуге, орналастыруға машықтанады. Осымен бірге балалардың мүмкіндіктеріне қарай бір ғана жаттығуда тапсырманың дейгейін оңай алмастыруға болады. Мысалы, бірнеше бала аюдың лашығынан Машенькаға ата-әжесіне баратын бағытты табу үшін жол салады. Ал бір бала жол салғанда онда біркелкі пішіндерді қолданбай салуы керек, ал екінші бала жол салғанда пішіні мен түсі жағынан біркелкі фигуралар болмайтындай етіп салуы керек, үшінші бала жанында пішіні, түсі мен көлемі жағынан біркелкі келмейтіндей етіп, жол салу керек. Мұнда бірінші бала бір ерекшелікті ұстанса, екінші бала екі ерекшелікті ұстанады, яғни бірден пішіні мен түсіне көңіл бөліп отырады, ал үшінші бала бір уақытта үш бірдей ерекшікті ұстанып отырып, жол салады.
Мектепке дейінгі балалық уақытта бір топтың балаларымен жұмыс жасау үшін көлемді логикалық блоктың бір-екі жинағы және тегіс логикалық жинақтың 5-8 жинағы қажет болады.
Блоктар жинағына алдында айтқандай 48 фигура енеді, оның ішінде 12- дөңгелек, оның 6-жуан, 6- жіңішке, қызыл, көк, сары түсті үлкен және кішкене дөңгелектер, сонымен қатар осындай 12 төртбұрыштар, 12 тікбұрыштар, 12- үшбұрыштар. (АҚШ бала бақшаларында 60 данадан тұратын логикалық блоктар қолданылады). Бұл жинақтарға алтыбұрышты фигуралар да қосылған.
Логикалық блоктарды ағаштан немесе қалыңдығы әртүрлі кезейіннен жасайды. Үлкен және кішкене фигуралардың жобамен алғандағы көлемдері мынадай:
Жуан блоктар жіңішке блоктардан жоқ дегенде екі есе жуан болуы керек.
Тегіс логикалық блоктар жинағын қатты қағаздан немесе логикалық блоктардың пішініндей етіп кезейіннен жасауға болады. Бұл жинақтардың бір бірінен айырмашылықтары барлық фигуралардың қалыңдықтарының біркелкі болуы. Фигуралардың көлемдері шамамен алғанда мынадай:
Егер көлемді логикалық фигуралар-блоктардың жинағын жасау мүмкін болмаса, онда -жаттығуларда неғұрлым үлкен тегіс логикалық фигураларды қолдануға болады. Бірақ олардың дамыту мүмкіндіктері әлдеқайда шектеулі болады. Олар бірден үш ұқсастықтармен әрекет жасауға мүмкіндік береді. Логикалық блоктармен қатар жұмыста блоктардың ерекшеліктері шартты түрде берілген карточкаларды (5х5см.) қолдануға болады
Бұл каточкаларды пайдалану баланың ерекшеліктері бойынша орналастыру, жинақтауға, олар туралы мәліметтерді жасыруға, баланың табу қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Бұл қабілеттер мен машықтар әртүрлі заттармен ойнау барысында тапсырмаларды орындауда дамып отырады. Сонымен, блоктардың түсі, пішіні, үлкендігі мен жуандықтарын білдіретін карточкаларды таңдай отырып, балалар ерекшеліктерді ауыстыру мен жасыра білуге жаттығады. Карточкада көрсетілген ерекшеліктері бар блоктарды іздестіру барысында балалар олар туралы мәліметті шешуге бейімделеді. Блоктың барлық ерекшеліктері туралы айтып беретін карточкаларды салып отырып, бөбектер оның өзіндік модельін ойлып жасайды.
Ерекшеліктер-карточкалары балаларға көрнекі-үлгіден көрнекі-жобалау ойлауына көшуге көмектеседі, ал ерекшеліктерді жоққа шығаратын карточкалар сөздік-логикалық ойлауға апаратын көпірге айналады.
Кейбір ойындар мен жаттығуларды жасау үшін көмекші материалдар,яғни ойыншық-персонаждар, жіптер мен дөңгелектер дайындлау керек.
Баланың жас шамаларына қарай жинақтың барлық бөліктерін емес, оның қандай да бір бөлігін ғана қолдануға болады: алдымен пішіні мен түсі жағынан әртүрлі блоктар, бірақ көлемі мен жуандықтары біркелкі (12 дана), содан кейін пішіні, түсі, көлемі жағынан әртүрлі, ал жуанықтары бірдей (24 дана), ал соңында фигуралардың толық жинағын (48 дана) қолданыңыз. Бұл өте маңызды. Материалдар неғұрлым әртүрлі болса, бір ұқасатықты екіншісінен ажырату соғұрлым қиынға түседі, яғни мұның нәтижесінде салыстыру да, топтау да, жинақтау да оңай болмайды.
Логикалық блоктарды қодана отырып балалар әртүрлі әрекеттер жасайды; салады, ауыстырады, алып тастайды, жасырады, іздейді, «араздасып қалған» ойыншықтарды өзара бөлістіреді және тағы да көптеген осындай әрекеттер жасайды, ал осыны жасай отырып, олар осы әрекеттерге қатысты өз пікірлерін айтып отырады. Логикалық блоктар дегеніміз геометриялық пішіндердің жинағы болғандықтан (дөңгелек, тіктөртбұрыш, біржақты үшбұрыш, шаршы), олар баланың ерта жасынан бастап көптеген басқа да дамытушылық тапсырмаларды орындау кезеінде заттың пішіндері және геометриялық фигуралармен танысуында кеңінен қолданылады.
Әдістемеде біртіндеп күрделене түсетін логикалық блокты жаттығулар мен ойындардың 4 тобы берілген:
-
Ерекшеліктерді анықтау және абстракицялау қабілетін дамуытуға арналған
-
Заттарды ерекшеліктері бойынша салыстыра білуді дамытуға арналған
-
Топтау және жалпылау әрекеттерін дамытуға арналған
-
Логикалық әрекеттер мен операцияларға деген қабілетін дамытуға арналған
Кейбір ойындар мен жаттығулар назар аудару мен есте сақтауды дамытуға бағытталған. Жоғарыда аталғандарға қарағанда олардың балалармен жұмыс жасауда қатаң анықталған жүйесі жоқ. Бұл ойындардың балаға есте сақтауы мен назарға алу қабілеттерін дамыту мақсатында кез-келген уақытта ұсынуға болады. Кейбір ойындарды санамағанда қалған барлық ойындар мен жаттығулар үш нұсқада берілген (I, II, III ). Бірінші нұсқадағы ойындар мен жаттығулар балалардың бір ғана ерекшелікпен топтастыруға машықтандырады (бір ерекшелікті екіншісінен ажырата білу, осының негізінде заттарды топтау, жалпылау). Екінші нұсқадағы ойындар мен жаттығулардың көмегімен екі ерекшелікті тең салып отырып, әрекет етуге машықтанады (екі ерекшелікті анықтау, заттарды бірден екі ерекшеліктері бойынша салыстыру, топтау және жалпылау). Үшінші нұсқадағы ойындар мен жатығулар бірден үш ерекшелікпен қатар әрекет жасауға машықтайды.
Балалардың үйымдастырған іс-әрекетері
Төртінші топтан басқа барлық ойындар мен жаттығулар (логикалық) нақты бір жас шамасына белгіленбеген. Бір жастағы балалардың психологиялық деңгейлері әр түрлі болады ғой, олардың кейбірі ойын мен жаттығудағы кезеңдерді әлсін-әлсін меңгерсе, ал кебйір балалар бірден шапшаң әрекет етуі мүмкін, бірақ барлық бала берілген дейгейлердің барлығынан ерте ме, кеш пе, өтуі тиіс. Сондықтан балалармен жұмысты бастамас бұрын әр бала интеллектуалды дамудың қай сатысында тұрғанын анықтап алған жөн. Бұны анықтай қиын емес.
Дьеныштың блоктарымен танысу.
Алдымен баланы блоктармен таныстыру керек. Баланың алдына блоктарды жайып салып, олармен қалағанынша ойнауға, ұстап көруге, араластыруға мүмкіндік беріңіз. Кейіннен мына тапсырманы ұсынуға болады:
Бір фигураны көрсетіп, осындай түсті фигураны тауып алуды тапсырыңыз (мысалы, сары). Сосын балаға үшбұрышты барлық блоктарды көрсетуін сұраңыз (немесе барлық үлкен фигуралар).
Аюға барлық көк фигураларды, қоянға - сары, тышқанға - қызыл фигураларды беріңіз, сосын фигураларды (көлемі, пішіні мен жуандығы).
Блоктар арқылы ойындар мен жаттығулар өткізу.
Баланың алдына бірнеше фигуралар қойылады, бала олардың есіне сақтап қалуы керек, кейін фигуралардың біреуі жоғалып кетеді немесе басқа түрімен ауыстырылады немесе екі фигураның тұрған орындары бір бірімен ауыстырылады. Бала осы өзгерістерді байқауы керек.
Барлық фигураларды қапшыққа саламыз. Балаға қапшықтың ішіне қолын салып, сипалай отырып, барлық дөңгелек фигураларды (барлық үлкен немесе жуан) алуды ұсыныңыз.
Барлық фигуралардың тағы да бір қапшыққа салыңыз, бала қапшықтан бір фигураны алып шығып, оның бір немесе бірнеше белгілерін айта отырып, суреттеп беруі керек. Немесе қапшықтан алмай тұрып, пішініні, көлемі мен жуандығын айтып беруі керек.
Үш фигураны алыңыз, бала оның қайсысын қандай себеппен артық екенін айту керек (түсі, пішіні, көлемі мен жуандығы жағынан).
Бір фигураны алып түсі (көлемі, пішіні, жуандығы) осыдан басқа болатын барлық фигураны табуды ұсыныңыз. Осындай тапсырмаларды ерекшеліктерін кезектестіре отырып, жалғастырыңыз: қызыл, сары, қызыл, сары (пішіні мен көлемі, жуандығы бойынша кезектестіруге болады).
Фигуралардың біріншісі екіншісінен бір ғана ерекшелігімен дараланатындай етіп, бір тізбекке салыңыз: түсі, пішіні, жуандығы.
Жанында түсі мен пішіні жағынан бірдей болмайтындай етіп, фигураларды саламыз (түсі мен көлемі; көлемі мен пішіні, жуандығы мен пішіні және т.б.).
Әрбір блоктың жұбын табу керек, мысалы, көлемі бойынша: үлкен сары дөңгелек кішкентай сары дөңгелекпен жұптас болады және т.б.
Баланың алдына 8 блоктарды қоямыз және ол көрмей тұрғанда фигуралардың бірінің астына «қазынаны» тығып қоямыз (тиын, тас, қиылған сурет және т.б.). балаға болжамды сұрақтар қоясыз, ал бала «ия» не «жоқ» деп қана жауап беруі керек. «Қазына көк блоктың астында ма?»- «жоқ», «қызылдың астында ма?» - «жоқ» (бала қазынаның сары блоктың астында екенін түсіне қояды да, осыдан кейін оның көлемі, пішіні мен жуандығы туралы сұрастыра бастайды). Осыдан кейін қазынан бала жасырады, ал ересек адам іздеуі керек. Екі қорапты аласыз, біреуіне 3 блок, екіншісіне төрт блок салу керек.баладан қайсында локтар көп және оларды қалай теңестіруге болатынын сұраңыз.
Бір қатарға кез келген 5-6 фигураларды қатарлаймыз. Астыңғы қатардағы фигуралар үстіңгі қатардағыларға қарағанда пішіндері басқа болатын болсын (түсі, көлемі). Домино ойынында фигураларды қатысушыларға өзара тең бөлінеді. Әр ойыншы кезекпен өз жүрісін жасайды. Фигура болмаған жағдайда жүріс өткізіледі. Кім барлық фигураларын бірінші болып салып бітірсе, сол жеңімпаз болады. Жүрісті әртүрлі жасауға болады: басқа түсті фигурамен ( түсі, пішіні).
Балаға фигураларды сызылған сурет-схема бойынша салу ұсынылады, мысалы, үлкен қызыл шеңбер салынған, оның артынша кішкентай үшбұрыш салынған және т.б. блоктардан заттардың жобасын құрастыруға болады: машина, паравоз, үй, мұнара және т.б.
Осылайшы әр баланы анықтап алғаннан кейін балалардың әрқайсысы туралы айқын көрініс аласыз. Бұл сізге әр баланың деңгейін ескере отырып, әрқайсысының дамуына ықпал ететін сабақтар ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Егер бала белгілі деңгейдегі тапсырманы оңай әрі қатесіз орындайтын болса, оған келесі топтың күрделі тапсырмасын беру қажет екендігін түсінеміз, бірақ бала өз деңгейіндегі тапсырмаларды еш қиындықсыз орындаған жағдайда ғана оны келесі топқа көшіруге болады. Егер баланы бір деңгейді ұстап қалсаңыз немесе оған уақытынан бұрын күрделі тапсырма берсеңіз баланың ойын мен жаттығуға деген қызығушылығы жоғалады. Бала өзіне берілген тапсыра қиын болғанымен оның күшінен келетін болғанда ғана ойлау тапсырмаларына ынтық болады.
Ойлау қабілетін дамытуда оның басқа да қабілеттер сияқты көптеген жаттығулар барысында дамитындығын ескерген дұрыс. Осымен қатар мұндай жаттығулардың саны әр бала үшін әртүрлі болуы керек. Баланың ойлау тапрсырмаларына деген қызығушылығы жоғалмауы үшін әрбір ойын мен жаттығуларға бірнеше ойындық және тәжірибелік тапсырмалар енгізіледі, мысалы, Ниф-Ниф, Наф-Наф және Нуф-Нуфтың үйлерінің арасына жол салу, жаңа жылдық тізбекшелер жасау, көлдің үстіне көпір орнату сияқты т.б.
Осы мақсатпен әрбір ойын мен жаттуғыда ойлау тапсырмасының бір күрделі деңгейі бойынша бірнеше нұсқалары берілген. Мысалы, жол салғанда блоктардың түстері бірдей, ал пішіндері әртүрлі болуы керек немесе жанындағы блоктардың пішіндері біркелкі, ал көлемдері әртүрлі немесе жанында түстері бірдей, ал жуандықтары әртүрлі фигуралар болсын деген сияқты болуы керек.
Логикалықпен блокпен бірге ойындар мен жаттығуларға интелектауалды саяхатқа бала екі бағытта шыға алады:
3-4 жастағы балаларға бағытындағы жол әрі тиімді, әрі ыңғайлы болады. Олар аз әрекет жасай алатын болғандықтан олардың жолдары ұзақ болуы мүмкін. Олар алдымен бір, содан кейін екі ерекшелікпен жұмыс жасауды меңгереді. Содан кейін осы бойынша заттарды топтастырып, салыстуға, жалпылауға үйренеді. Нысанның бір, екі белгісімен жасыруға және табуға үйренеді, қарапайым алгоритмге жаттығады. Ересек мектепке дейінгі жас шамасында балалар логикалық әрекеттерді жақсы меңгерген, тапсырма шешуінің дұрыс не бұрыстығын талқылап, дәлелдей алады, бірден үш ерекшелікпен қатар жұмыс жасай алатын болады.
Егер балалар мұндай саяхатқа алғаш рет 5-6 жаста шығып тұрған болса, онда оларға бағыты оңтайлы болады. Олардың білетіні де көп, қолдарынан келетіні де көп. Ойындар мен жаттығулардың бірінші және екінші нұсқасының бөлігі олар үшін қиын болмайды, олар одан да қиын тапсырмаларды шешуге құлшынып тұрады.
Бірақ мұнда да әр баланың ерекшелігін ескерген жөн. Төрт жастағы балалардың біреуіне Б бағытымен жүрген дұрыс болуы мүмкін, ал ересек жастағы мектепке дейінгі балалардың кейбірі А бағытымен оңай өтуі ықтимал. Мұндай жағдайда бала берілген деңгейден мүдірмей өткен жағдайда ғана келесі неғұрлым күрделі ойынға не жаттығуға ауысқаны дұрыс.
Егер ересек адам ойын не жаттығудың өзгелер сияқты тепе-тең қатысушысы екендігін, балалар сияқты қателесе алатындығын естен шығармаса, екіншіден, баланың қателігін көрсетпей, оны түзетуге өздеріне мүмкіндік беретін болған жағдайда мұндай саяхат қызықты да тартымды өтері даусыз.
