- Учителю
- Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Алғыс айту парызым!».
Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Алғыс айту парызым!».
</<font color="#ff0000">Тақырыбы: «Береке - бірлікте, ырыс - ынтымақта».
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін
кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат
салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұрандар, қима көгершіндер, шарлар, гүлдер, ұлттық
костюмдер.
(Ән ұран орындалады.)
Шаттық шеңбері.
Тәрбиеші: Бірлік пен ынтымағы халықтың -
Көгімізде жарасқан жарық күн!
Ырыс, дәулет бақыты үшін халықтың,
Жайнай берсін, жайнай берсін алтын күн!
- дей келе Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Береке-бірлікте,
ырыс-ынтымақта» атты ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін
тамашалауға шақырамыз.
Тәрбиеші: Бұл мереке бұрын бүкіләлемдік «Еңбекшілер күні» болып
тойланды.
Қазір ол «Дүниежүзілік ынтымақтастық күні» болып есептеледі. («Елім
менің» атты ән орындалады). Балалар әр ұлттың киімдерін киіп,
шеруге шығады. (Монтаж)
1-бала:
Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Жайдары жаз түрге еніп,
Жадыратты жанымды.
Жер-дүние тербеліп,
Дала, қала құлпырды.
2-бала:
Болсын жер мен су да ортақ.
Болсын біздің ту да ортақ.
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз.
3-бала:
Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз.
Біз Отанда тұрамыз,
Біз мектепке барамыз.
4-бала:
Алтай, Кавказ ұласып,
Бауырайы кең жатыр.
Бақытты әні асқақтап,
Құлаққа даусы кеп жатыр.
5-бала:
Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Моңғол, ұйғыр, дүнгендер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин,
Терезесі тең жатыр.
6-бала:
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Бірімен-бірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
7-бала:
Достығымыз жарасқан,
Ақпыз, қара, сарымыз.
Қара жер мен көк аспан,
Ортақ дала тауымыз.
8-бала:
Ортақ жұтар ауамыз,
Ортақ жарық күніміз.
Достық туған анамыз,
Жердің қызы, ұлымыз.
Хормен:
Отан ортақ,
Жер ортақ,
Еңбекпен қостық тағдырды.
9-бала:
Алтын бесік-ағайын, жұрт туғаным,
Дос байыса қыза түсер думаның.
Барлық ұлттың өкілдері жарасып,
Асырайық іс-жүзінде Тіл заңын.
10-бала:
Қазақ елі-қашаннан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт өмір сүреді.
11-бала:
Бір-бірімен тату тәтті тұрады,
Бәрінің де Қазақстан - тұрағы.
Туған жерге тебіренген сәттерде.
Ағаларды өлең-жырдың бұлағы.
Тәрбиеші. Отаным ордасы ғой игіліктің,
Көңіліне күн орнатқан күлкі жұрттың.
Шаңырағы кең биіктен Отанымның,
Баянды бағы өрлеген әрбір ұлттың!
-демекші біздің Республикамызда әр ұлттың өкілдері тұрады.
Тәрбиеші: Ел тарихы, жер тарихы өзіміз,
Болашақтың қасиетті көзіміз.
Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз,
Ақ-қараны тіліп тұрса сөзіміз.
- дегендей XXI ғасырда Қазақстанда бейбітшілік, тыныштық болып,
еліміздің егемендігі ұзағынан болсын деп тілейміз.
(Ән «Атамекен»)
Тәрбиеші: Міне, осындай кең байтақ Республикамыздың егінді
даласы, күмісін шашқан көлдері, кенге байтақ өңірі, малға толы
өрісі, Қазақстан Республикасының болашақ ұрпағы, келешек
азаматтары, сендерге өсиет болып қалады. Елбасының «Қазақстан-2030»
бағдарламасында:
«Қазақстан келешекте дамыған мемлекеттердің біріне айналуы үшін
мұнда тұратын барлық халықтар өзара достығы мен бірлігін нығайтып,
сапалы білім, саналы тәрбие алуға құлшына алу керек» делінген.
Тәрбиеші: Мамыр қандай, шіркін-ай, мамыр қандай!
Айнала жасыл кілем жамылған жай.
Алатауым басына ақ шәлі орап,
Мойнына гүлден алқа тағылғандай.
Мамыр қандай, шіркін-ай құлпырады.
Күй толқын көңіліне жыр тұнады.
Жыл еркесі гүл мамыр, сұлу мамыр,
Секілді адамзаттың ынтымағы.
Тәрбиеші: Бірлік - халық салты. «Халқымыздың бірлік салты
отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен
ұласады».
Бейбітшілік құсы, ақ көгершін,
Биік ұшып самғасын.
Тілегімізді жерге жайсын,
Қанаттары талмасын.
Қағаздан жасалған ақ көгершіндерді биікке шарға байлап ұшыру.
Барлық тәрбиешілер бірге шығып, қоштасады.
Тәрбиеші: Осымен «Береке-бірлікте, ырыс-ынтымақта» атты ашық
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Сау болыңыздар!