- Учителю
- Тәрбие сағаты: Ұлттық ойын теңге ілу
Тәрбие сағаты: Ұлттық ойын теңге ілу
Ұлттық ойындар «Көкпар тарту», «Теңге ілу»
Ұлттық ойындар «Көкпар тарту», «теңге ілу».
Мақсаты: Балаларды ұлттық ойын арқылы татулыққа, адамгершілікке
баулу. Бір - біріне деген сыйластығын, достық қарым қатынасын
нығайту. Ұлттық ойын арқылы салт - дәстүрлерді сақтай білуге
тәрбиелеу. Бір - біріне деген шынайы достықты сезіне білу дағдысын
дамыту.
Көрнекіліктер:Ұлттық киімдер, аттар.
Тәрбиеші:- Балалар алдымен бізге келген қонақтармен амандасып
алайық.
Қош келіпсіз ата - ана, апай білікті,
Жүздеріңде мейрім нұры тұныпты.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз өнерпазбалаларың қылықты.
- Балалар енді әділ - қазылар алқасын тағайындайық.
Сайыс екі бөлімнен тұрады.
І. Көкпар тарту
ІІ. Теңге ілу.
Сәттілік тілей отырып сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
«Тұлпар» тобы (төрт адам)
«Сұңқар» тобы(төрт адам)
І. Көкпар тарту.
Ойынның шарты.
Алаңның әр бұрышына жалаушалар ілініп, оның екі жағына шеңбер
(отау) сызылады. Шеңбердің дәл ортасына Көкпар қойылады. Жарыс
басталар кезде командалар орталық шеңбердің сыртында тұрады. Жарыс
алаңындағы төрешінің хабары бойынша басталады. Көкпар тарту
қатысушылардың санына байланысты 8 - 15 минут аралығында өтеді.
Көкпаршылардың мақсаты - орталық шеңберде жатқан Көкпарды өз
командасының «отауына» жеткізу. Көкпар отауға жеткізілгеннен кейін
алаң ортасынан қайта басталады. Белгіленген уақыт ішінде қай
команда Көкпарды өз отауына көп жеткізсе, сол команда жеңіске
жетеді.
ІІ. Теңге ілу
Ойынның шарты.
Ойынға қатысушылар тепе - тең екі топқа бөлінеді. Әрқайсысы
жеке-жеке шыбықтан ат мінеді. Ойын кезінде басталатын жерге сызық
сызылады. Одан әрі 20 - 30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай
екі шұңқыр қазылады. Шұңқырға он - оннан тас салынады. Содан екі
топтан екі сайыскер шығады, сызыққа келіп қатарласып тұрады.
Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйғытып шаба жөнеледі.
Сол беттерімен әлгі шұңқырға жетіп қол соғып жібереді де, тасты
іліп алып, әрі қарай шауып кете береді, шұңқыр тұсына бөгелуге
болмайды. Ұпай әр сайыскердің іліп алған тастарының санына қарай
есептеледі. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
Тәрбиеші:
- Осымен сайыс өз мәресіне жетті. Ендігі сөз кезегін әділ - қазылар
алқасына береміз.
Қорытынды: Әділ - қазылар сайысты қорытындылап жеңіске жеткен топты марапаттайды.