7


  • Учителю
  • БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



ЖОСПАР:





Кіріспе......................................................................................................................3



І. Өсімдіктер дүниесі



1.1. Өсімдіктер әлеміне жалпы сипаттама..................................................5

1.2. Өсімдіктердің түрлері............................................................................7



ІІ.Негізгі бөлім

Дара жарнақтылар



2.1. Дара жарнақтыларға жалпы сипаттама..............................................10

2.2. Дара жарнақтылардың тұқымдастары................................................11

ІІІ.Қорытынды.....................................................................................................30



Пайдаланылған әдебиеттер



























































































































КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі - Біздің планетамыздағы континенттер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады, олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал шөлдердің өзінде өсімдіктердің тіршілігі тоқтап қалмайды. Тек полюстердің мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана өсімдік болмайды. Сонымен қатар теңіздер мен мұхиттар жер бетінің шамамен 360 млн.км.кв.-дей кеңістігін алып жатады. Осы тұста өсімдіктердің тіршілік әрекетімен танысып, олардың сан түрлілігіне назар аударып, әркез оларды қорғай білуге дағдылану. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формалары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Сол дара жарнақтылардың тұқымдасына толық тоқталып, кең мағына беру.

Ботаника өсімдіктер туралы ғылым. Ботаникалық білім адамның практикалық тіршілігіне байланысты пайда болып, тез дамып қалыптасқан. Өсімдіктер байлығын пайдаланудың алғашқы кезеңіңде адамдар олардың жемістерін, тұқымдарын, түйнектерін, пиязшықтарын және тамырсабақтарын жинастырып өз қажетіне жаратқан. Ол үшін өсімдіктерді танып, олардың жеуге келетіңдерінен, жеуге келмейтіндерін, дәрілік өсімдіктерді улы өсімдіктерден ажырата білген. Сонымен бірге пайдалы өсімдіктердің өсетін жерлерін анықтап, оларды жинаудың мерзімін белгілеп және сақтау тәсілдерін меңгеру қажет болған.

Қазіргі уақытта ботаника үлкен көпсалалы ғылым болып отыр. Ботаниканың жалпы міндеттеріне жекелеген өсімдіктерді және олардың жиынтығын, басқаша айтқанда өсімдіктер қауымдастықтарын жан-жақты зерттеу жатады. Осы өсімдіктер қауымдастықтары орманның, шалғынның, шөлейттің өсімдіктер жабынын түзеді. Өсімдіктердің структурасы мен өсу заңдылықтарын, олардың қоршаған ортамен байланысын, жер шарындағы жекелеген түрлердің және тұтастай өсімдіктер қауымдастықтарының таралуымен, сол жерлерде қаншалықты жиілікте кездесетіндігін; өсімдіктер дүниесінің шығу тегі мен эволюциясын, оның алуан түрлілігінің себебтерін және классификациясын; шаруашылыққа қажеттілігі жағынан құнды өсімдіктердің (малға азық болатын, дәрілік, жеміс-жидек, көкөністік, техникалық және басқа да өсімдіктерді) табиғи қорын анықтау және оларды өндірісте тиімді пайдаланудың жүйесін, мәдени жағдайға ендірудің (интродукция) жолдарын қарастыру болып табылады. Осы жоғарыда келтірілгендердің өзі ботаника ғылымы зерттейтің проблемаларды толық қамтиды деп айтуға болмайды. Алайда ботаника ғылымының алға қойған міндеттерінің ең бастыларына қоршаған ортаны (табиғатты) және өсімдіктер ресурстарын қорғаудың ғылыми негіздерін жасау болып табылады. Әсіресе "Қызыл кітапқа" енген сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді зерттеуге көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені кез келген түрді жоғалту ол табиғаттағы өсімдіктердің алуан түрлілігін азайту ғана емес, сонымен бірге өсімдіктер қауымдастығының мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан тұрақтылығын бұзу болып табылады.

Зерттеу мақсаты - қазіргі таңда, өсімдіктерді қорғауға әдіс-тәсілдерін, құралдарын пайдалану, ерекшеліктерін анықтау, талдау жасау.

Зерттеу обьектісі - өсімдіктерді қорғау кезінде құралдарды пайдалану процесі.

Зерттеу пәні - қазіргі таңдағы мәдени өсімдік түрлеріне көмек көрсету жолдарын анықтау шаралары және даражарнақтылар тұқымдасының өкілдерін зерттеу шаралары

Зерттеу болжамы - дара жарнақтылар ерекшелігі мен барлық адамзат әлемі өсімдіктерге әр қолдан келген көмегін көрсету мақсатында түрлерін сақтап қалу.

Зерттеу міндеттері:

  • Суыққа төзімді өсімдіктердің ерекшелігін анықтау;

  • Қазіргі таңда өсімдіктерді қорғайтын, қолдайтын іс-шараларды қалыптастыру;

  • Дара жарнақтыларды көбейту және оларды қорғау шаралары;

  • Әр адам осы өсімдіктерді қорғау мақсатында қолдан келер көмек көрсету.

