- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім-Қазақстаным
Сабақтың тақырыбы: Тәуелсіз елім-Қазақстаным
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күніне арналған
«Тәуелсіз елім - Қазақстаным»
Мақсаты :
1. Білімділігі: Балалардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі
өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын
қалыптастыру. Ұлттық сана сезімін, саяси сауаттылығын ояту.
Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін
күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан
құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
2. Тәрбиелігі: Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын
жеке тұлға екендерін ұғындыру. Қоғамның бір мүшесі ретінде адам
өмірі мен жақсы тұрмыстық құндылықтарын ұғындыру, жауапкершілік
сезімдерін ояту. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге
және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді
үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету,
достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылығы: балалардың өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.
Көрнекілігі:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы,
Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының
суреті. Жалаушалар.
2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар.
3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.
Тәрбиеші сөзі:
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, ұстаздар және балалар. Біздің
тобымыздың"Тәуелсіз елім - Қазақстаным" атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер! -Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін
тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мейрам құтты болсын!!!
«Балдәурен» тобының тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
Әнұран айтылады.
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші :
Біз тәуелсіз елдің түлегі болғанымызға шексіз қуанамыз. Біздің
отанымызды әлем таныды. Осы сәтте Отан туралы еріксіз ойға
берілесің. Бұл ұғымның аясы кең. Отан - далаң, орман, тауың, ауылың
мен астанаң.
Отан әр жұмыр басты пенденің киелі мекені, жер басып жүрген әр
тіршілік иесінің шексіз байлығы. Тәй-тәй басқан нәресте де,
еңкейген қария да оның бір мүшесі.
-Біздің балаларымыз «Отан» туралы өлең айтып берсін.
Тәрбиеші:
Қазіргі кезде сендер ашық аспан, жарық күн сәулесі түсіп тұрған
мемлекетте өмір сүріп жатырсыңдар.
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын - қыстау кезеңдерді
бастан кешірді. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға
халықтың есінде мәңгі сақталады.
16 - желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан
тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының
туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан
бүкілхалықтық мереке.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.
Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп,
солардың бірі - Қайрат Рысқұлбеков. Ол қыршын жасын қиды. Оған
үлкен айып тағылды.
Ерлігіңе қуанам да, сүйінем,
Қайрат аға рухыңа мен иілем.
Бәйшешектің солғанына ах ұрсам,
Назым
Әділ жанның қазасына күйінем..
Тәрбиеші :
Осыдан 20 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар
жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол
жеткізу үшін қатысқан.
Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен
апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы
армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Бас алаңда ел жосқан,
Жастар қаны жуған түн.
16 желтоқсан-
Ералы
Тәуелсіздік туған күн!
Тәрбиеші:
-Міне, балалар, бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Біздің
өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан
мемлекетіміз.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар. Жақсы оқып,үлгілі, тәртіпті
болыңдар. Өз елің мен жеріңді көркейтіп, қазақстанның намысын
қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер болмақсыңдар.
-Енді балалардың тәуелсіздік мейрамына жаттаған тақпақтарын
тыңдайық. (балалар тақпақтарын айтады)
Тәрбиеші :
-Енді бір ойын ойнап жіберейік.
Ойын: «»
Тәрбиеші: біздің балаларымыз дың орындауында ән «
Тәрбиеші: Отан туралы өлең оқып беру
«Болса екен қазақ баласы»
Ертеңі өсіп елімнің
Сабырлысы болса екен
Ар-ұятты айбатты
Азулысы болса екен
Батыл, берік орнықты
Байсалдысы болса екен
Алғыр, зерек, мейрімді
Ақылдысы болса екен
Тапқыр, шешен талапты
Өнерлісі болса екен
Ойшыл, өткір, дарынды
Білімдісі болса екен
Сергек, іскер, сезімтал
Саналысы болса екен
Парасатты намысты
Отаншылы болса екен
Болса екен қазақ баласы
Ел ішінде өсетін
«Қайсарлығы қалтқысыз Махамбет қой» - десетін
Ізгіліккке леп едім
Жақсылыққа сеп едім
Тәуелсіз елдің ертеңін
Осылай көрсем деп едім - деп осындай отаншыл бүлдіршіндеріміз аман
- есен өсе берсін.
Ән: «Отан»
Тәрбиеші: Ал құрметті қонақтар осындай әдемі тілектермен,
әндерімізбен бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Сіздерге тағыда
мейрамдарыңыз құтты болсын. Аспанымыз ашық болып, Қазақстанымыз
гүлдене берсін!
,