Ойындар мен жаттуғыларға кіріспес бұрын, баларға өз бетінше логикалық блоктармен танысуға мүмкіндік беріңіз. Олар блоктарды өз қалауларынша әрекеттерінің әр тұстарында пайдала берсін. Блоктармен әрқилы әрекет жасау барысында балалар пішіннің, түстің, жуандықтың, көлемнің әр түрлі болатындығын түйеді. Балалардың санасына «блок» дегенді құйып қоюдың қажеті жоқ. Блок деген баланың қабылдауынша ең алдымен геометриялық фигуралар. Сондықтан балалрмен тілдесуде «блок» сөзімен қатар «пішін» сөзін көбірек қолдану қажет. Баларды логикалық блоктардың ерекшеліктерімен тиімді таныстыру мақсатында оларғы мына тапсырманы ұсынуға болады:
Түсі, көлемі (жуандығы, пішіні) жағынан осындай фигураны тап.
Түсі, көлемі (жуандығы, пішіні) жағынан мұндай емес фигураны тап.
Көк түсті фигураны тап (үшбұрышты, қызыл, төрт шаршы, үлкен, сары, жіңішке жуан, кішкентай, дөңгелек, тіктөртбұрышты).
Мынаның қандай түсті фигура екендігін айтып бер (көлемі, пішіні, жуандығы жағынан).
Блоктармен осылайшы танысқаннан кейін ойындар мен жаттығуларға көшуге болады.
Логикалық блокты ойындар мен жаттығуларды сіз балаларға балабақшада да, мектепте де сабақта ұсына аласыз. Егер сіз мұны басқа да дамыту ойындары мен ойынды тапсырмалармен, сюжеттермен, рольдермен толықтырсаңыз, балаларға интеллектуальды қиындықтарды жеңуге көмектесесіз.
ЛОГИКАЛЫҚ БЛОКТЫ ОЙЫНДАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Ерекшеліктерді анықтау және абстрактылау
Бұл топтағы ойындар мен жаттығулар балалардың заттың бірден бастап төртеуге дейін ерекшеліктерін (түсі, пішіні, көлемі, жуандығы) ажырату, бірінен екіншісін абстрактылау, аттарын атау қабілеттерін дамытады. Осының көмегімен балалар алғаш рет ерекшеліктерді белгілері мен символдарына қарай орналастырудың не екендігін ұғынады, әрекеттерді жасағанда ережені қатаң ұстануға үйренеді, ережені бұзып, дұрыс жауабын таба алмайсың деген түсінікті жете ұғына бастайды.
«ҚАЗЫНАНЫ ТАП»
Мақсаты. Заттарды жалпылау, олардың түсін, пішінін, көлемін, жуандығын атай білу қабілеттерін дамыту.
Материал. 8 төртбұрышты логикалық блоктар, қағаздар жасалған дөңгелектер (қазына), түс, пішін, көлем, жуандық белгілері салынған карточкалар (1 және 2 нұсқалар үшін).
Мазмұны
I
Балалардың алдында 8 төртбұрышты блоктар жатыр: 4 - көк (үлкен жіңішке, кішкентай жіңішке, үлкен жуан, кішкентай жуан) және 4- қызыл (үлкен жіңішке, үлкен жуан, кішкентай жіңішке, кішкентай жуан). Балалар - қазынаны іздеушілер, қағаздан жасалған дөңгелектер - қазына.
Қазына іздеушілер теріс қарап тұрады, жүргізуші блоктардың бірінің астына қазынаны жасырады. Қазынаны іздеушілер блоктардың әртүрлі ерекшеліктерін айтып отырып, оны іздейді. Кім қазынаны тапса, қазына соныкі болады, ал блоктардың бірінің асытна жаңа қазына жасырады.
Жүргізуші (тәрбиеші, ата-ана, бала) алдымен қазына іздеушінің ролін өзі атқарады, яғни қазынаны қалай іздеу керектігін көрсетеді. Блоктардың әртүрлі ерекшеліктерін айтады. Егер жүргізугі қазына жасырылған блоктың ерекшеліктерін дұрыс айтса, балалар «ия» деп айтуы керек, ал қате айтса «жоқ» деулері керек. Мысалы, жүргізуші:
-
Қазына көк блоктың астында, - дейді
-
Жоқ, - деп жауап береді балалар.
-
Сарының астында ма?
-
Жоқ
-
Үлкеннің астында ма?
-
Жоқ
-
Жуанның астында ма?
-
Ия
Қазына іздеушілер тексеріп көреді, егер олар қазынаны тапқан болса, өздеріне алады да, ал таба алмаса, одан әрі іздейді.кім көп қазына тапса, сол жеңімпаз болады.
Ойынды қайталайтын болсақ, блоктарды пішіндері мен түстеріне қарай ауыстыруға болады (сары және қызыл тіктөртбұрыштар, сары және жасыл шаршы, көк және қызыл дөңгелектер және т.б.).
Ерекшеіктері бар карточкалар жүргізушіде болады. Блоктардың саны 16- ға дейін көбейеді. Олардың санына бір түсті барлық блоктар енеді, бірақ олардың пішіндері, көлемі мен жуандықтары әртүрлі болады. Ойыншылар қазына жарылыған фигураның кез-келген екі ерекшелігін атап айтулары керек. Қазынаны іздеу барысында олар бірден екі ерекшеліктерді атап айтады. Айтылған әрбір ерекшелікке жүргізуші тиісті белгісі қойылған карочканы қояды. Мысалы:
-
Үлкен дөңгелек фигураның астында?
-
Жоқ
-
Тіктөртбұрышты кішкентайдың астында?
-
Тіктөртбұрыштының астында («тіктөртбұрыш» карточкасын салады) бірақ кішкентай емес.
-
Үлкен төртбұрыштың астында ма?
-
Ия, (алдында қойылған карточкаға «үлкен» карточкасын қосады).
Блоктың екі бірдей ерекшелігін дұрыс көрсеткен ойыншы ғана блокты көтеріп, оның астында қазынаның бар, жоқ екендігін тексере алады.
Ойынды қайталаған жағдайда басқа түсті блоктарды алған дұрыс.
III
Блоктардың саны-24: барлығының көлемдері біркелкі, бірақ пішіндері, түстері мен жуандықтары әртүрлі немесе қалыңдықтары жағынан барлығы бірдей, бірақ пішіндері, түстері мен көлемдері жағынан әртүрлі.
Қазына іздеушілер қазынаны іздегенде олар бірден үш ерекшелікті атаулары тиіс. Жүргізуші әрбір дұрыс табылған ерекшелікті карточкалармен нақтылайды. Мысалы:
-
Қызыл, үлкен дөңгелектің астында ма?
-
Қызыл («қызыл түсті» карточканы салады) бірақ үлкен және дөңгелек емес.
-
Қызылы, кішкентай үшбұрыштың астында ма?
-
Қызыл, кішкентай (карточкаларын салады) бірақ үшбұрыш емес.
-
Қызыл кішкентай төртбұрыштың астында ма?
-
Ия («тіктөртбұрыш» тағы бір карточкасын қояды)
Барлық үш ерекшеліктерді дұрыс атаған ойыншы көрсетілген блокты көтереді де, қазынаны өзіне алады.
2. «ОЙЛАН ТАП»
Мақсаты. Заттардың ерекшеліктері атау (түсі, пішіні, көлемі, жуандығы), жалпылау оларды анаықтау қабілеттерін дамыту, заттың қандай дабір нақты ерекшелігінің жоқ екендігін сөзбен айтып жеткізу (қызыл емес, үшбұрышты емес және т.б.).
Материал. Логиткалық блоктар, Буратино ойыншығы, ерекшелік-карточкалары (2 және 3 нұсқалар үшін).
Мазмұны.
I
Жүргізуші қандай да бір ойын персонажының атынан мысалы, Буратиноның атынан балаларға былай дейді: «мен өз достарымды қуантқанды жақсы көремін, ал бәрінен бұрын оларға сыйлықтар сыйлағанды ұнатамын, мен өзіммен бірге бір қорап толы сыйлықтар әкелдім (қорапты көрсетеді). Мұнда шоколадтар, машиналар, қуыршақтар, бәрі-бірі бар. Мен Мальвинаға да арнап сыйлық таңдадым. Сендер де өз достарыңа сыйлықтар таңдай аласыңдар. Бірақ ол үшін сендар алдымен менің Мальвинаға қандай түсті сыйлық арнағанымды табуларың керек. Мен қазір ол сыйлықты қораптан алып, жасырамын».
Буратино блоктардың біріне жасырады, балалар оның түсінің қандай екенін табуға кіріседі. Кім тап, сол бала досына сыйлық таңдай алады. Ол блокка сыйлықты жасырып, оның қандай ерекшелігін табу керектігін айтады.
Ойында әр кезде блоктың бір ғана ерекшелігі табылады.
II
Буратино блокты жасырып, оның екі ерекшелігін табу бойынша тапсырма береді (мысалы, тасбақа Тортиллаға таңдаған орамалдың түсі мен пішіні қандай екенін сұрайды). Шешу кезінде балалар сыйлықтың екі ерекшелігін айтулары керек. Егер олар тек бір ғана ерекшелігін айтса, Буратино ережені естеріне түсіріп отырады. Балалар екі ерекшеліктің бірі шешкен жағдайда Буратино оның дұрыс екенін айтады да, тиісті картоканы қояды («тіктөртбұрышты» бірақ көк емес, «сары» бірақ «үшбұрышты емес»). Кім дұрыс шешсе, сол Буратиноны алмастырады, соның орнына сыйлық таңдап, оның қандай екі ерекшелігін табу керек екендігін айтады (түсі мен пішіні, пішіні мен көлемі, көлемі мен жуандығы және т.б.).
Егер балалардың ойын тапсырмаларына деген қызушылықтары болмаса (досына сыйлық таңдау),оларға жаңа үлгідегі ойын ұсыныңыз, мысалы, логикалық блоктардан қала салу. Бұл жағдайда бас құрылысшы қаланың жобасын бастайды. Ол осы қалада алғашқы үй болатын блокты таңдайды және балаларға оның түрі мен пішінін немесе басқа да екі ерекшелігін табуды тапсырады. Кім тапса, сол құрылысты одан әрі жалғастырады.
III
Ойынның бұл нұсқасында блоктың бірден үш ереклегігін табу керек. Мысалы, жүргізуші (Буратино, Бас құрылысшы ) блокты жасырып, блоктың түсін, пішінін, көлемін, немесе оның пішінін, көлемін, жуандығын, немесе түсін, пішінін, жуандығын табуды тапсырады. Ойыншылар тапсырманы шешу кезінде міндетті түрде үш ерекшеліктерін айтуы керек. Олар жасырылған ерекшеліктердің бірін, не екеуін тапса, жүргізуші дұрыс екендігін айтады (тиісті карточкаларын салады), ал қате болса жүргізуші қате екенін айтады (қызыл бірақ дөңгелек, үлкен емес, қызыл кішкентай бірақ төртбұрышты емес).
Бұдан әрі тапсырманы күрделендіруге болады: ойында блоктың барлық төрт ерекшелігін табу керек. Бұл ойынды ересек мектеп жасына дейінгі балалармен белгілі «Не? Қайда? Қашан?» телеойыны түрінде өткізуге болады.бұл үшін қосымша ойын алаңы қажет болады, оны ойыншылардың саны бойынша сектроларға бөлу керек (ол еденге сызылған шеңбер немесе қағаздан ойып жасалған кез-келген ыңғайлы жерге орналастырылған болуы мүмкін), бағыт белгісі бар ұршық (ойын алаңының ортасында болады), секторлар қанша болса, сонша қораптар (әрқайсысына ең үлкен блок сйюы керек).
Ойын басталмастан бұрын жүргізуші орйын алаңының әр секторына ішіне блоктар салынған қораптарды қояды. Ойыншылар ойын алаңының айналасына орналасады. Жүргізуші ұршықты айналдырады, тоқтаған кезде ұршықтағы бағыт белгісі қай қораптағы блокты табу керектігін көрсетеді, ойыншы оны шешуге кіріседі. Жүргізуші ойын алаңынан қорапты алып, оның ішінде қандай блок екендігін қарайды (ойыншыларға көрсетпейді) және оның екі не одан да көп ерекшеліктерін табуды ұснады. Блоктың ерекшеліктерін кім тапса, сол жүргізуші болып, бос қорапты толтырады (ойыншылар оған не салғанын көрмеулері керек) және ұршықты қайтадан айналдыра бастайды.
3. «ҚҰМЫРСҚАЛАРҒА КӨМЕКТЕС»
Мақсаты. Ерекшеліктердің образдары мен оларды айтып жеткізетін сөздар арасындағы тұрақты байланысты дамыту, ерекшеліктерді анықтау және абстрактылауға үйрету.
Материал. Логикалық блоктар жинағы, балалр санына сәйкес аузы үстінен ашылатын қораптар (үйлер).
Мазмұны.
I
Балалардың алдарына блоктар (құмырсқалар) қойылған. Ерексек адам оларға мынадай әңгіме айта бастады: Құмырсқа ананың көңілді де зейінді көп балалары болыпты, олар үйлерінен қаша береді екен, сосын үйлерінен келетін жолда әрең деген тауып, келетін көрінеді, ал олардың кебйірі тіпті ү\қалың орманда адасып, келе алмай қалады екен. Сондықтан құмырса-ана балаларын жылдам үйге келуге үйретпекші болады. Бірақ бұл оның жалғыз өзінің қолынан келмейді, балалар көп қой, сондықтан құмырсқа- ана балалардан көмек сұрап отыр.
Әрбір бала үйшік алады. Жүргізуші қандай құмырсқалар үйлерге тығылулары керек екенін айтады (мысалы, қызыл), ал балалар үйшіктерін тиісті блоктарды жасырады. Соңында үйшіктерді ашып, оған басқа түсті блок (құмырсқа) салынбағанын тексереді. Тексеріп, қателерін түзетіп болған оң, блоктарды орнына қайтарады.
Жүргізуші барлық үлкен құмырсқалардың (барлық дөңгелек немесе барлық төртбұрышты еместерге, көк емес, жуан еместерге және т.б.) тығылуына бұйрық береді.
Алдымен жүргізушінің рольін (құмырсқа-ананың) бір ерексе адам ойнады, содан кейін балалар кезекпен ойнайды.
Жаттығулар қайталанып келетін жағдайда ойын тапсырмалар өзгеріп отырады (тышқандарға мысықтан жасырынуға көмектесуге, жарлық жеуге жарамды саңырауқұлақтарды теруг және т.б.).
II
Жүргізуші үйшікке түсуге тиісті блоктардың (құмырсқалардың) бірден екі ерекшеліктерін атайды (үлкен дөңгелек немесе кішкентай қызыл, төртбұрышты қызыл емес, үлкен үшбұрышты емес). Ересек адам баланың ерекшеліктердің құрамдарын жаңадан ойлап айтып отырғаны үшін оған ілтипат білдіріп отырады.
III
Жүргізуші үйшікке түсуге тиісті блоктардың (құмырсқалардың) бірден үш ерекшеліктерін атайды (үлкен дөңгелек қызыл немесе кішкентай төртбұрышты сары, қызыл үлкен үшбұрышты емес, жуан үлкен емес көк емес, сары емес жіңішке емес дөңгелек емес).
Әр кезде баларға қызықты ойын тапсырмалары беріліп отырады, ересек адам баланың ерекшеліктердің құрамдарын жаңадан ойлап табуға деген ұмтылысын әрқашан мақтап отырады.
4. «КӨЛІК ТАС ЖОЛЫ (ЖОЛ САЛ)
Мақсаты. Заттардың ерекшеліктерін анықтау қабілетін дамыту, тәжірибелік тапсырмаларды шешуде белгілі ережелерге бағынуға үйрету, осы ерекшеліктерді басқаларынан даралауға баулу, қарапайым әрекеттердің алгоритмдерін өз бетінше құрастыруға үйрету.
Материал. Жол құрылысының ережесі берілген кесте логикалық блоктар.
Мазмұны
I
Балалардың алдына 1 кестесі қойылады ,ал еденге блоктар қойылады. Ойынның тапсырмасы: қалада (пішіңдер) автокөліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдар салу.
Жолдардың салудың ережесі кестеде берілген.
Ондағы бағыттардың көмегімен блок қай түстің соңынан жүру керектігі көрсетілген. Балалар ережені саралап байқайды: қызыл блоктың соңында сары, сарының соңында көк, оның соңында қайтадан қызыл. Олар жолды қай блоктан бастайтындарын шешеді және жолды сала бастайды. Блоктарды кезекпен салады. Әр бала боктарға жақындап, керекгін алып, жолға салады, кім қателікті байқаған болса, сол «тоқта» деп айтады да, қатені түзетеді. Ойын қайталанған жағдайда, жолды балалар кестеді көрсетілген басқа ережемен салады. Сонымен қатар балалар жолды блоктар мен тегіс фигуралардан да сала алады.