Зерттеу әдісі - тақырыпты зерттеу барысында оқу құралдарынан және бұқаралық ақпарат құралдарынан мәліметтер алынды. Сондай - ақ ғаламтор мәліметтерінеде көніл бөлінді.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.











































1.1 Өсімдіктер әлеміне жалпы сипаттама

Планетамыздың контененттерінің көп бөлігін өсімдіктер алып жатыр. Тіптен климаты қатал жерлерде де тіршілігін жоймайды. Олар тек полюстердің мұз басқан кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана болмайды. Сонымен қатар өсімдіктер теңіздер мен мұхиттарда да көптеп кездеседі. Яғни бұл жерлерде су өсімдіктері (негізінен балдырлар) өседі.

Олардың біреулері, микроскопиялық ұсақ болып келеді және судың бет жағында жүзіп жүретін планктонды құрайды, ал екіншілері су астында субстратқа бекініп шалғын түзетін - бентос болып табылады.

Олардың кейбіреулері ересен үлкен болып келеді және 100 м ұзындыққа дейін жетеді, кейде тіптен одан да асып кетеді.

Өсімдіктердің басым көпшілігінің түсі жасыл болады, ол бұлардың клеткаларындағы хлоропластар деп аталатын ерекше органеллаларында немесе органоидтарында жиналатын жасыл пигмент хлорофиллге тікелей байланысты болады. Хлорофиллдің ерекше қасиеті сол, ол күн сәулесінің электромагниттік энергиясын тасымалдаудағы күрделі проценттерге қатысты. Яғни өсімдік хлорофилл пигменттерінің көмегімен күн сәулесінің электромагниттік энергиясын пайдалана отырып ауадан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді де , судың қатысуымен органикалық заттардың химиялық энергиясын түзеді (фотосинтез). К:А. Тимирязев өзінің бір ашық лекциясында былай деген екен: «Бір кездерде, бір жерге күннің сәулесі құлаған, бірақ ол құнарсыз топыраққа емес, бидайдың биіктігіндей болатын жасыл шөптердің өркендерінің үстіне түскен, дәлірек айтқанда хлорофилл дәндеріне түскен. Осылайша жасыл өсімдіктердің өркендеріне соғылған сәуле өшіп, жарық беру қабілетінен айырылған, бірақ мүлдем жоғалып кетпеген. Ол тек ішкі жұмыстарға жұмсалған, ол.....крахмалды түзген. Осы крахмал қанттың ерітіндісіне айналып, өсімдіктің бойын ұзақ уақыттар аралығынан кейін барып, оның бір жеріне жиналады. Көбіне ол өсімдік дәндерінде крахмал түріне немесе клейковина (астық дәніндегі белоктік зат) түріне жиналады. Ол қандай да бір формада бізде тамақ болатын нанның құрамына кіреді. Ол біздің бұлшық еттерімізге, нерв жүйелерімізге айналады. Осыдан кейін барып көміртегінің атомдары біздің организмімізде қан арқылы денеміздің барлық жеріне таралатын оттегімен қайтадан қосылуға ұмтылады. Бұл жерде күннің сәулесі химиялық энергия түрінде, қайтадан нағыз күштің формасына келеді. Бәлкім осы минутта ол біздің миымызда ойнап тұруы мүмкін»

Қысқасы: «Тамақ біздің организміміздегі қуат (энергия) көзі, сондықтанда басқа нәрсе емес, сол ғана күн сәулесінің консервасы» болып табылады.

Фотосинтез процесінің барысында органикалық заттардың түзілуінің қатар, ауаға оттегі бөлініп шығады. Онымен біздер тыныс аламыз.

Атап өткен жөн фотосинтез процесі аса үлкен көлемде (колосальных масштабах) жүзеге асады, өйткені бір өсімдіктің жапырақ тақталарының алып тұратын ауданы, осы өсімдіктің алып тұрған жер көлемінен бірнеше есе артық болады, ал бір жапырақтың хлоропласттарының алып тұратын ауданы осы жапырақтың алып тұратын ауданынан 10 есе артық болады, ал хлоропласт мембраналарының алып жататын ауданы, осы өсімдіктің фотосинтез процесі жүретін жалпы ауданын тағы да 100 есеге арттырады. Өсімдіктер түзген көп қабатты жасыл экранның алып тұрған ауданы біздің планетамыздың жер көлемінен бірнеше есе артық болады.

К.А.Тимирязевтің берген анықтамасы бойынша, хлорофилл дәні әлемдік кеңістіктегі күн сәулесінің химиялық энергияға ауысып, жер бетіндегі барлық тіршіліктің көзіне айналатын орталығы болып табылады.

