- Учителю
- Открытый урок на день президента
Открытый урок на день президента
Тақырыбы: «Менің тұңғыш Президентім!».
Мақсаты:
Білімділік: Жүйелі сөйлеуге,ойын толық жеткізуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Балалардың есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Отанын сүюге,туған жері,елі жайлы білуге үйретуге тәрбилеу.
Қостілділік компонент:Дипломат-елші
Қажетті көрнекі құралдар: ҚР картасы,слайд.
Барысы:
Ұйымдастырушылық кезең
Балалар бүгін біздің ҰОІӘ-і ерекше болмақ.
Олай болса шеңбер бойына жиналайық.Бәріміз бірге өлең жолдарын қайталайық.
Армысың алтын Күн,
Армысың асыл Жер,
Армысың жан досым
Міне менің қолым
Жылуыңа жылу қос.
Бүгінгі біздің тақырыбы «Мен елімнің кішкентай азаматымын»
Балалар шеңбер бойына жиналып,тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.
Негізгі бөлім
Тосын сәт: Топқа елші кіреді.
-Сәлеметсіздер ме,балалар?Мені қайдан келді деп таң қалып тұрған шығарсыңдар.Мен дүние жүзін аралаған Елшімін..Олай аталу себебім бір жерде тұрақтай алмаймын.Қазақстандай ел бар екенін естіп,интернеттен қазақ тілін үйрендім.Енді сіздердің елдеріңізбен танысқым келеді.
Т:Ендеше сіз біздің қонағымыз болыңыз.Біз сізге елімізді,жерімізді таныстырайық.
-Балалар біз қандай Республикада тұрамыз?
-ҚР елордасы қай қала?
-ҚР елбасы кім?
-ҚР қандай мемлекет?
Елші:Егееменді ел болған соң мемлекеттік рәміздері де бар шығар?
Т: Әрине бар.Қане балалар рәміздерге не жатады?
Дұрыс айтасыңдар балалар,еліміздің ашық аспандай көгілдір Туымыз,айбынды елтаңбамыз,мағыналы Әнұранымыз бар.
Елші:Әркім өзін Қазақстан азаматымын деп санаса,ол азамат білімді болу керек.Ана тілін құрметтеп,қадірлеуі керек.Кім ана тілі туралы тақпақ,мақал-мәтелдер біледі?
Сергіту сәті.
Керегедей тізіліп,
Шеңбер құрып тұрайық,
Уық болып шаншылып,
Шаңырақты құрайық.
Киіз үйге ұқсадық
Орнымызды табайық.
Балалар,бүгінгі қонағымызға елімізді таныстыру мақсатында ойын ойнайық.Ойын ойнамас бұрын мен сендерді ҚР қалаларымен таныстырып,сол қалалаларда не өндірілетінін айтып өтейін.
Ойын: «ҚР қалалары арасындағы телекөпір»
Астана қаласының тобындағы балалар Елорданың көрікті жерлерін айтып өтеді.
Тосын сәт: астана туралы тақпақ айту.
Алматы қаласының тобындағы балалар қаланың қандай сұлу да әсем екенін айтып,тақпақтарын айтады.
Көкшетау қаласының тілшілері танымал жерлерін көрсетеді.
Бағдарлама соңында балалар отанымызға қандай тілек айтады екен?
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Ойын: «Күннің шуағы»
Ойынның мақсаты:
Балалардың есте сақтау қабілеттерін,сөздік қорларын арттыру.
Жүйелі сөйлеуге баулу.
Ойын шарты:Тақтада күннің суреті бейнеленеіп тұрады. Күннің шуақтарында сұрақтар жазылған. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы балалар күннің шуақтарын орнына орналастырады.
1.Сендердің қалаларың қалай аталады?
2. Біздің бақшамыз қалай аталады?
3.Елордамыз қай қала?
4.Елбасымыз кім?
5.Ұлттық тағамызды ата?
6. Бақшамызда қандай ұлт балалары бар?
7. Астанада қандай ғимарат бар?
9.Біз қай топтың балаларымыз?
.
Балалар Елшімен амандасады.
- Қазақстан Республикасында
- Астана қаласы
- Н.Назарбаев
- Егеменді,Тәуелсіз мемлекет
Рәміздерім елдігімнің белгісі,
Білу керек бала дағы ең кіші
Рәміздерім-Әнұран,Ту,Елтаңба
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі!
Бақыт құсы қонды ғой,
Менің туған жеріме.
Тіліміз бен дініміз
Қайта келді еліме.
Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.
Балалар әр қалаларға бөлінеді.
Астана қаласында әсем ғимараттар көп.Олар Бәйтерек,Ақорда,Пирамида.
Балалар астана қаласы туралы тақпақ айтып береді.
Алматыда ескерткіштер ,мәдени орындар көп екенін,сонымен қатар Медеу мұз айдыны барын айтады.
Көкшетаудың сұлу табиғатын ұсынып,Отан турлы мақалдарын айтты.
-Отанымыз тыныш болсын
-Аспанымыз ашық болсын
-Туымыз биікте желбірей берсін.
Қорытындылау
Елші: Өте жақсы балалар туған жерлеріңді сүйеді екенсіңдер.Отан туралы көп нәрсе біледі екенсіңдер.келгенім жақсы болды.ҚР туралы көп мәлімет алдым.Сендерге рахмет сау болыңдар.
ҰОІӘ қорытындылау мақсатында балалар ҚР картасын құрастырады.
Ән: «Отаным»
Балалар Елшімен қоштасады.
ҚР картасын құрастырады.
«Отаным» әнін шырқайды.
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:ҚР Тәуелсіз,Егеменді мемлекет екенін біледі..
Түсінеді:Еліміздің рәміздеріне не жататынын меңгереді.
Меңгереді: ҚР картасын құрастыра алады..
«Балапан» бөбекжай бақшасы
«Қарлығаш» ортаңғы тобы
Өткізген: Калмагамбетова Т.А
2016ж