Жаттығуды әртүрлі ұйымдастыруға болады: барлық балалар бір жол салады; қатысушылар жұпқа бөлінеді және әрбір жұп өз жолын салады, әр бала өз жолын салады.
Жұппен болатын ойынға мынадай ереже енгізуге болады: кімде кім қате жіберетін болса, сол өзіне айып ртеінде фигураны қалтырады. Кімде айып фигурасы аз болса, сол жеңімпаз болады.
Балалар алдымен дайын ереже бойынша жол салады, кейіннен ережені өздері ойдан құрай алады. Ересектер ойын ережесін үнемі ауыстырып отырады (өзен арқылы өтетін көпір салу, моншақтарды жинау, қалың орманның арасынан соқпақ жол салу және т.б.).
II
Жолды салуға блоктардың екі ерекшеліктеріне бағытталатын ереже қолданылады
Балалардың қызығушылықтарын қолдау үшін ересектер әртүрлі ойын және тәжірибелік тапсырмалар ұснады: Кай мен Гердаға қашуға көмектесу үшін Қар патшайымының сарайынан жол салу; қораптарға кәмпиттерді салу; Хауыз көшесіндегі Аңғалақтың шкафын жинастыру.
Ойын шарттарын алдымен ересектер ұсынады, ал соңынан мұндай шарттарды балалардың өздері ойлап табады.
III
Балалар үш ерекшелік - түсі, көлемі мен пішініе қарай жол (тізбек) салады ( Ересектер балалардың белсенділіктері мен шығармашылықтарын марапаттай отырып, балаларды өз беттерінше жаңа ережелер, ойын тапсырмаларын ойлап табуға икемдейді.
5 «СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ФИГУРАЛАР»
Мақсаты. Абстрактылау, сараптауға деген қабілетін дамыту;әрекеттерді орындау барасында ережені қатаң сақтауға баулу. Қарапайым фигуралардың сирек кездесетін, күрделі фигураға айналуларына көмектесу (қарапайым фигурадан күрделі жасау). Мұндай қайта жасаудың ережелері кестеге берілген. Әрбір фигураға арналған салу ережесі бар. Ересек адам сирек кездесетін фгураны құрудың ережесі берілген кестені көрсетеді
I
Ол балаларға фигураның қандай ерекшелігіне қарау керектігін (пішініне), сирек кездесетін фигураны құруды қандай фигурадан бастау керектігіне көмектеседі (барлық бағыттар шығатын - үшбұрышты фигурадан). Тікбұрыштан екі бағыт шығады: біреуі төртбұрышқа, екіншісі ұшбұрышқа. Бұл оған кез келген тұсынан төртбұрыш пен үшбұрышты орналдастыру болатындығының белгісі. Төртбұрыштан шыққан бағыт дөңгелекке келеді-оған дөңгелекті құру керек. Тірбұрыштан шыққан бағыт та дөңгелекке бағытталған-оған да дөңгелекті құру керек. Ал дөңгелектен бір де бір бағыт көрсетілмеген, сондықтан оған ештеңені құрудың керегі жоқ. Осыдан кейін әр бала блоктарды біріне бірін қоя отырып, күрделі фигура сала бастайды. Ересектер балаларды бір-бірінікіне ұқсамайтын өзінше күрделі фигуралар салуға жетелейді. Осының нәтижесінде балаларда бір-бірінікіне ұқсамайтын әртүрлі күрделі фигуралар пайда болады:
Жұмыстарының соңында балалар фигураларын салыстырып, дәлсіздіктерді анықтайды, олардың қандай затқа ұқсайтындығын анықтайды.
Ойын қайталағанда басқа ережелер қолданылады
Балалар алдымен дайын ережені қолданады, соңынан олар ережені өздері ойлап таба бастайды, бұл ретте ересектер балалардың ынталары мен шығармашылықтарын өз тараптарынан марапаттау отырады.
6.«ДОМИНО»
Мақсаты. Берілген ерекшеліктер бойынша заттарды салыстыра білуге үйрету, түсін, пішінін, көлемін анықтау және абстрактылау қабілеттерін дамыту.
Материал. Логикалық фигуралар мен блоктар.
Мазмұны
I
Ойынға төрт адам қатысады. Фигуралар ойыншылар арасына тең бөлінеді. Ойыншылар ойынның ережесі туралы келіседі: қойылған фигураларға басқа түсті фигураларды ғана қоюға келіседі.ойыншылардың бірі (оны санамақ бойынша анықтауға болады) бірінші қадамды бастайды, ол кез-келген фигураны столға қояды. Қалғандары өз фигураларын кезекпен ережеге сәйкес салады.
Кім қолындағы барлық фигураларын бұрын салса, сол жеңімпаз болады және сол ойыншы жүргізуші болып келесі ойынды жалғастырады. Ережелер ауысып отырады: басқа пішінді немесе басқа көлемді фигураларды салу.
II
Балалар күрделі фигураларды бірден екі ерекшеліктерге сүйене отырып жасайды, мысалы, пішіні мен түсі немесе пішіні мен көлемі не түсі мен көлемі және т.б.
Фигураны бірнеше адам бір уақытта жасай алады. Бұндайда балалар кезекпен өз фигураларын орналастырады. Кімде-кім қате жіберсе, фигураны өзіне алып қалады. Кімде айып фигурасы аз босла, сол жеңімпаз болады.
III
Балалар алдымен нақтылғанған ереже бойынша фигура құрады, соңынан өздері ойлап тапқан ереже бойынша жасайды.
Күрдегі фигураны жасаған кезде бірден үш ерекшеліктерді ескеретін ереже қолданылады кестесі.
Ересектер ойын ережесін анықтауда балалар тарапынан болған шығармашылық пен белсенділікті марапаттап отырады; ережені ауыстырады (ағашты жару, елтаңбаны шешу және т.б.).
6. «КІМНІҢ ГАРАЖЫ ҚАЙДА (ҮЙ САЛ)»
Мақсаты. Абстрактылау, сараптау, құрастыру қабілеттерін дамыту.
Материал. Логикалық блоктар, карточка-үйшіктер карточкадағы төркөздердің көлеміндей тіктөртбұрыштар (40 дана).
Мазмұны
I
Ойынға 5 адам қатысады: жүргіщуші және құрылысшылар. Жүргізушінің қолында фигуралар салынған қапшық болады. Әрбір құрылысшының қолында карточка-үйшіктер және тіктөртбұрыштар-кірпіштер болады. Құрылысшылардың міндеті - өз үйлерін салу.
Жүргізуші қапшығынан кезекпен блоктарды немесе конверттерден фигураларды алып шығады, олдардың пішіндерін атайды. Аталған ұқсастықты кімде-кім өз карточкасынан тапса оны тіктөртбұрыш-кірпішпен жабады. Өз карточкасындағы барлық белгілерді дұрыс жапқан ойыншы жүргізуші болады (өз үйін салу).
Балаларға басқа ерекшеліктерге (түсі, көлемі) бағытталған карточкалардың нұсқасын ұсынуға болады.
II
Екі ерекшеліктің анықталуын қажет ететін карточкалар қолданылады (8 кесте).
Жүргізуші қапшықтан фигураны ала отырып, оның түсі мен пішінін атайды. Балаларды басқа да ерешкеліктерге (түсі, көлемі немесе пішіні мен көлемі) бағыттайтын карточкалардың нұсқаларын ұсынуға да болады.
III
Үш ерекшелікке бағытталған карточкалар қолданылады.Жүргізуші қапшықтан шығара отырып, әр фигураның түсін, пішінін, көлемін атайды.
САЛЫСТЫРУ
Бұл топтағы ойындар мен жаттығулар балалардың заттарды бір, екі, үш ерекшеліктері бойынша салыстыру, олардағы ортақ және әртүрлі белгілерін ажырату қабелеттерін дамытады.
Олар балаға бұл қабілеттерді әртүрлі жағдайларда меңгеруге көмектеседі: оның көз алдында салыстыруға жататын заттарда басқа да заттар жатқанда.
7 «ЖОЛДАР»
Мақсаты. Түс, пішін, көлем, жауындықты анықтап, абстрактылау, заттарды аталған ерекшеліктері бойынша салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
Материал. Логикалық блоктар, үш үйшік (үйшіктердің суреттер немесе макеттері не олардың шартты белгілері).
Мазмұны
I
Еденде бір-бірінен бір метр қашықтықта шеңбер бойында Наф-Наф, Ниф-Ниф және Нуф-Нуфтың үйлері, яғни үш үй орналасқан, осы үйлердің арасына торайларға бір-біріне қонаққа бару үшін ыңғайлы болатын жолдар салу керек, бірақ жолдарды қалай болса, солай емес, ережемен салу керек.
Бірінші жолды қалай салу керектігін ересек адам ұсынады. Мысалы, былайша, жолды салғанда оның жанында бір түсті фигуралар болмауы керек.
Балалар кезекпен блоктарды сала бастайды. Кімде кім қателікті байқаса, осы қате блокты өзіне алады. Осындай блокты көп жинаған бала құрылысты бірінші болып бастау құқығына ие болады. Ол қандай үйлердің арасына жол салынатынын таңдайды.
Әрбір жаңа жолды мүмкіндігінше жаңа ережемен салу керек. Жолдарды жанында бір түсті, не бір көлемді не бірдей жуандықты фигуралар қатар келмейтіндей етіп салу керек.
Балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін ересек адам ойын тапсырмасын ауыстырып отырады: өзеннен өтетін көпір салу, фигуралардан жаңа жылдық гирляндалар жасау, блок-вагондардан поезд құрастыру сиқты т.б. (мектеп жасына дейінгі ересектер тобында балалар жолдарды салмай, оны қағаз беттерін түрлі-түсті етіп тізбектер, көпірлер салуларына болады).
II
Жолдарды салуджың ережесі қиындай түседі. Балалар тапсырманы ороындау барысында бірден екі ерекшелікке бейімделулері қажет: жолды салғанда жанында бір түсті фигуралар болмағандай, бірақ пішіндері әртүрлі фигуралар болғандай етіп салу керек (пішіндері біркелкі, түстері әртүрлі; көлемдері бірдей, ал пішіндері әртүрлі; пішіні мен түстері әртүрлі; түстері мен көлемдері әртүрлі және т.б.). жолдарды салудың ережелерін ересектер ғана емес, балалардың өздері де ойлап құраулары керек.
III
Жол салудың ережелері одан сайын қиындай түседі: үш ерекшеліктерді ескеру қажет болады: жолды салғанда оның жанында фигуралар бір түсті бірақ пішіндері мен көлемдері әртүрлі болуы керек; пішіндері біркелкі, ал түстері мен көлемдері әртүрлі; түстері мен көлемдері бірдей, бірақ пішіндері әртүрлі; түсі, пішіні, көлемі әртүрлі және т.б.
Ересектер ереже құрудағы балалардың шығармашылықтары мен белсенділіктерін назардан тыс қалтырмайды, оларға ойынның жаңа тапсырмаларын ұсынып отырады.
Мектеп жасына дейінгі ересек топтар жолдарды не басқа да тапсырма бойынша берілгендерді салмай, дәптерлеріне суреттерін сала алады.
8. «ДОМИНО»
Мақсаты. Берілген ерекшеліктер бойынша заттарды салыстыра білуге үйрету, түсін, пішінін, көлемін анықтау және абстрактылау қабілеттерін дамыту.
Материал. Логикалық фигуралар мен блоктар.
Мазмұны
I
Ойынға төрт адам қатысады. Фигуралар ойыншылар арасына тең бөлінеді. Ойыншылар ойынның ережесі туралы келіседі: қойылған фигураларға басқа түсті фигураларды ғана қоюға келіседі.ойыншылардың бірі (оны санамақ бойынша анықтауға болады) бірінші қадамды бастайды, ол кез-келген фигураны столға қояды. Қалғандары өз фигураларын кезекпен ережеге сәйкес салады.
Кім қолындағы барлық фигураларын бұрын салса, сол жеңімпаз болады және сол ойыншы жүргізуші болып келесі ойынды жалғастырады. Ережелер ауысып отырады: басқа пішінді немесе басқа көлемді фигураларды салу.
II
Ойын ережесінде екі ерекшеліктер берілген, оларды ойыншылар міндетті түрде ескерулері қажет. Мысалы, басқа түсті және басқа пішінді фигураны салу немесе түсі мен пішіні басқа фигураны салу; көлемі мен пішіні басқа; түстері осындай бірақ пішіндері басқа; көлемдері осындай бірақ түстері басқа және т.б.
Ойын қайталанатын болса, фигураларды салу ережесі де ауысады.
III
Ойын ережесінде үш ерекшеліктер көрсетіледі: түстері бірдей, бірақ көлемдері мен пішіндері басқа фигураларды салу, немесе көлемі бірдей ал түсі мен пішіні басқа және т.б.
9 «ЖҰБЫН ТАП»
Мақсаты. Қабылдау, назар аудару, өз бетінше белгіленген ерекшеліктер бойынша заттарды сараптау және салыстыра білу қабілеттерін дамыту.
Материал. Логикалық фигуралар мен блоктар.
Мазмұны
I
Ойынға 5-7 адам қатысады. Фигуралардың бір жинағы қапқа салынған, жүргізушіде болады, екіншісі- ойыншыларда болады (фигуралар барлығына көрініп тұруы тиіс және кез-келгенін алуға болатындай орналасуы керек). Егер ойыншыларда блоктар, оның жартысы жүргізушіде, екінші жартысы оларда болса, олардағы - қоян-фигуралар, ойыншылардағы - қоян-қыздар, жүргізушідегі - қоян ұлдар болады. Ойынның шарты әрбір қоян-ұлға өзінің қоян-әпкесін тауып беруге көмектесу. Жүргізуші інілері мен әпкелері несімен ұқсас екендіктені айтады, мысалы, түстері бірдей дейді де, қоян-ұлдардың ішінен бір фигураны алып, салады. Балалар оның жұбы-әпкесін іздей бастады, яғни олар осындай түсті фигураны салулары керек. Ең бірінші болып кім дұрыс жұптар жинаса, сол жеңімпаз болады. Осыдан кейін жүргізуші қалған фигураларды кезекпен алып, салып отырады, ал балалар олардың жұптарын іздеп, табады. Кімде кім ең көп фигуралар жинаса, сол жүргізуші болады.
Жұптарды олардың ұқсастықтары және айырмашылықтарына қарап та таңдауға болады, мысалы, түстері бірдей, түстері әртүрлі; көлемдері бірдей, көлемдері әртүрлі, пішіндері бірдей, пішіндері әртүрлі. Ойын қайталанса, ондағы ойын тапсырмалары өзгеріп отырады.
II
Жұптарлы фигуралардың екі ерекшеліктері бойынша ұқсастықтары не айырмашылықтары бойынша құрайды: түсі мен пішіні бірдей; көлемі мен жуандығы бірдей, жуандықтары бірдеу, бірақ түстері әртүрлі; көлемдері бердей, бірақ пішіндері әртүрлі және т.б.
Ойынды осының алдындағыдай немесе басқаша ұйымдастыруға болады.
Балаларға жұп-жұппен бөлінуді ұсыныңыз. Әрбір жұпта логикалық фигуралар жинағы болсын. Ойыншылар фигураларды өз араларында біркелкі етіп бөліседі де, оларды кезекпен салады. Алдымен бірінші ойыншы өз фигурасын салады, екінші ойынша оның жұбын іздейді. Егер ол жұпты дұрыс құраса, онда екі фигураны да өзіне алады, ал егер қателесетін болса, оның фигурасын бірінші ойыншы алады. Бұдан әрі екінші ойыншы өз фигурасын салады, осылай ойын жалғаса береді. Кімде-кім көп фигура жинаса, сол жеңімпаз болады.
III
Жұптарды фигуралардың үш ерекшеліктері бойынша ұқсастықтары не айырмашылықтары бойынша құрайды: түсі мен пішіні бірдей, бірақ көлемі әртүрлі; көлемдері бірдей, бірақ түсі мен пішіндері әртүрлі. Ересек адам жұптарды құрауда балалардың жаңа ереже ойлап табуларын марапаттап отырады.
10 «ЕКІ ЖОЛ»
Мақсаты. Берілген ерекшеліктер бойынша заттарды салыстыра білуге үйрету, ерекшеліктерді анықтау және абстрактылау қабілеттерін дамыту.
Материал. Логикалық фигуралар.