Аса көрнекті прогрессивтік көзқарастағы физиктердің бірі Ф:Жолио-Кюри мынадай қызық ой айтқан: «мен атом энергиясының болашағына сенемін және осы жаңалықтың маңыздылығына күмән келтірмейтін, бірақта менің ойымша энергетика саласында нағыз өзгеріс, тек сол жағдайда ғана болады, егерде біздер хлорофилл секілді немесе сапалығы оданда жоғары болып келетін молекулалардың көп мөлшерде тұрақты түрде синтезделуіне қол жеткізер болсақ». Оған қол жеткізу үшін молекуланың осы типін және фотосинтездің іс-әрекетін жан-жақты зерттеу керек»

Осы сөзден кейін бірнеше жыл өткен соң бір мезгілде екі лабораторияда (ГФР және АҚШ) хлорофилл жасанды жолмен ситезделді Бірақта ғылымның осындай даусыз қомақты жетістігінің маңызын асыра бағалаудың қажеттігі шамалы. Өйткені өсімдіксіз фотосинтез процесін іске асыру мүмкін емес. Фотосинтездің құпия сыры әлі күнге дейін толық ашылмай келеді.

Өсімдіктердің атқарып отырған жұмыстарының көлемінің қаншалықты екендігін дәл анықтау қиын, тіптен мүмкін де емес.

Шамамен есептегенде, өсімдіктер фотосинтез процесінің нәтижесінде жыл сайын 400 млрд.т. органикалық заттар түзеді және сол үшін олар 175 млрд.т. көміртегін (бәлкім одан да көп мөлшерде) пайдаланады.

Сонымен, эволюцияның барысында жер бетіндегі тіршілік осыдан миллиондаған жылдар бұрын пайда болған, ал өсімдіктер болса хлорофиллдерінің болуына байланысты органикалық емес заттардан, органикалық заттарды синтездеуге қабілетті жалғыз организм ретінде дараланған. [1, 74 - 77]

























1.2 Өсімдіктердің түрлері

Ауыспалы қау (ковыль уклоняющийся). Көп жылдық шөптесін өсімдік. Республикамыздың батысындағы Жалпы Сыртта ғана кездеседі. Оны қорғау үшін осы жердің оңтүстік бөлігінде ботаникалық заказник (шағын қорық) ұйымдастыру қажет. Ауыспалы қау - аз зерттелген эндемик өсімдік.

Түпті жуа (лук дернистый) Шығыс Қазақстан облысындағы Зайсан қазаншұңқырында ғана өсетін, жуашығы онша жетілген көп жылдық эндемик өсімдік. СССР «Қызыл кітабына енген түпті жуаны сақтап қалу үшін осы маңда ботаникалық заказник ұйымдастырған жөн.

Алматы шиқылдағы (юнона алма-атинская). Іле Алатауындағы Ұзынағаш пен Шамалған өзендерінің таулы аңғарында ғана өсетін, жуашықты көп жылдық эндемик өсімдік. Оны сақтап қалу үшін алматы шиқылдағы таралған аймақта заказник ұйымдастыру қажет.

Қатты жапырақты келерия (тонконог жестоколистый). Тығыз шым түзеп өсетін көп жылдық өсімдік. Ақтөбе облысының Ленин ауданында ғана өте сирек кездеседі. Қатты жапырақты келерияны және басқа да сирек кездесетін өсімдіктер өсетін бұл аймақта ботаникалық заказник ұйымдастыру аса қажет.

Қаратау қауы (ковыль каратавский). Көп жылдық бұл өсімдік Қаратауда, Шу-Іле тауларындағы Хандау мен Жамбыл жоталарында өте сирек ұшырасады. Қаратау қорығын ұйымдастыру арқылы бұл өсімдікті сақтап қалуға мүмкіндік бар.

Кәдімгі семсершөп (мечтрава обыкновенная). Тамыры жуан биіктігі бір жарым метрге дейін жететін көп жылдық өсімдік. Бұл өсімдік Қаратауда ғана кездеседі. Осы өлкеде өсетін кәдімгі семсершөпті қамқорлыққа алу үшін Бозторғай орман шаруашылығында шағын заказник ұйымдастырса болады.

Илария шырыны (геннимгия илария). Ұршық тәрізді тамыры бар көп жылдық эндемик өсімдік Қаратау мен Батыс Тянь-Шаньда кездеседі. Илария шырыны таралған аймақта шағын заказник ұйымдастыру қажет.

Піскем жуасы (лук пскемский). Жуашығы аса ірі келген көп жылдық өсімдік. Қаржантау, Өгем, Піскем жоталарында және Талас Алатауында ғана кездеседі. Тағамға пайдалану үшін жаппай жинаудың салдарынан сиреп кеткен. Піскем жуасы Ақсу-Жаблағылы қорғында қамқорлыққа алынған.

Грейг қызғалдағы (тюльпан Грейга). Он сантиметрге дейін жететін қызыл қызғылт сары түсті ірі, әсем гүлі бар бұл эндемик өсімдік Қаратауда, Шу-Іле тауларында, Қаржантауда, Талас пен Қырғыз Алатауларында өседі. Көп мөлшерде жиналып, жуашығымен бірге қазып алуға байланысты сиреп кеткен. Қазір Грей қызғалдағы Ақсу-Жабағылы қорығында қорғалады. Басқа жерлерде де бұл сәнді өсімдікті қорғау үшін көпшілік арасында түсіндіру жұмысын кеңінен жүргізу қажет.

