- Учителю
- Бейнелеу әдістері. «Фантастикалық талдар», «Ойнап тұрған мысықтар», «Қызықты балықтар».
Бейнелеу әдістері. «Фантастикалық талдар», «Ойнап тұрған мысықтар», «Қызықты балықтар».
1 СЫНЫП
КОМПОЗИЦИЯ
3 ТАПСЫРМА.
Тақырыбы: Суретті бейнелеу әдістері. «Фантастикалық талдар», «Ойнап тұрған мысықтар», «Қызықты балықтар».
Сабақтың мақсаты: Сурет салудың негізгі тәсілдері мен мүмкіндіктерін үйрету.
Қолданылатын көрнекіліктер: Оқу көрнекіліктері, репродукциялар, суреттер.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Балдарды сабаққа қызықтыру, табиғатты сүюге баулу.
Сабақ жоспары: 1. Жаңа тақырып.
2. Көрнекіліктерді көрсету
3. Методикалық тапсырма.
4. Өзіндік жұмыс.
5.Қателерін жөндеу.
6.Жұмыстарын талдау.
7.Баға қою.
Сабақ барысы: 1 САБАҚ.
-Жаңа сабақты түсіндіру. Бір қағазда ұш тапсырманы орындау керек.
1. сызықтық сурет (қаламды қағаздан алмай бір сызықпен, үзік сызық пунктир, зигзак
сызығымен) орындау.
2. реңдік сурет (штрихтап, нүктелеп, домалақтатып).
3. түсті-реңдік сурет.
-Дақтың бейнесінің түсі мен реңін бейнелеу әдісін меңгеру. Бейнелеу тәсілі мен образын оқушылардың өздерінің таңдай білуі.
-Форматына бейнені сауатты сыйғызу (компоновка). Пластикасын, образы мен көлемін көрсету.
-Композициялық шешімін табу. Қағазға дұрыс орналастыру.
-Өзіндік жұмыс. Ойлаған композицияларын тез және нақты салу керек.
-Кеңес беру.
-Композициялық қателерін жөндеу.
-Кеңістікті көрсету.
-Қателерін айтып, оларды жөндеу.
-Оқушыларға кеңес беру.
-Жұмысты аяқтау.
-Оқушылармен бірге отырып аяқтаған жұмыстарын композициялық шешімін және қойылған талаптарды кімнің қалай орындағандарын талдай отырып еңбегіне қарай бағалаймын.