Мазмұны
I
Ойында екі адам жұптасып ойнайды (бала мен ересек адам). Әрбір ойыншы жинақтан бес әртүрлі фигуралар алып, оларды араластырып, бір қатарға қояды. Ойыншылар кезекпен өз фигураларынан жолдар сала бастайды. Алдымен бірінші ойыншы барлық фигураларды алдына бірінші қатардан бастап ретімен салады, жол пайда болады. Екінші ойыншы ретімен өз қатарындағы жоғарғы қатардан бастап қарсыласының әрбір фигурасының жанына өзінікін салады. Егер ол өзінің салынған фигуралары мен қарсыласының фигураларының арасында қандай да бір ортақ ерекшелікті байқаса (түсі, пішіні, көлемі), оның фигурасын өзіне алып алады. Кім көп фигура жинаса, сол жеңімпаз болады.
II
Егер қарсыласының жолындағы фигуралар бірінші ойыншының фигураларына екі ерекшеліктерімен ұқсас болса, яғни түсі мен пішіні сондай болса, түсі мен көлемі сондай болса, немесе екі ерекшеліктерімен айырмасы болса, яғни пішіні мен көлемі сондай немесе түсі мен пішіні басқа болса ғана алғашқы ойыншы қарсыласының жолынан фигураны өзіне алады.
Әрбір ойыншыдағы фигуралардың саны біртіндеп 10- ға жетеді. Ойын қайталанса, ондағы ойын тапсырмалары өзгеріп отырады. Ересек адам балалардың жаңа ереже ойлап табуларын марапаттап отырады.
III
Ойыншы қарсыласының фигуралары оныкінен үш ерекшеліктермен айырмашылығы болған жағдайда фигураны өзіне ала алады (түсі, пішіні мен көлемі). Ойыншылардағы фигуралардың саны біртіндеп 12- ге жетеді.
Мұнда тегіс логикалық фигуралардан қарағанда, көлемді блоктарды қолданылған дұрыс, себебі олар қарсыластан фигурасын ұтып алу мүмкіндігін арттырады. Оны бірнеше жағдайларда ұтып алуға болады: егер ол түсі, пішіні мен көлемі жағынан айырмашылығы болса, түсі, пішіні мен жуандығы жағынан, көлемі, жуандығы немесе пішіні жағынан, көлемі және жуандығы жағынан болса. Бұл ойынға деген қызығушылықты арттырады.
11 «ҮШТІКТІ ҰСТАП АЛ»
Мақсаты. Салыстыра білу қабілетін дамыту. Материал. Логикалық фигуралар мен блоктар.
Мазмұны
I
Жүргізуші фигураларды араластырып, оны бірінің-үстіне бірін қатарлап қояды да, үстіңгі екеуін алып, столға қояды. Ойынның бірінші қатысушысы қатардағы фигуралардың үстіндегі фигураны алып, столдағы жұбына салады және осы үш фигуралардың бір-бірімен несімен ұқсас екендіктерін іздейді. Егер ол қандай да бір ортақ ерекшелікті байқап қалса, (түсі, пішіні, көлемі) онда барлық үш фигураны ұтыс ретінде өзіне алады. Ал егер ол ортақ ерекшелікті таба алмаса, соңғы алған фигураны қатардың соңына салады. Осыдан кейін келесі ойыншы қатардан жаңа фигураны алады (үстіңгісін) да, үштік фигурадағы ортақ ерекшелікті іздейді.
Ал егер үштіктің ортақ ерекшелігін басқа ойыншы тапқан болса, фигураны сол ұтыс ретінде өзіне алады.
Көп фигура жинаған ойыншы жеңімпаз болады.
ТОПТАСТЫРУ, ЖАЛПЫЛАУ
Бұл топтың ойындары мен жаттығулары балалардың заттарды бір, екі, үш және төрт ерекшеліктері бойынша топтауға және жалпылауға деген қабілеттерін дамытады. Осымен бірге балалар алдымен заттарды берілген ерекшеліктерімен топтастырып, жалпылауға үйренсе, кейін - өз беттерінше белгіленген ерекшеліктер бойынша топтауға, жалпылауға машықтанады. Олар біртіндеп заттарды жекелеген ерекшеліктері бойынша топтастырып, жалпылаудан заңдылықтар бойынша белгілеуге көшеді.
12 «ҚАЙДА КІМНІҢ ГАРАЖЫ»
Мақсаты. Топтастыру қабілетін дамыту.
Материал. Логикалық фигуралар (блоктар), жолдар мен гараждар салынған кестелер. Блоктармен жасалатын жаттығуларда кестенің көлемін үлкейтіп, оны еденге төсеп қоюға болады.
Мазмұны
Балалардың алдында кестелері қойылған. Әрбір бала блоктар (машиналар). Әр машинаны өз гаражына қою керек. Жол айрығындағы белгі машинаның қай жолға бұрылуы керектігін көрсетеді.
Жаттығу кестелерімен қайталанады. Бұл ойынды әртүрлі етіп ұйымдастыруға болады. Балаларда барлық жағдайға бір ғана кесте болуы мүмкін:ойын қатысушылары блок-машиналарды алып, кезекпен оларды өз гараждарына қояды. Немесе әр баланың өз карточкасы мен логикалық фигуралар жинағы болуы мүмкін. Балалар жұпқа бөлінеді, әрі әр жұптың өз кестесі мен фигуралар жинағы болады. Ойыншылар фигураларды бөледі және кезекпен өз машиналарына гараж іздейді. Қателескен жағдайда ойыншы фигураны өзіне қайтып алады. Кім бірінші болып барлық фигураларын орналастырса, сол жеңімпаз болады.
13 «ҮЙЛЕРГЕ АДАМДАРДЫ ОРНАЛАСТЫР»
Мақсаты. Топтастыру қабілетін дамыту.
Материал. Логикалық блоктар немесе фигуралар, үйлердің суреті салынған суреттер
Мазмұны
Балалардың алдында кестесі. Онда логикалық фигуралар қаласындағы жаңа үйлер суреттелген. Бірақ қаланың тұрғындары-фигуралар үйлерге еш қоныстана алмай отыр. Ал үйге тұрғындарды орналастырғанда, олар әр бөлмеде көлемдері жағынан бірдей тұрғындар-фигуралар болғандай етіп жасау керек.
Үйдің төменгі жағындағы белгілер қандай фигуралардың қай бөлмелерге орналасуы керектігін көрсетеді.
Балалар фигураларды алып, оларды үйлерге орналастырады. Соңында тексереді және әр тордағы (пәтер) фигуралардың бір-бірімен несімен ұқсас, олардың қандай екендіктерін айтады.
Жаттығу кестелерімен қайталанады. Алдымен балалар фигураларды көрсетілген негіздер бойынша топтастырады (белгісі бар үйлерді толтырады), сосын фигураларды айыра алатын ерекшеліктерін өз беттерінше анықтайды (белгісі жоқ үйлерді толтырады). Ересек адам топтастырудың негізін өз бетінше таңдағанды марапаттайды.
Ескерту. Блоктармен жүргізілетін жаттығулар үшін үй салынған суреттерді үлкейту қажет. Оны еденге, столға, кілем үстіне басқа да ыңғайлы жерлерге орналастыруға болады.
II
Үйлерге адамдарды орналастыру кезеңінде балалар фигураларды бірден екі ерекшеліктерімен топтастырады
Логикалық фигуралар қаласында жаңа екі қабатты үйлер пайда болады . Оларға адамдарды орналастыру бұрыннан да қиын болады. Бірақ елгезек домовой тұрғындарға көмекке келеді. Ол үйдің айналасына шешу-белгілерін салып қойды. Бұл белгілер үйдің әр қабатына, әр подьезіне қандай фигуралар орналасуы керектігін топшылайды.
Балалар қай фигуралар қайда орналасуы керектігін нақтылайды да, оларды үйлерге орналастырады. Соңында әр торкөзде қандай фигуралар түскенін айтады (фигуралардың әрбір тобы үшін екі ортақ ерекшеліктерін атайды).
Жаттығуды кестесінен бастап қайталайды. Үйге тұрғындардың әрбір торкөзде біркелкі фигуралар болғандай етіп орналастыру керек.
Бұдан арғы жаттығуларда балалардың заттарды екі ерекшеліктері бойынша топтастыруға арналған негіздерді өз беттерінше іздестірулерін марапаттайды. Осы мақсатта белгі-топшылауы жоқ екі қабатты үйлердің суреттерін ұсынады.
Екі қабатты үйлерге тұрғындарды орналастырудан балалар үш қабатты үйлермен айналысуға көшеді . Бұл жаттығуды ойын түрінде де ұйымдастыруға болады. Бұл үшін балалар жұпқа бөлінеді әр жұптың үйлері мен фигуралар жинағы болады. Ойыншылар бірлесіп отырып фигураларды орналастырудың ережесін анықтайды және оларды кезекпен үйлерге салады. Егер біреу қате жіберсе, сол қателескен фигураны айып ретінде өзіне қалтырады. Кімде айып фигурасы аз болса, сол жеңімпаз болады. Ол фигураларды үйлерге жаңаша орналастырудың ережесін анықтайды.
III
Балалар фигураларды бірден үш ерекшеліктері бойынша топтастырады (түсі, пішіні, жуандығы; түсі, пішіні, көлемі; пішіні, көлемі мен жуандығы және т.б.). балалардың алдына бірден екі үй қойылады: үлкен және кішкентай . Олардың міндеті- әрбір торкөз-пәтерлерге барлық біркелкі фигуралар болатындай етіп фигураларды екі үйге орналастыру керек. Осымен бірге, кішкентай үйде кішкентай фигуралар, ал үлкен үйде үлкен фигуралар болуы керек.
14 «ҚОНЖЫҚ ПЕН ТОРАЙ КІМНІҢ ҮЙІНДЕ ҚОНАҚТА?»
Мақсаты. Сараптау, салыстыру, жалпылау қабілеттерін дамыту.
Материал. Логикалық кесте берілген карточкалар логикалық фигуралар.
Мазмұны
I
Қонжық пен Торай логикалық фигуралар қаласына аттанды. Әрбір үйде олар бір ғана фигурада болды. Олар бірінші үйге кірді .
Қонжық пен Торай қандай фигурада қонақта?
Балалар жетпеген фигураны тауып, Қонжық пен Торайдың суреті салынған торкөзге салады. Егер балалар тапсырманы өз беттерінше шеше алмаса, ересек адам үстіңгі және ортаңғы қатарда қандай фигуралар жатқанын қарауды, осы қатарлар несімен ұқсас екенін анықтауды және қандай фигура жетіспейтінін анықтауды ұсынады.
Осыдан кейін балалар басқа кестелердегі жетіспейтін фигураларды табады. Бір жетіспейтін фигураны іздеуден екіншісін іздеуге көшеді .
II
Жаттығуда 16, а-е кестелері қолданылады.
Жетпейтін фигураны іздеу барысында балалар кестедегі фигураларды екі ерекшеліктері бойынша салыстырады, сараптайды және жалпылайды. Егер балалардың алдыңғы ойынға деген қызығушылықтары бәсеңдесе, ересек адам оларға жаңасын ұсынады. Мысалы, қарақшылар қазынаға толы қандай сандықты ұрлап әкеткенін табу ( кестедегі фигура - қазынаға толы сандық), немесе қожайын жоғалтып алған пәтердің кілтін табу және т.б.
Жаттығуда фигураларды үш ерекшеліктері бойынша сараптау, салыстыру және жалпылауды талап ететін кестелер қолданылады. .
Ересек адам бұрынғы (егер балалардың қызығушылығы жоғалмаса) және жаңа ойын тапсырмаларын ұсынады (Патшайымның алқасында қандай тас жоғалғанын табу, мысық Томнан Джерри тышқан ірімшіктің қандай бөлігін тартып алғанын табу және т.б.).
ЛОГИКАЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕР МЕН ОПЕРАЦИЯЛАР
Бұл ойындар мен жаттығулар ең бастысы мектеп жасына дейінгі ересек балаларға арналған. Олар көптеген тұстарды сәйкестігіне байланысты класстарға бөлуге, «жоқ», «және», «немесе» логикалық операцияларын іске асыруға, осы операциялардың көмегімен өз ойын дұрыс жеткізу білуге, заттардың ерекшеліктері туралы ақпараттарды жасыруға және шешуге баулиды. Осы ойындар мен жаттығулар нәтижесінде бала өз әрекеттерінің дұрыс, бұрыс екендігін негіздеп, талқылап, еркін пікірге сала алады.
15 «ФИГУРАЛАРҒА ОРМАННАН ШЫҒУҒА КӨМЕКТЕС»
Мақсаты. Логикалық ойлауды дамыту, талқылай білуге баулу.
Материал. Логикалық фигуралар немесе блоктар, кестелер.
Мазмұны
Балалардың алдында 18 кесте. Онда фигуралар адасып қалған орманның суреті салынған. Оларға осыдан шығуға көмектесу керек.
Балалар алдымен жол айрығындағы белгілердің не үшін қойылғандығын анықтайды. Сызылмаған белгілер өз жолымен өздері сияқты фигураларға ғана жүруге рұқсат береді, ал ортасынан сызылған белгілер- олар сияқты емес барлық фигураларға рұқсат береді. Осыдан кейін балалар фигураларды (блоктарды) алып қарастырады және оларды кезекпен орманнан шығара бастайды. Осымен бірге әр кезде қай жолға бұрылу керектігін талқылап, айтып отырады.
Осыдан кейінгі ойындарда кестелер қолданылады. Балалар фигураларға не блоктарға немесе тек қана блоктарға орманнан шығуға көмектеседі.
Бабалардың қызығушылықтарын арттыру үшін ересек адам оларға әртүрлі ойын тапсырмаларын ұсынады, фигуралар мен блоктарды әрүрлі жолдармен ажыратады. Мысалы, әрбір фигура-Дюймовочка (оған тышқанның інінен шығуға көмектесу керек) немесе блок-кемелер ( оларды буырқанған теңізден шығару керек) және т.б.
16. «СӨЗСІЗ ЖҰМБАҚТАР»
Мақсаты. Заттардың символикалық белгілеріне қарай отырып, олардың белгілі ерекшеліктерінің бар немесе жоқ екендіктері туралы ақпаратты шеше алу (жасыру) қабілеттерін дамыту.
Материал. Логикалық блоктар, ерекшеліктер берілген карточкалар.
Мазмұны
I
Ересек адам балаларға әдеттегіден басқа жұмбақты шешуді ұсынады: «Бұл жұмбақ - сөзсіз жұмбақ. Мен сендерге белгі салынған карточкаларды көрсетемін. Белгілер қандай фигуралар шешілгендігін топшылап айтып тұрады. Ал сендер осы фигураны табуларың керек».
Ересек адам карточканы көрсетеді, мысалы. «кішкентай». Балалар тиісті блокты іздейді, тапса, оны өзіне қалтырады. Кім қате жіберсе, ол блоксыз қалады. Осылайша әртүрлі карточка-ерекшеліктер беріліп отырады.
Балалардың қызығушылықтарын қолдау үшін ересек адам оларға әртүрлі ойын тапсырмаларын ұсынады (тиынға жеуге жарамды саңырауқұлақтар жинау, Қонжықтың сүйікті тоқашын табу, тышқандарға тентек мысықтан жасырынуға көмектесу сияқты т.б.).
Алдымен блоктарды ересек адам жасырады, осыдан кейін балалар жасырады. Блок-шешімін тапқан ойыншы жасыру құқығына ие болады. Кімде көп блок-шешімдер болса, сол жеңімпаз болады. Ересек адам балалардың белсенділіктері мен ынталарын марапаттай отырып, жаңа ойын тапсырмаларын ұсынады.
II
Жасырушы бірден сәйкес ерекшеліктері берілген екі карточканы ұсынады: көлемі мен жуандығы немесе түсі мен көлемі, не болмаса түсі мен пішіні және т.б.
III
Ойында бірден үш сәйкес ерекшеліктер жасырылады: пішіні, көлемі, жуандығы немесе түсі, пішіні, көлемі, не болмаса түсі, пішіні, жуандығы және т.б.
17 «ДЖЕРРИ ҚАЙДА ЖАСЫРЫНДЫ?»
Мақсаты. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, заттардың ерекшеліктері туралы ақпаратты белгі-символардың көмегімен жасыру және шешу.
Материал. Логикалық блоктар, ерекшеліктер берілген карточкалар, Джерри тышқан (кішкентай тегіс фигура).