Енді емдік қаситтері бар бірқатар өсімдіктерге тоқталып кеткенім жөн. Дәрілік өсімдіктердің бірі Алқызыл долана (боярышник кровавокрасный). Биіктігі 4 метрге дейін жететін тікенекті бұта. Май-июнь айларында гүлдейтін алқызыл долана Солтүстік Қазақстан, Семей, Шығыс Қазақстан облыстарының жерінде және Алматы обылысының таулы аймағында өседі. Ертіс өзенінің жағалауынан басқа жерлерде сирек, шашырай таралған. Алқызыл долана өсімдігінің жемісі мен гүлін дәрілік шикізат ретінде жинайды. Оның жемісінің, гүлінің тұнбалары мен сұйық экстраттары жүрек аулруларына қарсы қолданылады, әрі бас айналғанда, ентікпе және ұйқы қашқанда ем ретінде ішеді.

Итмұрын (шиповник). Биіктігі 1,5-2 метрдей бұта тектес өсімдік. Бұтақтары қызыл қоңыр түсті, сағағында ұштары имектеліп келетін тікенектері болады. Гүлдері ірі, ашық қызыл түсті. Жемісі - ішінде бір ғана тұқымы бар жаңғақша. Қазақстанда итмұрынның 21 түрі өседі. Соның ішінде инелі итмұрын, Беккер итмұрыны, Шренк райханы, Павлов итмұрыны сияқты түрлері шипалық қасиеті бар бағалы өсімдіктер.

Дәрілік мақсат үшін итмұрынның жемістері тек күз айларында жиналып алынады. Бұл өсімдіктің құрамында С, К, Е, В тобының витаминдері, каротин, қант, малма заттар, лион қышқылы, бояулы заттар, глюкозидтер бар.

Итмұрынның жемісінен жасалған дәрілердің өт айдайтын, қабынуға қарсы әсер ететін, асқазанның және ішектің қызметін жақсартатын қасиеттері бар. Осыған байланысты бұл өсімдіктен дайындалған дәрілер қан азайғанда, ұзаққа созылған жұқпалы аурулардан кейін организмнің күш-қуаты кемігенде, бауырға және бүйрекке тас байланғанда, асқазан бездерінің қызметі нашарлағанда, сондай-ақ ұзақ жазылмайтын жараларды, сынықтарды емдеу үшін пайдаланылады.

Шайқурай (зверобой). Бір жылдық және көп жылдық шөп тектес кейде бұта құрайтын өсімдік. Сабақтары қарама-қарсы немесе түптеніп орналасады. Жапырағының сыртында нүкте тәрізді қара, мөлдір түктері болады. Қазақстанда шайқурайдың жеті түрі кездеседі.

Қатты түкті шайқурай көбінесе дымқылды, шалғынды жерлерде, өзендердің жағалауында өседі. Июнь, июльде гүлдейді. Оның жапырағында С витамині болады. Халықтық медицинада шайқурайдың бұл түрі асқазан және көкірек ауруларына қарсы ем ретінде пайдаланылады.

Кәдімгі шайқурай, бұдырлы шайқурай тау бөктерлерінде, тастық далалы жерлерде өседі. Июль айында толысады. Дәрілік өсімдіктің бұл екі түрі де халықтық медицинада, тұрмыста кең қолданылады.

Кәдімгі шайқурайдың дәрілік мақсатқа жоғарғы бөлігі пайдаланылады. Гүлдеген мезгілде шайқурайда эфир майы болады. Сондай-ақ бұл өсімдік құрамында бояулы және шайыр заттары кездеседі. Кептірілген шайқурайдың тұнбасы шаншу ауруларына және күйген жерлерді емдеуге қолданылды. Және бұл өсімдік әр түрлі ісіктерге, қан тоқтатуға қарсы пайдаланылады.

Қара андыз (девясил). Шоқтығы 2 - 2,5 метрдей келген көп жылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы ірі, қатпарлы, әрі оның ернеулері ара тісті болып келеді. Гүлдері алтын сары түстес себет ернеуіне орналасқан.

Әдетте июль-август айларында гулдейді. Қара андыз республикамыздың барлық облыстары жерінде дерлік өседі.

Оның тамырын дәрі жасау үшін ерте көктемде , яғни апрель-май айларында қызып алады. Одан дайындалған препараттар тыныс жолдарын , асқазан, ауруларын емдеуге пайдаланады.

Тамақ өнеркәсібінде қара андыздан алынған эфир майы конфет жасау ісінде де кеңінен қолданылады.

Қос үйлі қалақай (крапива двудомная). Биіктігі 1,5 метрге дейін жететін көп жылдық шөптесін өсімдік.

Сабағы мен жапырақтары түктермен жабылған. Денеге қадалса, ашытатын бұл түктердің құрамында құмырсқа қышқылы болады. Сол себепті ол денеені тіртіркентеді. Гүлдері өте ұсақ, жасыл түсті өңсіз болып келеді. Қалақайдың бұл түрінің қос үйлі деп аталу себебі - бір өсімдіктерге аналық гүлдер, екіншілерінде аталық гүлдер өсіп жетіледі.

Әдетте июль айынан бастап күзге дейін гүлдейтін қос үйлі қалақай Қазақстанның барлық жерлерінде дерлік кездеседі. Құрамында С, К витаминдері, каротин болғандықтан авитаминозға, қан толтыру мен тыныс жолдарының жұмысын жақсартуға көмектеседі. Қозыгүл (примула). Ірі тостағаншалы қозыгүл орман төңірегінде, шалғындарда, бұталардың арасында, таудың жоғары белдеулерінде өседі. Бұл өсімдікті Алматы, Семей, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарынан кездестіруге болады. Сондай-ақ ол - өте әсем үй өсімдігі. Ерте көктемде гүлдейді. Соған байланысты қазақ оны қозыгүл, бәйшешек немесе наурызшешек деп те атайды.Латынша аты «примула» яғни алғашқы гүл деген сөз. Медицинада бұл өсімдіктің тамыры, жапырағы, гүлі пайдаланылады. Тамырында бес проценттен он процентке дейін сапонин, сондай-ақ глюкозиттер, эфир майының қалдығы және витаминдер болады. Халықтық медицинада бұл гүлдің ұнтағын суға бөктіріп, жөтелге, тыныс жолдарының зақымдануына қарсы қолданады. Қозыгүлде екі процентке дейін примула қышқылы кездеседі. Сондай-ақ онда каротин және С витамині де жеткілікті. Соған байланысты бұл өсімдік С витаминін дайындайтын құрама болып есептелінеді. Гүлденген мезгілде жиналған жапырақтарынан жасалынатын дәрі витамин азайған кезде пайдаланылады. Қозыгүлдің тамырынан жасалған дәрі асқазанға да пайдалы. Оның ұнтақтарыц мал дәрігерлігінде жиі қолданылады. [6, 76-83]



























НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Дара жарнақтылар немесе лилиопсидтер класы

(Однодольные или лилиопсиды)

MONOCOTYLEDONEAE, LILIOPSIDAE

Дара жарнақтылардың ерекшеліктері:

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады;

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; тамырлары екінші рет қалыңдауға (жуандауға) қабілетсіз, тамыр системасы көп жағдайда шашақ тамырлы;

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады;

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді;

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.

Жалпы дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формаллары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан жоғарыда келтірілген айырмашылықтарынан басқа, тағыда көптеген қосымша белгілерінің сериясын айтуға болады: дара жарнақтылардың флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанда ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады; өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады; жапырақтары екі қатар түзіп орналасады; артық қор заттары және метаболизм өнімдері (эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер және т.б) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысы біршама қарапайым болып келеді.

Дара жарнақтыларда қосжарнақты секілді болады. Екеуі де жабық тұқымды өсімдікке жатады.

Дара жарнақтылардың ішінде жоғарғы деңгейде маманданған өсімдіктер көптеп саналады. Мысалы, геофиттері өмірінің қолайсыз кезеңдерін жер астында тамырсабақ, бадана (луковица), түйнектер, түйнек пиязшықтар түрінде өткізеді; гелофиттері, батпақты жерлерде және ылғалы мол топырақтарда өседі; ксерофиттері шөлді және шөлейт аймақтарға бейімделген; эфемерлері өмірлік циклі қысқа болатын өсімдіктер, ұзаққа созылатын құрғақшылық басталғанға дейін олар гүлдеп және дән байлап үлгереді. [2, 424-428]







Дара жарнақтылар

(гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай)



БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.









Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae



БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Қабыршақтыгүлдер қатарлар тобы (чешуецветные) - Glumiflorae

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.





Қияқөлеңдер тұқымдасы - Cyperaceae



Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы - Gramineae, Poaceae























Ашық тұқымдылар мен жабық тұқымдылардың айырмашылық белгілері



2.2. Дара жарнақтылардың тұқымдастары

Дара жарнақтылар класының жоғарыда келтірілген 38 қатарын гүлсерігінің құрылысының ерекшеліктеріне қарай екі қатарлардың тобына бөледі.

Желектілер қатарлар тобы - Corolliflorae

Гүлсерігі қарапайым, желектер (күлте жапырақшалар) түрінде болады. Көп жағдайда олардың шірнеліктері (нектарник) жақсы жетілген болып келеді. Тозаңдануы насекомдар арқылы жүреді. Ал тропикалық елдерде насекомдармен де, құстармен де тозаңданады.