Мазмұны
Балалардың алдына 10-12 блоктар қойылады. Балалар теріс қарап тұрады. Жүргізуші блоктардың бірінің астына тышқанды жасырады. Балалар қайта бұрылады. Жүргізуші тышқан Джерри жасырылған блоктың ерекшеліктері берілген карточканы көрсетеді. Балалар кезекпен іздей бастайды. Кім тышқанды тапса, сол жүргізуші болады да, ойынды осы тәртіппен бұдан әрі жалғастырады.
Ересек адам балаларды ортасынан сызылған белгі-символикалы карточкалардан блоктардың ерекшеліктерін анықтауға машықтандырады (тышқанды бұл жолмен табу қиындау). Олардың көмегімен блоктың түсін дәл табу үшін екі карточка керек: қызыл, көк, сары. Пішінін белгілеу үшін үш карточка керек: дөңгелек, төртбұрышты, үшбұрышты, тікбұрышты. Тек көлемі мен жуандығын ғана бір ғана карточкамен беруге болады - кішкентай, үлкен, қалың, жұқа.
- сары емес, көк емес /түсі қызыл/, -қызыл емес,сары емес/түсі көк/ , .-қызыл емес,көк емес-түсі сары-
-дөңгелек, - шаршы, - үшбұрыш, -тіктөртбұрыш.
- кішкентай, - үлкен, - жуан, -жіңішке.
Ойын қайталанған жағдайда блоктардың құрамдары өзгереді, олардың саны біртіндеп көбейеді.
Ересек адам әр кезде балалардың ортасынан сызылған белгілерді қолданғандарын, ерекшеліктердің жаңа жинақ белгілеріне өз беттерінше көшулерін марапаттап отырады.
II
Блоктардың саны-12-18.
Жүргізуші карточкалардың көмегімен тышқан Джерри жасырылған блоктың екі ерекшеліктерін береді. Егер жүргізуші ортасынан сызылған белгісі бар ерекшеліктерді берсе, мұны мейлінше дәлірек жеткізуі керек. Бұл үшін оған кейбір жағдайларға 3-4 не одан да көп карточкалар қажет болады.
Әрбір ерекшелікке деген карточканы ол жеке қатарға не бағанға салады. Мысалы: -көк емес,қызыл емес/ сары дөңгелек,/ - дөңгелек емес,тіктөртбұрыш емес,үшбұрыш емес,қызыл дөігелек
- дөңгелек емес,шаршы емес,тіктөртбұрыш емес , -сары емес,қызыл емес,тіктөртбүрыш емес.
Үлкен үшбұрыш
Ойын қайталанған кезде кейде немесе үнемі блоктардың құрамдары өзгертіледі, олардың саны біртіндеп көбейтіледі. Ересек адам балалардың ортасынан сызылған белгісі бар карточканы қолдануларын марапаттап отырады.
III
Блоктардың саны біртіндеп - 24- ке дейін көбейеді. Жүргізуші әр кезде карточкалардың көмегімен тышқан Джерри жасырылған блоктың үш ерекшеліктерін береді. Блоктардың ерекшеліктерін ол ортасынан сызылған және сызылмаған белгілер арқылы жеткізеді:
- қызыл үлкен дөңгелек;
- көк жуан үшбұрыш;
- сары жіңішке шаршы.
Балалардың ортасынан сызылған белгісі бар карточканы қолданулары үнемі марапатталып отырады.
18 «ФИГУРАНЫ ОЙЛАП ТАП»
Мақсаты. Логикалық ойлауды дамыту, ерекшеліктер туралы ақпаратты жасыруға және шешуге машықтандыру.
Материал. Логикалық фигуралар және балалардың әр жұптарына арналған ортасынан сызылған белгісі бар карточка -ерекшеліктердің екі жинағы.
Мазмұны.
Балалар жұп-жұпқа бөлінеді. Әрбіреуі жанындағы серіктесі көрмейтіндей етіп, өзіне бір фигураны таңдайды. Ойыншылар фигуралардың қандай ерекшеліктері жасырылатыны туралы келісіп алады (түсі, пішіні не көлемі). Осыдан кейін өз фигурасының жасырылған ерекшелігін карточка арқылы жеткізеді. Әрбір ойыншы серіктесінде қандай фигура екендігін табуы керек және оның ерекшелігін дұрыс айту керек.
Қате жауабы үшін ойыншы ерекшелігін шеше алмаған фигураны айып ретінде өзіне қалтырады. Кімде айып фигурасы аз болса, сол жеңімпаз болады.
Алдымен ойында фигураны қандай да бір ғана ерекшелігі жасырылады, осыдан кейін екеуі (мысалы, көлемі мен түсі, көлемі мен пішін немесе түсі мен пішіні).
Әрбір екі (үш) ерекшеліктерді беретін карточкаларды ойыншылар жеке катарға не бағанға салады. Мысалы:
- үлкен қызыл;
-кішкентай дөңгелек;
- үлкен шаршы;
- қызыл үшбұрыш; т.с.с.
19 «СӨЗДІ ҚЫСҚАРТ»
Мақсаты. Логикалық ойлауды дамыту, әрекеттерді орындау барысында ережені қатаң сақтануға баулу.
Материал. Логикалық блоктар (фигуралар), 22 кесте.
Мазмұны
Балалардың алдына 7-9 блоктар қойылған (шеңберлер мен төртбұрыштар). Блоктар бір қатарға салынған - бұл ережеге сәйкес қысқартатын сөздер. Ереже кестеде жазылған . Балалар ересек адамның көмегімен әр ереженің нені білдіретінін ұғынады.
1 ереже. Егер сөзде шеңбер төртбұрыштың сол жағында тұрса, онда олардың орындарын ауыстыру керек; бұл ережені қанша болса, сонша рет қолдануға болады; осыдан кейін 2 ережеге көшеміз.
2 ереже. Егер сөздің жанында екі шеңбер тұрса, онда оларды алып тастау керек; бұл ережені қанша болса, сонша рет қолдануға болады; осыдан кейін 3 ережеге көшеміз.
3 ереже. Егер сөздің жанында екі төртбұрыш тұрса, онда оларды алып тастау керек; бұл ережені қанша болса, сонша рет қолдануға болады.
Осыдан кейін балалар солдан оңға қарай бағытымен осы ережелер бойынша сөздерді төртбұрыштар мен шеңберлермен қысқартады. Сөз қырқарту үнемі 1 ережеге сәйкес басталады. Соңында ұзақ сөзден не қалғанын анықтайды.
Жаттығуға деген балалардың қызығушылықтарын қолдау үшін ересек адам оларға қызықты сюжетті жағдайлар мен ойынның жаңа тапсырмаларын ұсынады. Мысалы, мынадай жағдайды баяндайды: «Чебурашка қолтырауын Генаның туаған күні екенін біледі де, оған құттықтау жеделхатын жіберуді жөн санайды. Сөйтіп ол почтаға келіп, бланк алып, оған «Құттықтаймын» деген бір сөз жазады. Бірақ Чебурашканың осындай ұзақ сөзді жіберуге ақшасы жетпей қалады. Оған телеграфист көмекке келеді. Ол Чебурашкаға сөзді қысқартуға ұсыныс жасайды да, оған бұны қалай жасауға болатыны жазылған кестені береді».
Жаттығуды жаңа сөздермен қайталауға болады. Оларды балалар өздері құрастырады. «Сөздегі» блоктар саны біртіндеп көбейе бастайды. Ересек адам балалардың соңғы сөздің мүмкін болатын нұсқасын алдын-ала біруге деген ұмтылыстарын марапаттап отырады. Осы үшін ол балаларға қысқарғанна кейін ұзақ сөзден не қалатынын табуды үнемі ұсынып отырады. Балалардың болжамдары «сөздің» нақты қысқарғаннан кейінгі нұсқасын байқай отырып, тексеріледі. Бұдан арғы жаттығуларда кестелері қолданылады. Ересек адам балаларға сөзді қысқартудың ережесін өз беттерінше құрастыруды ұсынады.
20 «ҮЙ САЛ»
Мақсаты. Логикалық ойлау, назар аударуды дамыту.
Материал. Қапқа салынған логикалық фигуралар жинағы, 4 карточка-үйлер карточкадағы торкөздердің көлеміндей тікбұрыштар (40 дана).
Мазмұны
Ойынға 5 адам қатысады: жүргізуші және құрылысшылар. Жүргізушінің қолында фигуралар салынған қап. Әрбір құрылысшыда карточка-үйлер мен тікбұрыштар - «кірпіштер». Құрылысшылардың міндеті- үй салу.
Жүргізуші кезекпен қаптан фигураларды алады да, олардың пішіндерін айтып отырады. Кімде - кім карточкасынан тиісті белгіні тапса, оны тіктөртбұрыш «кірпішпен» жабады. Кім бірінші болып өз карточкасындағы барлық белгілерді жапса (үй салса), сол жүргізуші болады.
Балаларға басқа ерекшеліктерге бағытталған (түсі, көлемі) карточкалар нұсқасын ұсынуға болады.
II
Екі ерекшеліктің бөлінуін қажет ететін карточкалар қолданылады . Жүргізуші фигураларды қаптан шығара отырып, олардың пішіндері мен түсін атайды. Ойнай отырып, балалар басқа да ерекшеліктеріне (түсі мен көлемі және пішіні мен көлемі) бағытталатын карточкалар нұсқасын қолдануға да болады.
III
Үш ерекшелікке топшылауды қажет ететін карточкалар қолданылады Жүргізуші фигураларды қаптан шығара отырып, әрқайсысының түсін, пішінін, көлемін атайды.
21 «БЛОКТАРДЫ БІРГЕ БӨЛ»
Мақсаты. Көпшілікті бір ғана ерекшелігі бойынша екі жиынға бөлу қабілетін дамыту, «жоқ» логикалық операциясын жүзеге асыруға баулу.
Материал. Логикалық блоктар, екі ойыншық (Буратимно, Дымбілмес).
Мазмұны
Еденде, не столдың үстінде бір-бірінен метрлік қашықтықта Буратино және Дымбілмес ойыншықтары орналасқан. Олар өздеріне блоктардан үй салуға бел шешкен, бірақ олар блоктарды өзара бөлісе алмағандықтан ұрысып қалды. Ересек адам балаларға Буратино мен Дымбілместі татуластыруды және блоктарды оларғы Дымбілместе барлық қызыл түстілер болғандай етіп бөліп беруді ұсынады.
Бұл тапсырманы орындағаннан кейін балалар Дымбілместе қандай блоктар (барлық қызыл түсті), ал Буратинода қандай блоктар (барлық қызыл емес түсті) бар екендігін әңгімелейді.
Егер балалар Буратинодағы блоктарды әңгімелеу барысында бірнеше ерекшеліктерді айтатын болса (сары және көк), ересек адам оларға бір ғана сөзбен жауап беру керектігін ескертеді. Егер балалар осыдан кейін де жауапты дұрыс жеткізбесе («басқа», «мұндай емес» және т.б.) жүргізуші олардың назарын Дымбілместің блоктарына аударып («барлық қызыл»), «Буратинода бір болмасын қызы түсті блок бар ма?», - деп сұрайды да, Буратинодағы барлық блоктар Дымбілместікіне қарағанда қандай екенін сұрайды. Егер осы жағдайда да балалар жауаптың дұрыс түрін айта алмаса, оларға бағыт береді.
Жаттығу қайталаған жағдайда балалар бөлетін блоктардың ерекшеліктері өзгереді: Буратинода барлық үшбұрышты блоктар болатындай немесе Дымбілместе барлық сары блоктар немесе Дымбілмеске барлық тікбұрышты блоктар түсетіндей етіп блоктарды бөлу ұсыналады.
Блоктарды бөлудің ережесін алдымен ересек адам ұсынады, сосын- балалар. Жаттығуды шеңберді қолдана отырып ұйымдастыруға да болады. Ересек адам шеңбер мен блоктарды образдарға бөледі де, әртүрлі сюжетер ұсынады, мысалы:
Шеңбер-гүлсауыт, ал блоктар-гүлдер. Таңертең періштелер Дюймовочкаға гүл әкеледі; олардың біреуін гүлсауытқа салады, ал қалғанын жанына орналастырады.
Осыдан кейін ересек адам балаларға періштелер қандай гүлдерді гүлсауытқа салғысы келгенін шешуді және блоктарды тиісінше орналастыруды ұсынады.
Шеңбер мен блоктарды әртүрлі образдарда беруге болады (шеңбер-шалшық, блоктар-үйректер, шеңбер- үй, блоктар-тұрғындар, шеңбер-планета, блоктар- оның тұрғындары және т.б.).
22 «БЛОКТАРДЫ ЕКІГЕ БӨЛ»
Мақсаты. Көпшілікті екі ортақ ерекшеліктері бойынша бөлу қабілетін дамыту, «жоқ», «және», «немесе» логикалық операцияларын жүзеге асыруға баулу.
Материал. Логикалық блоктар, екі ойыншық (Қонжық, Торай).
Мазмұны
Балалардың алдында - Қонжық пен Торай. Олар ақылды Көжектің үйінде қонақта. Көжек оларға кәмпиттер ұсынды (кәмпиттер-блоктар), бірақ ол кәмпиттерді өзара Қонжықта тек барлық сары кәмпиттер, ал Торайда барлық тікбұрышты кәмпиттер болатындай етіп бөліскенде ғана оларды ала алатындарын айтты.
Ересек адам Қонжық пен Торайға осы тапсырманы шешуге көмектесуді ұсынады. Алдымен ол балалар тапсырманы естеріне сақтағандарын анықтайды (оны ұмытып қалмас үшін ойыншықтардың жанына аталған ерекшеліктері берілген карточкалар қоюға болады). Осыдан кейін Қонжық және Торайға сәйкес келетін кәмпиттерді қайда салуды айтады. (олардың арасында орналасқан қораптарға), ал ешкімге сәйке келмейтін кәмпиттерді ойыншықтардан алшақ тұрған шелекке салуға көмектеседі.
Балалар тапсыманы шешеді. Егер олардың шешулер дұрыс болмаса, (жалпы блоктарға арналған орын-қорап бос қалса), ересек адам балаларға өз қателерін өздері тауып, түзетуді ұсынады. Бұл үшін алдымен сары түстердің барлығы Қонжыққа түскенін тексереді, кейін тікбұрыштылардың барығы Торайға түскенін тексереуді ұсынады. Балалар қате түскен блоктарды жылдам тауып алады да, оларды тиісті орындарына сала бастайды. Бірақ бірнеше ауыстырудан кейін олар бірінші де, екінші де шешімнің дұрыс емес екендеріне көз жеткізеді, сөйтіп қортындыны өздері жасайды, яғни блок бірден тікбұрышты, әрі сары болса, онда ол Қонжыққа да Торайға да сәйкес екен, ал ендеше оның орыны - қорапта.
Балалар тапсырманы іс жүзінде шешкеннен кейін Қонжыққа қандай кәмпиттер (сары тікбұрышты емес), Торайға (тікбұрышты сары емес), қандай кәмпиттер, қандай кәмпиттер ешкімге түспегенін (сары емес, тікбұрышты емес) және қандай кәмпиттер қателесіп түскенін (сары тікбұрышты) көрсетеді.
Егер балалар жауаптарында берілген екі ерекшеліктің бірін көрсетсе, ересек адам олардың назарын басқа жерде жатқан ерекшеліктері де сондай блоктарға аударады да, олар басқаларымен шатастырмайтын етіп, жауапты дәл айтуларын өтінеді.
Логикалық «жоқ», «және», «немесе» операцияларын жүзеге асыруда балалардың қабілеттерін дамыту мақсатында оларға Қонжыққа да, Торайға да бірден түсетін блок қандай болу керек екенін айту ұсынылады (сары тікбұрышты); олардың біреуіне (сары немесе тікбұрышты); олардың ешқайсысына сәйкес келмейтіндер ( сары да емес, тікбұрышты да емес).
Егер балалар алғашқы жаттығуларда бұл сұрақтарға жауап бере алмаса олар үшін жауап берудің қажеті жоқ. Олар жауапты келесі жаттығуларда бере алатын болады.
Жатығулар қайталанады. Блоктарды бөлудің ережесін алдымен ересек адам айтады, сосын-балалар өздері айтады. Әрбір қайталанған жаттығуда ерекшеліктер ауыстырылып отырады, негізі блоктарды бөлу. Мысалы, кәмпиттерді Қонжықта тек барлық дөңгелек кәмпиттер, ал Торайда барлық сары кәмпиттер немесе Қонжықта барлық үшбұрышты кәмпиттер, ал Торайда барлық көк кәмпиттер, немесе Қонжықта барлық көк кәмпиттер, ал Торайда барлық төртбұрышты кәмпиттер болатындай етіп бөлу керек.