Бұл қатарлардың тобының ең үлкен тұқымдастардың бірқатарына тоқталуды жөн көрдім. Оларға:

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Құртқашаш тұқымдасы - Iridaceae

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Лалагүлділер тұқымдасы - Liliaceae

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Асфоделалар тұқымдасы - Asphodelaceae

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Гиацинттер тұқымдасы - Hyacinthaceae

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Жуалар тұқымдасы - Alliaceae

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Агавалар тұқымдасы - Agavaceae

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Меруертгүлділер, немесе ландыштар тұқымдасы - Convallariaceae

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Кірпішөптер тұқымдасы - Ruscaceae

БОТАНИКА - ДАРАЖАРНАКТЫЛАР курстық жұмыс.Қасқыржемдер тұқымдасы - Asparagaceae

  1. Құртқашаш тұқымдасы - Iridaceae

Тұқымдасқа 80 туыс, 1800-дей түр жатады. Тропиктерде, субтропиктерде және қоңыржай климатты облыстарда кең таралшған өсімдіктер. Әсіресе Оңтүстік Африкада, Жерорта теңізі жағалауында, батыс және Шығыс Азияда және оңтүстік Америкада көптеп кездеседі. Құрғақ немесе батпақты жерлерде өсетін, тамырсабақты немесе түйнекті пиязшықты өсімдік.

  • Жапырақтары кылыш тәрізді, жоғары қарай көтеріліп тұрады, сиректеу доға тәрізді иілген болып келеді;

  • Гүлдері сабақтың ұшында біреуден болады (немесе гүл шоғырына жиналған);

  • Қосжынысты, дұрыс немесе бұрыс гүлдер, көп жағдайда өте үлкен болып келеді. Гүлсеріктері актиноморфты, сиректеу зигоморфты;

  • Желек тәрізді түтікке біріккен 6 - жапырақшадан тұрады; сыртқы желектерінің көп жағдайда ішкі желектерден айырмашылығы болады. Аталықтарының саны 3. Гүл түйіні 3 ұялы, төменгі болып келеді. Аналықтың мойны жоғарғы жағынан 3 - ке бөлінген, көп жағдайда желек тәрізді жақтаулардан немесе тармақталған аналықтың аузынан (рыльце) тұрады;

  • Жемісі - төменгі синкарфты қауашақ. Гүлінің формуласы: * P3+3 A3 G(3)

БОР - дың флорасында 5 - туысы, 166 - дан астам түрлері, ал Қазақстанда 5 туысы 34 түрі кездеседі.

Тұқымдастың түрлерінің көпшілігі тамаша гүлдейтін өсімдіктер. Кейбір түрлері техникалық өсімдіктер болып табылады.

Бәйшешек туысы (шафран - CROCUS) - түйнек пиязшықты өсімдік.

Жасыл жапырақтары түссіз немесе сарғыштау болып келетін жапырақ қынапшасынан топтасып шыгады. Жалғыз немесе қосарланған үлкен гүлдері пленка тәрізді түссіз жапырақ қынапшасынан кетеді. Гүлдері қосжынысты, гулсерігі воронка тәрізді, біртіндеп трубкаға айналады, 6 бірдей бөліктен тұрады. Сары немесе ашық көк түсті болып келеді. БОР - да 20 ға жуық түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі.

Құртқашаш туысы (ирис - IRIS) - үлкен туыс болып табылады. Гүлдері үлкен әр түрлі түске боялған болып келеді. Гүлсерігі - дұрыс: 3 сыртқы желектерінің 3 ішкі желектерінен айырмашылығы болады. Аналағынаң аузы (3) ұзын, етженді, желек тәрізді бөліктен тұрады. Гүлтүйіні 3 ұялы. Аталықтары сыртқы желектерінің түп жағымен бірігіп кетеді. Жемісі үш қырлы қауашақ. Құрқашаштар солтүстік ендіктің субтропикалық және қоңыржай климатты зоналарында өседі. БОР - да Кавказда, Орта Азияда, Сібірде, Қиыр Шығыста және БОР - дың Европалық бөлігінде өседі.

Гладиолус туысы (Gladiolus) - тамаша гүлдейтін түйнекті - пиязшықты өсімдік. Гүлсерігі зигоморфты, трубкасы иілген, желегінің бөліктері бірдей болмайды және ашық түске боялған. БОР - да 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі.

  1. Лалагүл тұқымдасы - Lіlіaceaе

Дара жарнақтыларға жататын көп жылдық түйнек жуашықты, кейде тамырсабақты шөптесін, бұташық өсімдіктер. Еуразия, Африка, Америка құрлықтарының далалы, таулы аймақтарында өсетін 3 мыңға жуық түрінің Қазақстанда 21 туысы мен 196 түрі кездеседі. Гүлсидам сабақтары жапырақты, кейде жапырақсыз. Жапырақтары қандауыр, таспа, жүрек пішінді, сағақты, бүтін жиекті. Ірі және ұсақ гүлдері қос жынысты, жеке жетіледі, кейде гүлшоғыры сыпыртқы гүлшоғырына топтанған. Жемісі - қорапша кейде жидек. ұсақ тұқымдары шашылу арқылы, кейбіреулері жел, құмырсқа арқылы таралады. Қазақстанда көбірек кездесетін және маңызды туысы - жуа (Allіum). Олар - көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Жуаның 108 түрі далалық шөл, шөлейт жерлерде, әсіресе, таулы аймақтарда өседі. Сабағы қуыс, кейде бітік, оның ұшында көп гүлді, шатыр тәрізді гүлшоғырлары бар. Жапырағы тұтас қынапты, сабағын орап тұрады. Гүлі майда, ақ, қызғылт сары, жасыл, т.б. түсті. Жемісі - үш қырлы қауашақ. Баданалары домалақ, кейде сопақша. Жуаның сирек кездесетін 9 түрі (мысылы, Піскем жуасы, түпті жуа, Сергей жуасы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына" енгізілген. Лалагүл тұқымдасы мал азықтық, тағамдық, дәрілік өсімдіктер ретінде де бағаланады. Ерте заманнан бері ерекше сәнді әсемдік өсімдіктер (лалагүл, қызғалдақ, қынжыгүл, т.б.) есебінде мәдени түрде өсіріліп келеді. Тамыры - тамырсабақ, түйнекті пиязшық немесе пиязшық. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады. Гүлі - қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады. Гүл серігінде 6 күлте жапырақша бар, олар екі шеңберле орналасады. Аталығы - 6, бұлар да екі шеңберлі. Аналығы - 1. Жемісі - қауашақ немесе жидек. Өсімдік бунақденелілер арқылы тозаңданады. Гүл формуласы: Гс3+3А3+3Ж(3) (қазжуаның формуласы).

Ғаламшарымызда лалагүлділер тұқымдасының 1 300-ге жуық түрі өседі. Қазақстанда 57 түрі кездеседі. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. Лапыз, тамырдәрі, қырлышөп дәрілік өсімдіктерге жатады. Сәндік өсімдіктер: секпілгүл, сумбілшаш, қызғалдақ (нақты атауы - жауқазын) ауламызда көздің жауын алады. [3, 88 - 92]

Лапыз - көпжылдық, шөптекті, биіктігі 15 сантиметрге жететін дәрілік және улы өсімдік . Оның тіршілігі ерекше назар аударады. Күздік лапыз мысалында тіршілігі мен құрылысын қарастырайық. Күздік лапыздың қабыршақты пиязшығы топыраққа терең сіңіп орналасады. Қабыршақ оның тіршілігін сақтайды. Күздік лапыз күзде қарақошқыл күлгін түсті гүл жарады. Гүлі ұзын түтікшенің жоғары ұшында 6 бөлікке бөлінеді. Гүлсерік түбінде 6 аталық болады. Гүлдің жатыны топырақ астында тереңірек орналасады. Жатыннан 3 ұзын аналық мойны өсіп шығады. Жатынның аналық аузы тозаңдыққа дейін жетелі. Өсімдік тозаңданғаннан кейін жемістері дереу пісіп жетіледі. Алайда лапыз келесі көктемге дейін топырақ астында жатады. Көктемде қандауыртаспалы, жиегі тегіс жапырақтар дамиды. Жапырақтардың ұзындығы 20 сантиметрге дейін жетелі. Жапырақтар одан әрі ұзарған кезде үш қырлы қауашақ түріндегі жемісі жер бетіне көтеріледі. Пісіп-жетілген жемісінде өте көп қошқыл-қоңыр тұқымдар болады. Жапырақтары қаулап өскен кезде ескі пиязшық кішірейіп, жойылып кетеді. Сөйтіп жаңа пиязшық пайда болады да жаңа өсімдік өсіп шығады. Қазақстанда лапыздың сары лапыз, Кессельринг лапызы деген екі түрі өседі. Лапыздың тұқымы медицинада дәрі ретінде пайдаланылады. Тұқымнан қан ауруларын, подагра, қатерлі ісікті емдейтін дәрі алынады. Тұқымы өте улы. Лапыз тұқымының құрамынан жасушалардың бөлінуіне әсер ететін зат табылды. Ауыл шаруашылығында мұның маңызы зор. Лапызды кейбір өсімдіктердің (қияр, қызанақ) түсімін арттыру үшін қолдануға болады.

  • «Жауқазын» - гүлді өсімдіктің жалқы атауы, ал «қызғалдақ» - ақындар сипатындағы жалпы атауы. Көктемде шығатын өсімдік жауқазынның бір түрі екенін ақын Абай былай бейнелеген: «Жазғытұрым қылтиған бір жауқазын».

  • Қазжуа - лалагүл тұқымдастардың ең кішкене түрі. Биіктігі көбінесе - 3 ем, кейде 35 сантиметрге дейін жетелі. Оның өсімді мерзімі өте қысқа, жер бетіне жалғыз ғана талдырмаш жапырағы мен алты жіңішке күлте- жапырақты сары гүлі пайда болады да, көп ұзамай тіршілігін жолды. Топырақта кішкене пиязшығы қыстал, келесі көктемді күтеді.