Жаттығуға қосымша ереже енгізуге болады: егер біреу қателікті байқап қалса, «тоқта» деп айта қояды да, оны түзетеді. Бұл балалардың ойынға деген назарын күшейтеді, балалар бір-бірін бақылауды үйренеді.
Тапсырмаларды іс жүзінде шешудің барысында ойлауды дәделдеу мақсатында, ересек адам балалардан олар блоктарын нақ осы жерге неліктен қойғандарын сұрайды.
Балаларға мынадай шарты бар жаттығуды да ұсынуға болады: блоктарды Қонжықта тек барлық қызыл блоктар, Торайда барлық көк, немесе Қонжықта барлық төртбұрышты, ал Торайда барлық дөңгелек, немесе Қонжықта барлық үлкен, ал Торайда барлық кішкентай блоктар етіп бөлуді ұсынуға болады.
Мұндай тапсырмаларды іс жүзінде шешкен кезде, ортақ блоктарға арналған орын бос қалады, неге бұлай болатынын балалардың өздері дәлелдесін.
Жаттығуларды қайталай отырып, ересек адам ойыншықтар, тарсырмалар мен әрекеттерді ауыстырып отырады және блоктарды басқа образдарда береді.
Бұдан арғы жаттығуларды «екі шеңбермен ойын» ретінде жүргізуге болады.
Еденге екі түрлі бір-біріне қосылып жатқан екі шеңбер: қызыл және көк
Балалар алдымен неше орын пайда болғанын анықтайды (төрт); олардың кез-келгеніне секіреді де, оның қайда екенін айтады: 1-де- екі шеңбердің де ішінде, 2-де - қызылдың ішінде, бірақ көктің сыртында, 3-де- көктің ішінде, бірақ қызылдың сыртында, 4- де - екі шеңберде де.
Осыдан кейін ересек адам шеңберлер мен блоктарды образдарға бөліп, ойын тапсырмасын ұсынады. Блоктарды бөлудің ережесін балалардың өздері қалыптастырады. Мысалы, шеңберлер - гүл өсіп тұрған орындар, блоктар-гүлдер. Гүл орындарына гүлдерді отырғызу керек. Ал қалай отырғызу керектігін балалар өздері айтсын.
Балалар блоктарды жайып, олардың барлығы орнында екенін тексереді және осы орындарды атайды.
23 «БЛОКТАРДЫ ҮШКЕ БӨЛ»
Мақсаты. Көпшілікті үш ортақ ерекшеліктері бойынша бөлу қабілетін дамыту, «жоқ», «және», «емес» логикалық операцияларын жүзеге асыруға баулу, ойлаудың дәлелділігін жетілдіру.
Материал. Логикалық блоктар, үш ойыншық (қасқыр, қоян, түлкі).
Мазмұны
Балалардың алдында айнала ойыншықтар орналасқан. Оларға өз үйлерін салу үшін блоктарды өзара бөлісуге көмектесу керек.
Ересек адам алдымен барлық үш ойыншыққа (1) да сәйкес келетін блоктарға арналған орындарды белгілеуге көмектеседі, қасқыр (2), қоян (3), түлкі (4); ал ешқайсысына сай келмейтіндер (5).
Фигураларды қасқырда - барлық дөңгелек, қоянда- барлық үлкен, түлкіде -барлық көк фигуралар болатындай етіп бөлуді ұсынады. Балалар ережені жылдам есте сақтау үшін ойыншықтардың жандарына ерекшеліктер-карточкасын қоюға болады.
Тапсырманы іс жүзінде шешкеннен кейін, балалар барлық ойыншыққа ортақ қандай фигура екенін атайды (дөңгелек үлкен көк); тек қана қасқырда қандай фигуралар (дөңгелек кішкентай көк емес), тек қоянда қандай фигура (үлкен дөңгелек емес, көк емес), тек қана түлкіде қандай фигуралар (көк кішкентай дөңгелек емес) атайды. Сонымен қатар қасқыр мен қоянға ортақ фигуралар (дөңгелек, үлкен көк емес), қасқыр мен түлкіге ортақ (дөңгелек көк кішкентай), қоян мен түлкіге ортақ (үлкен көк дөңгелек емес); қандай фигуралар, ешкімге сай келметін қандай фигуралар екенін (кішкентай дөңгелек емес көк емес) айтуды ұсынады.
Егер бала топтарды айта отырып, үш ерекшеліктің екеуін ғана атаса, ересек адам оның назарын көрсетілген ерекшеліктер бар блоктардың басқа тобына аударады; сосын одан тағы бір рет ешқандай топпен шатастырмайтын етіп топты атауды тапсырады.
Жаттығулар қайталанған жағдайда блоктарды бөлудің ережесін балалар өздері айтады. Әр кезде ерекшеліктердің басқа үйлестіктері- блоктарды бөлудің негізі көрсетіледі.
Мысалы, фигураларды қасқырда - барлық жұқа, қоянда - барлық үшбұрышты, түлкіде - барлық кішкентай немесе қасқырда - барлық үлкен, қоянда - барлық көк, түлкіде - барлық жуан; қасқырда - барлық сары, түлкіде - барлық қызыл, қоянда - барлық төртбұрышты және т.б. фигуралар болатындай етіп бөлу тапсырылады.
Егер блоктарды орналастыру нәтижесінде кейбір орындар (қораптар) бос қалатын болса, ересек адам неліктен бұлай болғанын анықтап, айтып беруге итермелейді, сонымен қатар өз ойларын әр кезде дәлелдеуге баулиды. (Неліктен осы не басқа фигуралар мына жерде қалды?, Неліктен осы не басқа орындар бос қалды? Неліктен осы не басқа фигураларды басқаларымен бірге салуға болмайды?). Бұдан арғы жаттығуды «үш шеңбермен ойын» түрінде өткізуге болады.
Балалардың алдында бір-бірімен қиылысып жатқан үш шеңбер:
Алдымен ересек адам балаларға шеңбердегі кез келген орынға ойыншық қоюды не сол жерге секіруді және оның қай жерде орналасқанын атауды ұсынады: 1- үш шеңбердің барлығының ішінде, 2-сары мен қызылдың ішінде, бірақ көк шеңбердің сыртында, 3- қызыл мен көктің ішінде, бірақ сары шеңбердің сыртында, 4- сары және көк шеңбердің ішінде, бірақ қызыл шеңбердің сыртында, 5-сарының ішінде, бірақ қызыл мен көк шеңбердің сыртында, 6- қызылдың ішінде, бірақ сары мен көктің сыртында, 7-көктің ішінде, бірақ сары мен қызылдың сыртында, 8-барлық шеңберлердің сыртында.
Осыдан кейін балалар ересек адам ұсынған әртүрлі ойын тапсырмаларын шешеді: гүлзарға гүл отырғызады, тәтті бәліштерді мерекелік дастарханға орналастырады, мозаика құрастырады және т.б. Блоктарды бөлудің ережесін олар өздері ұсынады. Мысалы, тәтті бәліштерді мына тәртіппен салу: қызыл ыдыста барлық қызыл тәтті бәліштер, көк ыдысқа барлық үшбұрыштыларды, сарыға - барлық қалыңдар, немесе мозаиканы мына тәртіппен құру: қызыл торда барлық дөңгелек шынылар, көкте- барлық үлкендер, сарыда- барлық сарылар және т.б.
БАСТЫ НЕГІЗДЕР
Дьеныштың блоктары балалардың заттар мен нәрселердің ерекшеліктері туралы үғымдарын қалыптастыруда көптеген мүмкіндіктерге жол ашатын материал ретінде танымал болды. Логикалық блоктар балаларға ойлау операциялары мен әрекеттерін меңгеруге мүмкіндік тудырады: заттардың ерекшеліктерін анықтау, оларды абстарктылау, салыстыру, топтау, жалпылау, жасыру және т.б., сондықтан Дьеныш блоктарының көмегімен оқыту тапсырмасы қазіргі кезде тиімді деп танылып отыр.
«Логикалық блоктар» дидактикалық материалдары әлемнің көптеген елдерінде жетістікпен қолданылып келеді. Соңғы он жылдықта бұл материал біздің еліміздің ұстаздары арасында ең тиімді әдіс ретінде танылып отыр.
Ресей педагогтарының тәжірибелерінен логикалық блоктарды мектеп жасына дейінгі бабалармен жұмыс жасауда ойын материалы ретінде пайдаланудың тиімді екендігін көрсетті:
-
Балалардың заттардың ерекшеліктерімен таныстыру: түсі, пішіні, көлемі;
-
Ойлау машықтарын дамыту: салыстыру, сараптау, топтау, жалпылау, абстарктылау, жасыру және т.б.;
-
Ойлаудың қарапайым алгоритмдік мәдениетін меңгеру;
-
Қабылдау, есте сақтау, назарға алу, елестетудің танымдық үрдістерін дамыту;
-
Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Дьеныштың блоктары «Балалық», «Даму», «Кемпірқосақ», «Бастау» және басқа да бағдарламалардағы балалардың танымдық дамуындағы тапсырмалардың жетістікпен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін дидактикалық материал.
Дьеныштың блоктарын үйлестірушілік, әртүрлі жастарда, сонымен қатар қысқа мерзімде болатын топтарда пайдалану табысты тәжірибе жинақталған.
Методологиялық негіздер
Осының көп жағдайларына Дьеныштың логикалық блоктарын қолдана отырып ойындар ойнау және жаттығулар жасаудың жүйесі берілген «Давайте поиграеем» (А.А. Столяр - М. 1999, 1996) кітаптары, сонымен қатар «Логика и математика для дошкольников» кітаптары ықпал етті.
Ойындар мен жаттығулардың барлық жинағы - бұл ұзақ интеллектуалды баспалдақ, ал ойындар мен жаттығулардың өздері - олардың баспалдақтары, бала осы баспалдақтардың әрқайсысын басып өтуі тиіс. Егер ол баспалдақтардың біреуін жіберіп алса, онда келесісіне көтерілуі оған айтарлықтай қиын болады.
Ойындар мен жаттығуларды үш нұсқада пайдалануға болады. Бірінші нұсқадағы ойындар балалардың бір ерекшелікпен әрекет жасауларына ықпал етеді. Екінші нұсқадағы ойындар мен жаттығулардың көмегімен бірден екі ерекшелікпен әрекет ету қабілеттері дамиды. Үшінші нұсқадағы ойын мен жаттығулардың көмегімен балалар бірден үш ерекшеліктермен жұмыс жасау қабілеттерін дамытады.
Балалардың математикалық жаттығулар мен ойындар, тапсырмаларды орындауларына сараптама жасай отырып,олардың заттардың ерекшеліктерін бөлуде (түсі, пішіні мен көлемі) білімдерінің аздығын ескерту, бұл балалардың ерекшеліктерді анықтау және абстарктылау, салыстыру, топтау және жалпылау сияқты әрекеттер мен ойлау операцияларын орындауда қиындық тудырды .
Жұмыс барсында мақсаттар: балалардың заттардың түсін, пішіні мен көлемін Дьеныштың блоктарының көмегімен ажырату қабілеттерін қалытастыру.
-
Балаларды логикалық блоктардың көмегімен сенсорлық эталонмен таныстыру (түсі, пішіні мен көлемі).
-
Балаларды белгілермен таныстыру - символдар, схемалар.
-
Балаларды заттардың ерекшеліктерін жалпылау, топтау, салыстыру, абстарктылау және анықтауға үйрету.
-
Балалардың логикалық тапсырмаларды шешуге жаттықтыру.
-
Интелектуальды қабілеттерін дамыту: жоспарлау, сараптау қабілеттері, оймен қортындылау, үйлестіру.
-
Танымдылық үрдістерін дамыту: қабылдау, наразға алу, ойлау, сөйлеу, елестету, есте сақтау.
Дьеныш блоктарымен балалармен жұмыс жасау тәжірибесіне енгізу үшін мына шартарды анықтау керек:
-
Топтың даму ортасына блокты жинақтарды енгізу;
-
Келешек жоспарларын жасау;
-
Блоктар бойынша ойындар дайындау;
-
Блоктармен жұмыс бойынша схемалар, карточкалар жасау
-
Ата-аналарға арналған кеңес беру кере
-
Дьеныш блоктармен сабақ өткізудің конспектілерін жасау.
Жұмыс тәжірибесі мына қағидалар негізінде құрылады:
-
Жүйелелік пен кезектілік қағидасы.
Өз жұмысымның барысында әрбір жасқа арналған тапсырмаларды ескере отырып, жоспарлар жасау . Осы үшін келешек жоспарын құру. Осы жоспарда құру кезінде балалардың білімдері мен қолдан келетіндерін ескерту. Балалар жаңа білімді меңгергенде осыдан бұрын алған білімдеріне сүйене алатын болсын деген тәртіппен өз жұмысымды материалдарды зерделеуге ұштастыруға тырысу. .
Мысалы, блоктардан тізбектер жасауға үйрету барысында «Жолдар» ойынында алдымен бір, кейін екенші және т.б. белгілерді тізбектеуді қолдану.
-
Көрнекілік қағидасы.
Бұл қағида бала ойын көрнекілі- образды түрде қалыптастыратындықтан, оның маңызы зор . Сондықтан бұл қағиданы заттық-даму орталық арқылы жүзеге асыру, логикалар мен математика орталығына логикалық блоктарды, схемалар мен сызбаларды, белгі-симводарды енгізу.
Мысалы, ересек топта көрнекілік орнына - карточка-схемаларды қолдану, олардың жұмыста көмегі көп болды.
-
Жеке-дара жұмыстың қағидалары
Осы қағиданы жүзеге асыру барасында балалардың жоғары көңіл- күйлері мен елгезектіліктерін, сонымен қатар жылдам шаршайтындықтарын да ескерту. Бұл қағида баланың қай жасында болмасын маңызды. Балалардың мінездерін ескерту, әсіресе ойлау қалыптарын естен шығармадым. Балалармен жұмыс жасауды ұйымдастыруда олардың «жуық даму аймақтарын» ескерту. Оқыту былайша құрылды: «жақыннан алысқа», «қарапайымдылықтан күрделіге», «таныстан бейтанысқа».
Мысалы, материалдарды баяу меңгерген балаларға неғұрлым қарапайым материалдар берілді, бірлесіп қарастыру және әңгімелеу жолдары қолданылды. А
Үшінші топтан басқа (логикалық әрекеттер мен операциялар) логикалық ойындар мен жаттығулар нақты бір жас ерекшеліге бағытталмаған. Бір жылы туған балалардың психологиялық жастары әртүрлі болады. Интеллектауалды дамудың келесі баспалдағын олардың кейбірі өз құрдастарынан біраз ерте, ал кейбіреулері біраз кеш меңгереду, бірақ бұл баспалдақтан әр бала өтуге міндетті. Сондықтан балалармен жұмысты бастамас бұрын әр бала интеллекткалды баспалдақтың қай сатысында тұрғанын анықтап алу керек, бұл орайда олардың даму деңгейлеріне сүйенген жөн . Балаларға жаттығуларды ұсына отырып, егер ол баланың қолынан келмей жатқанын болса, тапсырманы жедел түрде күрделілігі жағынан алдыңғы джеңгейіне ауыстырып отыру, осылайшы бала деңгейдегі тапсырманы орындап болмағанша қайталай береміз. Бала қай деңгейдің тапсырмасын өз бетінше, ынтамен табысты шеше алса, оның келесіге көшу деңгейі осы баспалдақтан басталады. Осылайшы әр баланы тексеріп алғаннан кейін мен балалардың заттардың ерекшеліктерін анықтаудағы дара қабілеттері туралы жағдайларын айқын көре алу. Бұл әр баланың қабілет деңгейін ескере отырып, сабақты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. .
Бірінші кезеңде жекелеген әрбір фигураның түсін, кейін пініші мен көлемін анықтадық. Осы мақсатпен оларға фигураларды салыстыруды ұсыну. Мысалы, салу түрінде - айырмашылықтарын анықтау үшін дөңгелекті шаршыға немесе шаршыға үшбұрышты, не болмаса шаршыны тіктөртбұрышқа саламыз. Балаларға «Барлық қызыл фигураларды сал», «Кез келген фигуралардан сары жол сал» деген сияқты шартты белгілердің көмегімен фигураларды бір ерекшелігімен ажыратуға тапсырма бердім. Осы фигураны бір ерекшелігімен таңдау қабілетін бекіту үшін «Түрлі-түсті жолдар» деп аталатын ойынды ұсындым, мұнда жинақтағы барлық фигураларды алгоритмге сәйкес бір жолға салу керек. Бұл кезеңдегі жұмыс балаларға заттың көптеген ерекшеліктерінің ішінен оны бір ғана ерекшелігі арқылы ажырату қабілетін қалыптастырады. Балалармен жұмыс жасау барысында 1 нұсқадағы ойындар мен жаттығуларды қодандым, мұнда балалар бір ғана ерекшелікпен әрекет етеді («Қазынан тап», «Ойлан-тап», «Автожол»). Оқытуды сабақтарда (топтармен) және бірлескен әрекеттерде (жеке, топтық) жүргіздім. Екінші жартыжылдықта ортаңғы топтарда балаларға 2-3 ерекшеліктердің негізінде фигураны таңдауды ұсындым, мысалы, - дөңгелекті, қызылды немесе үшбұрыштыны, сарыны, кішкентайды, мұнда шартты белгілер көмектесті. Мысалы: «Ойлан тап», «Кімнің гаражы қайда», «Жолдар», «Үйлерге адамдарды орналастыр» ойындарында.
Жұмыста мына әдістерді қолданамыз: көрнекілік: ситуациялар құрау, қарастыру, салыстыру, салыстырып қарау.
Көрнекілік әдісін сөздік әдіспен байланыстырамыз. Мысалы, «Сирек кездесетін фигуралар», «Қонжық пен Торай кімнің үйінде қонақта?» ойындарында.
Сөздік: сұрақтар, түсіндірулер, түсініктемелер, нұсқаулар, талқылау, көркем сөз, мақтау, марапаттау. Балалар «Бауламен ойын», «Блоктар қайда тұрады?» ойындарында өз әрекеттерін әңгімелеу керек болғанда балаларға талқылау мен түсіндіру өте қиынға түсті, мұндағы қиындық қол жеткен класстарды суреттеуде, екі ерекшеліктер - жуандық пен көлемі бойынша топтастыруда, блоктарды төрт класстарын аламыз: үлкен және жуан, кішкентай және жуан, үлкен және жұқа, кішкентай және жұқа.
Тәжірибелік: балалардың ойындағы негізгі тапсырмаларды шешу бойынша өз беттерінше әрекет етулер. Балалар түстері, пішіндері, көлемдері мен жуандықтары бойынша заттарды іздестіріп, салыстырды, «Автожол» ойынында ең қарапайым әрекеттердің алгоритмдерін құрастырады.
Әрекеттерді әр түрді еңгізу:
-
Ертегілер кейіпкерлерінің келуі
-
Тосын сый
-
Балалар кейіпкерлерге дұрыс жауапты топшылап айтып бергенде немесе қатесін тұзетуде сұрақ қою;
-
Түсініктер мен терминдерді түсіндіру; кейіпкерлерді образды тріліту және оларды салыстыру әрекеттері. Балалар тапсырманы суреттеп беру кезінде қажетті терминдерді оңай меңгереді.
Блоктармен жұмыс үрдісін ұйымдастыруда балаларды ұйымдастырудың ең маңызды қалпы олардың бірлесіп жұмыс істеуі болып саналады.
Бірлесе жұмыс жасауды ұйымдастыруда проблемалық ситуациялар ұсынуды қолданамын, балаларды бұдан арғы жұмысқа итермелеймін, оқытушылық және дамытушылық тапсырмалар ұсынамын. Ұйымдастыру әдістерін алмастырып, отыру, балалар ата-аналары тігіп берген жастықшылар мен кілемшелердің үстінде ойнауды қатты ұнатады. Бірлескен әрекеттерді жүргізе отырып, балалармен қарым-қатынаста тепе-тең серіктес болып шығамын. Себебін құрастыра отырып, олардың белсенділіктерін арттырамын, оларға аса қысым жасамай және қаталдық танытпай, біртіндеп әрекеттің пайда болуына қосыламын, балалардың бағытын іштерінен болжаймын, мысалы: сиқырлы елге бару үшін фигуралардың көлемдері біркелкі, бірақ түстері мен пішіндері әртүрлі болатындай жол салу керек. Осымен қатар балалардың қызығушылықтары мен мүдделеріне сай келетін бір мақсатта жұмыс жасайтындары көп көмегін тигізеді. Ең бастығы оларға тапсырма міндеттерін жүктемей, олармен бірдей серіктес болу.
Осылардың барлығы ұжымда балалардың бір-бірімен өзара қатынастарын жақсартуға көмектеседі, балалардың әрқайсысымен байланыс орнатуға, ақпарат алмасу, қоршаған ортаны қабылдауға септігін тигізеді. Сондықтан бірлескен әрекеттер балаларды блоктармен сабақ өткізуде шығармашылық тұрғыдан тартуға көмектеседі, ал балалар өз білімдерін өз беттерінде әрекет етуде қолданады - бұл балалардың психикалық дамуларының бастауы болмақ, олардың сезімталдық қасиеттерін байытады. Математикалық дамуты сабақтарында міндетті түрде блоктармен ойын ойнауды қосуға тырысамын. Басты оқыту рольі маған тиесілі, бірақ сонымен қатар мен «көршіңе көмектес» сияқты әдістерді қолданамын, мұнда әр бала басқасына ақыл қоса алады.
Жұмыста жабдықтардың көп түрін қолданамын: ойындар, логикалық блоктар, көркем сөздер, көрнекілік құралдар, схемалар, шартты белгілер бар карточкалар, келек жоспарлары, дагностика және т.б.
Орта жастағылардың тобымен жұмыстың екінші жартыжылдығында балаларды белгі-символдармен таныстыру керек. Балалар қиыншылыққа тап болады. Олар символдардың атауларын шатастыра берді және сондықтан алған нәтижелері де қате болып шығып отырады. Мысалы: «Сөзсіз жұмбақтар» ойынында балалар белгі-символикалық белгілердің көмегімен жасырылған затты шешуде қиыншылыққа тап болды.
Жылдың соңында Дьеныштың блоктарымен жасалған жұмыстың нәтижелі екендігі анықталды.
Ересек топта мына тапсырмалар колдану:
-
3,4 ерекшеліктермен әрекет жасауға үйрету;
-
Балаларды ерекшеліктерді жоққа шығару ұғымымен таныстыру.
Балалардың Дьеныштың блоктарымен жасаған жұмыстарын бақылай отырып, балалардың көпшілігі 2 және 3 ерекшеліктермен тиімді жұмыс жасай алатындығын аңғардым.
Үшінші кезеңде балалардың меңгерген машықтарын бекіту, оларды ерекшеліктерді жоққа шығару ұғымымен таныстыру. Мысалы, үлкен емес қызыл дөңгелекті (кішкентай қызыл дөңгелекті)тауып, көрсетулерін ұсынау
ТӘЖІРИБЕНІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдылық қабілеттерін дамыту проблемасы - педагогикадағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Тәжірибенің өзектілігі мектеп жасына дейінгі балалардың күнделікті өмірлері мен сабақта логикалық ойлаулары мен танымдылық қызығушылықтарын зерделеуге саяды. Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оңтайлы жағдайларды жасай отырып, сауатты тұтас педагогикалық процесс арқылы жүзеге асыру.
Мектеп жасына дейінгі балалар жоғары танымдылық белсенділіктерін көрсетеді, олар ересек адамдарға қоршаған әлем туралы сан алуан сұрақтар жаудырады. Балалар заттарды, олардың ерекшеліктері мен қасиеттерін зерттей отырып, олар әртүрлі зерттеушілік әрекеттерді қолданады: нысандарды түсі, пішіні мен көлемі, қолдану бағыты мен саны жағынан топтастыра алады; 4-6 бөліктерден тұтастықты құрай алады; есептеуді меңгереді.
Педагогтардың алдында мынадай міндет тұрады: балалардың ақылдық қабілеттерін, логикалық ойлау және талқылау білу мен өз ойын дәлелдей алу қабілеттерін дамыту.
Балаларды жекелік және жүйелелік негізінде оқыту керек, бұл танымдылық білімін дамыту, оның физиологиялық және психикалық денсаулығын қорғау мен ересек адам мен баланың арасында өзара серіктестік пен сенімгерліктің болуына қарым-қатынастың моделіне бағытталған болуы керек.
Осы жағдайда ғана балабақшаға баратын бала, келешекте сезімтал, интеллектауалды дамыған адам болып шығады.
Мені педагог ретінде осы мәселе көп толғандырды және өз тәжірибемді мен Дьеныштың блоктарымен дамытушылық ойындарды зерттеуге арнадым. Дьеныш жүйесі ата-аналар арасына Монтессори немесе Никитиннің жүйелеріне қарағанда онша танымал емес. Сонымен қатар венгердің осы керемет педагогының логикалық ойындары ең басты ықыласқа ие болуға лайық. Өйткені олар баланың логикалық ойлауы, топтауы, үйлестіруі мен саралаушылық қабілеттерін дамытады, логикалық тапсырмаларды шешуге қажетті машықтарды қалыптастырады: нысандардың әртүрлі ерекшеліктерін анықтау, оларды атау, олардың жоқ екенін дұрыс сөздермен жеткізе білу, есіне бір немесе екі не үш ерекшеліктерді бірден абстарктылап, сақтауына, нысанды бір, екі не үш ерекшелігімен жалпылауға баулиды.
Дьеныштың блоктары алгоритм сияқты информатика туралы алғашқы түсінік береді, ақпаратты жасыру, логикалық әрекеттер жасау сияқты түсініктерді қалыптастырады.
Дьеныш блоктарымен болатын ойындар баланың тілінің дамуына ықпал етеді: бала «жоқ», «және», «емес» сөздерімен өз ойын білдіруге мәжбүр болады, осыған өз бетінше келеді. Мұндай ойындар мектеп жасына дейінгі балалардың ойлаудың қарапайым логикалық құрылысын, математикалық ұғымдарын дамыту процесстерінің жылдамдауына әсер етеді. Әдстемемен шешілетін тапсырмалардың көлемі неғұрлым жеткілікті, бұл:образды ойлауды дамыту (сезіну, қабылдау, елестету)
-
Логикалық ойлауды дамыту (сараптау, синтез, салыстыру, жалпылау, топтау);
-
Шығармашылық қабілетімен ойлаудың алуан жолдары, қиялдау, елестету, үйлестіру қабілеті, назарға алу мен есте сақтау көлемдерін ұлғайту;
-
Тілді дамыту, өз пікірін айта білу және негіздей алу.
ТӘЖІРИБЕНІҢ ЖЕТЕКШІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯСЫ
Бұл мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауын қол жетімді және қызықты түрде дамыту бойынша материалдардың тұтас жүйесін құру.
Оқытушылық және дамытушылық тапсырмаларды бөлуде мына негізгі мақсаттар болады: балалардың танымдық-шығармашылық қабілеттерін дамыту, мұнда менің тәжірибем негізгі болатын дамытушылық оқытулар идеясына негізделген.
Балалар өздерінің жетістіктері мен жаңа мүмкіндіктеріне қуанады. Олар шығармашылық тапсырмаларға дайын және бір бірімен және қоршаған ортаға оң көзбен қарайды. Жеке дара әрекет әр балаға өзінің қабілеттері мен икемдерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Оқыту өзінен кейін дамуға алып келеді. Оқытуды мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді құру жағдайында олардың бойына жекелеген математикалық түсініктер туралы толық ақпарат қалыптастыруға болады.
Осымен қатар оқыту өз кезегінде математикалық ұғымдар мен логикалық операциялардың белсенді қалыптасуымен байланысты басқаруға жататын процесс ретінде дамытудың ажырамас шарты түрінде қарастырылады.
Іске мұндай қадам басуда көше тәжірибесі мен оның бала дамуына тигізетін әсері де шет қалмайды, дегенмен басты назарда бағытталған оқыту үрдісі болмақ.
ТӘЖІРИБЕМЕН ЖҰМЫСТЫҢ ҰЗАҚТЫҒЫ
Балалардың логикалық ойлауларының даму проблемасын ой елегінен өткізетін болсақ, жаңашыл кезеңде мектеп жасындағы балалармен жұмыс жасау өз кезегінде мнің жұмысымның мақсатын қалыптастыруға мүмкіндік туғызды, ол жаңа бағдарламалар мен жаңашылқ ақпараттық технологияларды қолдана отырып, логикалық ойындарды дамыту мәселелерін зерделеуге әкелді.
Осы бағыттағы жұмысты мен үш жыл бойына жүргізіп келемін. Жұмыстың ұзақтығын екі кезеңде жүзеге асырдым.
1-кезең - дайындық
Бірінші кезеңде белгіленген мақсатқа қол жеткізу үшін мен мына міндеттерді құрап алдым:
-
Мәселенің дамуының теориялық бөлімін зерттеу.
-
Тиісті заттық-дамитын орта қалыптастыру.
-
Жұмыстың келешек жоспарын жасау,
-
Балалардың танымдық қызығушылықтарының диагностикасын жүргізу.
Қойылған міндеттерді шешу барысында психолого-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерделеп, сараптадым, логикалық даму проблемасы бойынша алдыңғы тәжірибелермен таныстым, ана-аналарға арналған сауалнамалар мен тестер дайындадым, осының көмегімен балалардың материматика бойынша бағдарламаны орындау деңгейлерін анықтайтын диагност Барлық жас ерекшеліктермен жұмыс жасауға арналған жұмыстың келешек жоспарын жасадым. Заттық-дамытушылық орта қалыптастырдым, мұнда дидактикалық жабдықтар енгізілді: көрнекілік материалдар. Дьеныштың блоктары, эксперименттер, моделдер; тәжірибелік (ойын) әдістері мен әрекеттер.
Логикалық блоктардың негізінде ойын материалын дайындадым. Ойындар мен жаттығулар бір бірінен мағынасы жағынан ерекшеленіп, тапсырманың күрделі деңгейіне сәйкес болуын қадағаладым.
Ойындарды мен геометриялық фигуралар жинағының негізінде құрастырдым. Әр фигура төрт ерекшеліктерімен берілген: төрт пішіннің біреуі, төрт түстің біреуі, төрт көлемнің біреуі, жуандығының екі түрінің біреуі.
Дьеныштың блоктары геометриялық фигураларды олардың ерекшеліктері, көптеген геометриялық қатынастары бойынша оларды зерделеуге көмектескенін байқадым.
2 кезең - тәжірибелік
Осылардың барлығын негізге ала отырып, тереңдете жұмыс істеген бірқатар міндеттерді анықтап алдым, олар:
-
Балаларды операцияларға үйрету: сараптау - синтездеу, салыстыру, топтау, әрекеттерді тәртіпке келтіру, алаңқайда бағдарлай алу.
-
Балаларда мыналарды дамыту: логикалық ойлау, тілін дамыту (талқылау білу, дәлелдей алу), көңіл бөлудің еркіндігі, танымдылық қызығушылықтар, шығармашылық елестетулер.
-
Жан-жақтылық машықтарына тәрбиелеу, қиыншылықты жеңуге деген ұмтылысты, өзіне деген сенімді, досраына уақытында көмекке келу тілегін қалыптастыру.
Балаларға арналған логикалық ойындарда шеңбермен ойын нұсқасын алдым. Осыднай ойынға дайындық кезінде алдымен балаларға кейбір тұйық жазықтықтарға қатысты ішкі және сыртқы ойларын нақты қалыптастырамын. Еденге шеңберді қоямын да нұсқағышпен шеңбердің іші болатын орынды көрсетемін және қалған барлық бөліктер шеңбердің сырты екенін айтамын. Бала қайда отыр?,- деген сұрақ қоямын (шеңбердің ішінде ме, әлде сыртында ма). Сосын балаға шеңбердің ішіне тұруды ұсынамын.
Осының барлығын жуан жіптің көмегімен қайталауға болады. Екі шеңберді қолдана отырып, ойынды өткізердің алдында мынадай дайындықжұмыстарын жүргізу қажет: балаларға екі түсті екі шеңбер көрсетемін, мысалы, көк және қызыл және оларды еденге орналастырамын. Екі шеңбердің ішінде болатын орынды табу талқыланады (еденнің бөлігі ретінде); көктің ішінде, бірақ қызыл шеңбердің сыртында; қызылдың ішінде бірақ көктің сыртында; екі шеңбердің де сыртында.
Осыдан кейін балаға екі шеңбердің ішіне тұруға, екінші балаға көктің ішіне, бірақ қызылдың сыртына, үшіншіге қызылдың ішіне, көктің сыртына, төртінші балаға екі шеңбердің сыртына тұруды ұсынамын.
Тәжірибелік кезеңнің барысында диагностика, алмасу сабақтарын, дидактикалық ойындар жүргіздім, балаларды бақылау, олармен әңгімелестім, оларға тесті тапсырмаларын бердім, проблемалық ситуциялар жасадым.
Баллаардың логикалық ойлаулары үнемі дамып отырады, ол жетіледі, ғылыми зерттеулер мен алдыңғы педагогикалық тәжірибелердің нәтижесімен байй түседі.
Қазіргі уақытта тәжірибешілер мен оқымыстылардың күш салуларымен балалардың материатикалық ұымдарын дамыту бойынша ғылыми негізделген әдістемелік жүйе қалыптасып, жетіліп, қолданылып келеді. Оның негізгі элементтері - мақсат, мазмұн, әдістер, жұмысты ұйымдастырудың құралдары мен қалпы, олар бір-бірімен өте тығыз байланыста болады.
Менің байқауымга неғұрлым тиімді әдістердің бірі- ол Дьеныштың логикалық блоктары, олар балалардың кеңінен ойлау, есте сақтау, елестету және басқа да психикалық процесстердің дамуына ықпал етеді. Қарапайым, логико-математикалық әрекеттерді орындау, оларды ұғыну, балалардың өмір жағдайларында өздерін басқара алу қабілеттерін дамытады. Алгоритм бойынша әрекеттерді орындау өз шешімінің барысын бақылай алу қабілетін жетілдіруге негіз бола алады.
ТӘЖІРИБЕНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Проблеманың өзектілігін алға тарта отырып, мен өз алдыма мақсат қойдым: Бала-бақшада және отбасында балаларды математикаға оқыту кезінде Дьеныш блоктарын қолдану қаншалықты тиімді екенін анықтау.
МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕР ҚОЮ
-
Дьеныштың блоктарын қолдана отырып, логикалық ойлаудың элементтерін дамыту.
-
Дамытушылық ойындарды таңдау арқылы топтастыру машықтарын жетілдіру.
-
Логикалық заңдылықтарды сараптауға және дұрыс пайымдауға оқыту.
-
Заттық -дамытушылық орта және ойын материалдары.
-
Ойын барысында ойлау мен есте сақтауды белсенділету.
-
Алаңқайда барлай алу машықтарын нығайту.
Бұл тапсырмаларды мен қызметімнің әр саласында шешуге ұмтыламын: сабақта, ойында, балалардың өз беттерінше әрекет етулерінде.
Балалардың логикалық ойлауларын дамыту - ұзақ та, көп еңбекті қажет ететін процесс, бұл ең алдымен балалардың өздерінен көп тер төгуді талап етеді, өйткені әр баланың ойлау қабілеті әр түрлі. Әр түрлі жастағы кезеңдерде логикалық ойлауды дамытудың заңдылықтары:
Балаларды ойша үш топқа бөлінеді:
МЫҚТЫ ОРТАША ӘЛСІЗ
Оларды бұлайша бөлу тапсырма материалдарымен тапсырманың өзін дұрыс таңдауға мүмкіндік береді, «әлсіз» балалардың шамадан тыс шаршауларын, ал «мықтылардың» қызығушылықтанының жоғалуын ескереді. Орташа деңгейдегі балаларға логикалық тапсырмаларды орындау үшін, мен олардың ойын процесстеріне жарысу түрін енгіземін.
«әлсіз» балаларға ерекше көңіл бөлу қажет, олардың психикалық, әрі физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мен олардың өздеріне деген сенімдерін арттыруды алға қоямын, оларды берілген тапсырманы өз беттерінше орынлауға итермелеймін. Егер олар тез шаршап қалған болса, әрекеттің түрін бірден ауыстырамын.
Балалармен өзара қатынас жасаудың бұл түрі өте тиімді болып келеді. Ол ұжымды біріктіруге көмектеседі, алғыр балаларға өз күшіне сене білуге, ал әлсіз балалардың өзіне деген сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Ата-атанлармен кеңесу және кеңес беру жұмыстарын кеңінен қолға алынған. Мұнда «мықты» балалар маңызды орынға ие болады, нақты тапсырманы өте жақсы орындаған олар менің өтінішім бойынша (не өз беттерінше) қиыншылыққа тап болғандарға көмектеседі.
Өз жұмысымда мен мектеп жасына дейінгі балалардың әртүрлі жас кезеңінде логикалық ойлау дамуларының заңдылықтарын қарастырдым. Кішкентай баланың ойлауыол қабылдайтын затты, оның бөліктерін сараптап, бөлшектеп байқау процессінен басталады.
2 жастағы бала кигізіліп тұрған сақиналарды тұғырынан шығарады, қораптағы таяқшаларды алады, ойыншықтарының дөңғалақтарын алады. Осылайша ол алғашқы байланысты орнатады. Ол сақиналарды қайтадан тұғырына кигізеді,жеке бөліктерден сурет құрайды, қызыл түймелерді бір қорапқа, көктерін екінші қорапқа жинап, салады. Осындай әрекеттерінің барлығында бала ұқсас заттарды салыстырады, оларды қандай да бір топтарға біріктіреді. Бұл синтездің ең алғашқы түрлерінің бірі.
3 жастағы бала ойыншық машинасын қарай отырып, оның жекелеген бөлшектерін көрсетеді. Мен «Бұл не?» деп сұраймын, «Бұл дөңғалақ, бұл кузов». Сонымен қатар кітаптағы суреттерді қарау процессі болады. Бірақ уақыттан кейін бала суреттегі жекелеген заттарды өзі көрсетіп, ересек адамның сұрағына жауап бере алатын жағдайға жетеді.
4-5 жастағы балалар «сараптау» операциясына «салыстыру» операциясын қосады. Мектеп жасына дейінгі балалардың ересек топтарымен зат туралы әңгімелесу «тұтастықты бұдан әрі бөлшектеуге» әкеледі.
Мектеп жасындағы балалардың топтастыру операциясының да өз деңгейі болады. Мен мынадай заңдылықты байқадым: - 3-4 жастағы балалар заттарды жақсы топтастырады (суреттер мен сөздерге қарағанда), 5 жастағы балалар суретті жақсы топтастырады (заттар мен сөздерге қарағанда), 6-жастағы балалар сөздерді, кейде суреттер мен заттарды да жақсы топтастырады.
Сондықтан мектеп жасында дейінгі балалардың ойлауы нақты болтындығы соншалықты, ол затты ойша және оның әрекетін тікелей қабылдауды қажет етеді. Ересек топтағы балалар заттың болғанында ғана емес, оның суретін егер ол болмаған жағдайда да ол туралы ойлай алады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балаларды топтастыруға үйрету кезінде материалды сезінуден бастап оны сөзбен жеткізуге дейін біртіндеп ауыстыра бастаймын.
Осыдан келіп, мен ойын материалына күрделіліктің әртүрлі деңгейін кірістіру керек деген қортындыға келдім. 1 деңгей үшін (кіші-орта жас) лото, жұп суреттер, үлкен және оюлы мозаика, кубиктер жинағын, дамыту ойындарын («Өрнекті сал», «Төртбұрыштарды сал»), моделдеу және орындарына салу элементтері бар ойындар, Дьеныштың блоктарын, жеңіл модуль материалдарын, құрылыс жинақтары болуы керек.
Қолдардың ұсақ сезміталдықтарын дамыту үшін арнаулы дидактикалық ойыншықтар қажет: қаттамалар, баулар (өрнек салу). Осы мақсатта жағдайға қақпақтар әртүрлі пішінді және көлемде пластикалық контейнерлерді қосамын.
2- деңгей үшін (орта-ересек жас) заттарды әртүрлі ерекшеліктері бойынша салыстыратын дидактикалық ойындар қолданылады (түсі, пішіні, көлемі, материалы, қызметі). Баланың ойын таңдауда әрқашан мүмкіндігі болуы өте маңызды, ол үшін ойын жинақтары неғұрлым алуан түрлі болуы керек және оларды алмастырып отыру қажет (2 айда 1 рет).
Елестету қабілетін дамыту үшін балаларға тұпнұсқасымен белгілі бір ұқсастықтары болатын заттардың- орнынбасушыларды ұсынамын, мысалы, геометриялық көлемді фигуралар - «көкеністер», таяқша «градусник», қорапша «теледидар». Құм, су, саз, бояу, көбік, айналарды қолдана отырып, экспериментті ойындар өткізуді ұсынамын.
Екінші кіші топта - естің символикалық-белгілер қызметін дамытудың сензитивті кезеңі басталады, бұны баланың ақыл есінің дамуы үшін өте маңызды деп санаймын.
Мұндай белгілермен моделдерді әрине ең бастысы балалардың өздерімен бірлесіп ойлап табу.мен өз таңдауымды бірнеше себептермен негіздедім:
-
Кейбір балалар өз құрдастыран әлдеқайда озық болады. Олар әр нәрсеге қығушылық танытады, жаңалыққа, беймәлімділікке құмар бола тұра, олардың білім қорлары да жеткілікті болады. Мұндай балалар үйлерінде ересектердің көңіл бөлулеріне, олармен уақыт өткізулеріне ие болған балалар. Олар бақшаға келісімен, ойын әрекеттерінде өз қабілеттерін шынықтыра отырып, әлдеқайда алдыңғы сатыға көтеріледі.
-
Орта топтағы балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, мен ойынға көп көңіл бөлдім, мұнда балалардың топтасып, жұптасып ойнауларын қолданған жөн.
Осыдан келіп, өзім үшін мына жұмыс жоспарын қалыптастырдым:
-
Осы бағытта жұмыс жасап жатқан педагог-әріптестерімнің жұмыс тәжірибелерімен танысу
-
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамытушылық орта қалыптастыру.
-
Белгілі мақсатты көздейтін ойын түрлерін нақтылау
-
Бірлескен және өз бетінше әрекеттер қолданылатын ойындарды қолданудың жоспар-жобасын жасау.
-
Логикалық блоктармен жұмыс жасаудың түрін ұйымдастыру.
-
Сюжетті-ролдік, стол үсті ойындары мен қимылды ойындарда, сабақтарда логикалық блоктарды пайдалану.
-
Балаланың 5 жасындағы дамуының психикалық ерекшеліктерін суретейтін ғылыми әдебиеттерді зерделеу.
-
Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, даму ортасын дайындау.
-
Барлық уақыт аралығында (2011-2012 оқу жылында) әр баланың логикалық ойлау машықтарының қалыптасу ерекшеліктерін қадағалау.
Қойылған мақсаттар мен міндеттерімен жетудің құралы ретінде мен логикалық ойлауды дамытушы ойындарды таңдап алдым. Оларды былайша бөлдім:
-
Заттық: дидактикалы - түсін, пішінін, түрін, табуға бағытталған, дамытушылық - (бірнеше деңгейлі күрделілік): Дьеныштың блоктары. Логикалық блоктармен әртүрлі әрекеттер жасау барысында балалар әртүрлі ойлау қабілеттеріне ие болады, олар математика алдындағы дайындық ретінде өте маңызды болып келеді. Олардың қатарына сараптау, абстарктылау, салыстыру, топтау, жалпылау, жасыру, шешу, сонымен қатар «жоқ», «және», «немесе» логикалық операциялары жатады. Осы ойындар мен жаттуғыларда баланың алгоритмдік мәдениет тұрғысында ең қарапайым қабілеттері дамитытндығын байқадым. Логикалық блоктардың көмегімен балалар көңілдерін, есте сақтаулары, қабылдауларын жаттықтырады. Бұл ойындар алаңқайлық елестетуді дамытады, балаларды құрылыс үлгісін сараптауға, кейіннен - қарапайым схема бойынша әрекет етуге баулиды.
-
Сөздік: жұмбақтар, елестету, қиялдарын дамытатын ойындар. Саусақтақ ойындар: бұл мидың белсенділігін арттырады, ойлауды дамытады, қолдың ұсақ сезгіштігін дамытады. Мұнда екі қолдың да қатысуы керек, бұл балаларға «оң, сол, жоғары, төмен» дегенді бағыттауға мүмкіндік береді. Егер бала қандай да саусақ ойынын меңгерген болса, ол басқа тақпақтар мен әндерге басқа көріністер ойлап табуға тырысады.
Осылайша баланың математикадан алған білімі білескен әрекетте нығая түседі, осыдан кейін өз бетінше әрекет етуге көшеді.
ОҚЫТУ-ТӘРБИЕЛЕУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Жоғарыла айтылғандай балаларда логикалық ойлауды қалыптастыруда бірінші орында Дьеныштың блоктарын қойдым. Логикалық блоктарды математика сабағында қолданудың міндеттерін анықтадым.
-
Логикалық ойлауды дамыту. Көптік туралы ойын дамыту (салыстыру, бөлу, топтау).
-
Нысанның ерекшелігін ажырата білу, оларды атау, ерекшеліктері бойынша заттарды ажырату, ұқсас және ерекше тұстарын айту, өз пікірін негіздеу.
-
Нысанның пішіні, түсі, көлемі мен жуандығымен танысу.
-
Алаңдық елестетуді дамыту.
-
Оқу және тәжірибелік тапсырмаларды өз бетінше шешуде машықтары мен қабілеттерін, білімін жетілдіру.
-
Ойлау үрдісін, шығармашылық қабілетін, елестетуін, фантазиясын, моделдеу қабілеттерін дамыту.
Бұл міндеттерді шешу балаларға математиканың негіздерін меңгеруге мүмкіндік берді. Логикалық блоктармен жұмыс жасауда ұйымдастырудың негізітүрлері мынадай:
-
Көрнекілік, ауысымдық, қолжетімділікті қамтамасыз ететін сабақтар.
-
Бірлескен және жеке дара ойын әрекеттері (дидактикалық ойындар, сюжетті-рольдік ойындар және т.б.).
-
Барлық сабақтар. Бірінші кезеңде мен ойында логикалық блоктарды қолданамын. Алдымен ең қарапайым «Өрнек сал», «Әуе шарлары», «Өрнекті есіңе сақта», «Өз үйіңді тап», «шақыру билеті» сияқты ойындардан бастаймын. Сосын логикалық блоктардың кодтық белгілерін оқуға үйрететін ойындармен таныстырамын, олар: «Түрлі түсті шарлар», «Сиқырлы кілт», «Қуыршаққа моншақ сыйла», «Балапан», «Балық», «Тап та, бір қалыппен сал» ойындары.
-
Миенің кішкентайларыма фигураларды топтастыру оңай болуы үшін мен столды-баспа ойындарына арналған карточкалар дайындадым. Осы ойындардың барлығын кез келген жастағы топтың балаларына ұсынуға болады. Мен балалардың тапсырманы біршама орындай алуға үйренгендерін байқағанда, оларды кодтың белгілерімен таныстырдым, логикалық блоктарды математикадан берілген тапсырмалар үшін пайдала бастаймын. Балалардың сабаққа деген қызығушылықтарын қолдау үшін мен түрлі түсті ойын тапсырмаларын қолданамын. Бұл жаста балаларды сюжеттер, көптеген қызыты ергеілер кейіпкерлері болатын ойындар еліктереді.
-
Мен логикалық блоктарды қолданатын сабақтар жаңа материалды зерделеуде көп көмегін тигізеді. Геометриялық фигуралармен танысу кезінде мынадай сабақтарды ұсынамын: «Шеңбер», «Үшбұрыш», «Дымбілмес пен оның достары». Сандарды нақтылау үшін «Алқапта»; сандардық қалыптсуын елестету үшін «4» -«5»: «Бес сиқырлы сандықтар»; сандық және реттік сабақтарды қортындылау үшін «Мальвинаға көмектесейік» деген ойындарды ұсынуға болады. Осы конспектілердің барлығында Дьеныштың блоктары қоданылған.
-
Сурет салуда логикалық блоктарды қолдану, геометриялық фигуралардан заттар құрастыру балалардың сабақтарын алуан түрлі етеді, оларға заңдылықтар мен алаңдарда оңай бағдарлауға көмектеседі.
-
Логикалық ойлауға арналған барлық сабақтарды мен оқу жылының математика бойынга тақырыптық жұмыс жоспарына енгізу. Математиканы анағұрлым жақсы меңгерту үшін ана-аналарды тарту, олармен жұмыс барысында әртүрлі жұмыс түрлерін қолдану:
Пайдаланған әдебиеттер»
1.Е.А.Носова,Р.Л.Непомнящая. «Логика и математика для дошкольников»
Санкт-Петербург 1997г
2.Метлина Л.С. «Математика в детском саду
3.Л.П.Стасова «Развивающие математические игры-занятие детском саду»
4. «Отбасы және балабақша» журналдары.
5.Т.В.Трунтаева «Развитие элементарных математических представлений
Дошкольников.1980 Г
6.З.А.Михайлова «Игровые занимательные задачи для дошкольников»»
7.Т.И.Ерофеева «Математика для дошкольников»