  • Баршынгүл (латынша «гладиюс» - семсер, орысша -«шпажник») - түйінпиязшықты құртқашаш тұқымдас көпжылдық өсімдік. Еуразия және Африкада жабайы түрде өседі. Жапырағы - семсер пішінде және қатқыл. Баршынгүл сәндік өсімдік ретінде XVII ғасырдан бері өсіріліп келеді. Қазіргі кезде 10000-ға жуық іріктемесі шығарылды. Кейбір іріктеме гүлінің диаметрі 14 сантиметрден асып түседі.





  1. Асфоделалар тұқымдасы - ASPHODELACEAE

Бұл тұқымдасқа 46 - 50 туыс, 1400 - 1450 дей түр жатады. Өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер мен ағаштар.

Шырыш туысы (эремурус - EREMURUS) - ланцет тәрізі ұзын жапырақтары топтасып жертаған түзетін өсімдік осы жапырақтарының ортасынан биікткгі 0,5 - 2 м. болатын, жалғыз атпа сабақ кетеді. Ол әдетте үлкен, өсімдікке ерекше көрік беріп тұратын шашақ тәрізді гүл шоғырлармен аяқталады. Мысалы, үлкен шырыш деген түрдің шашағында 800-дей гүл болады. Шырыштардың БОР - дың Оңтүстік аудандарында 23 түрі, ал Қазақстанда 13 түрі өседі.

Алоэ туысы (ALOE) - осы тұқымдастың ішінде ерекше орын алады. Оның 250 - дей түрі бар. Табиғи жағдайда Оңтүстік Африка мен Мадагаскар аралында өседі.

БОР - да сәндік өсімдік ретінде бөлмелерде өсіріледі. Мәдени жағдайда Закавказде өсіріледі. Алоэның жапырағынан алынатын «сабур» деп аталатын кою шырыны медицинада қолданылады. Алоэның эмуль сиясын эпидермит пен күйікті емдеу мақсатында денедегі жараға жағады. Оның жапырағын халық медицинасында кеңінен қолданылады.

  1. Гиацинттер тұқымдасы - HYACINTHACEAE

Бұл тұқымдасқа 40 туыс, 900-дей түр жатады. Гиацинттер жер бетінің 2 бөлігінде де кең таралған, бірақ саны жағынан ең көп кездесетін және жақсы дамыған жерлері Оңтүстік Африка және Жерорта теңізі жағалауы мен Иран-Туран облыстары болып табылады.

Тұқымдастың өкілдері сырты көң тәрізді қабыршақтармен қапталған бадаланаларының болуымен сипатталады; фотосинтез процессі жүретін жапырақтары жерге жақын орналасады (прикорневые); гүлдері жоғарғы жапырақтарының қолтығыңда орналасады.

Супияз туысы (пролеска, или голубой подснежник - SCILLA) - гүлдері қызыл, көпшілігінде көкшіл түсті болып келетін, орташа мөлшердегі немесе кішкентай өсімдіктер. Жапырақтары жерге жақын орналасып, жер таған түзеді. Гүл беретін атпа сабақтары қысқа болады. Гүлдері шашақ түзеді (сиректеу жалғыздау болады). БОР-да 20-дай түрі, ал Қазақстанда 1 ғана түрі кездеседі. Негізінен қара топырақты аймақтарда және оңтүстікке таман өседі. Супияздың кейбір түрлері ерте көктемде сәндік өсімдіктер ретіңде өсіріледі.

Ургинея туысы(URGINEA). Жерорта теңізі маңында кең тараған түрінің бірі теңіз пиязы (лук морской) деген атпен белгілі. Оның үлкен пиязшығында жүрекке әсер ететін глюкозидсцилярин жиналады. Теңіз пиязының қызыл пиязшықты, бір формасында сабау-қүйрықты (крыса) өлтіретін у болады (крысиный яд), сон-дықтанда оны элеваторларда, қоймаларда пайдаланады. Кавказдың Қара теңіз жағалауыңда мәдени жағдайда өсіруге болады.

Гиацинттің (HYACINTHUS) гүлсерігі воронка тәрізді болады. Туыста 30-дай түрі бар. Олар Жерорта теңізі жағалауымен Африкада өседі. БОР-да 3-түрі кездеседі, олар Копет-даг тауларында өседі. Осыған жақын туыстың бірі. БОР-да ол шөлейт зонада өседі. Тамаша хош иісті гүлдері бар мөдени гиацинттердің ата тегі Н.огіепіаііз болып табылады. Ол Иранда, Кіші Азияда, Сирияда және Египетте өседі. Батыс Европаға гиацинттер XVI ғ. ортаңғы кездерінде әкелінген.

  • Күссүттіген туысы (птицемлечник - ORNITHOGALLUM). Гүлшоғыры - шашақты, гүлдері ұзын сағақтың басыңда орналасады. Тозаңдары ортаңғы бөлігімен бекінеді.

  • Мускари туысы (гадючий лук - MUSCARI). Гүлсерігі кішкентай, бочка тәрізді, біріккен желекті, ақшыл көк немесе көк түсті болып келеді. Түрлерінің кебісі Кавказда өседі.

5. Жуа тұқымдасы - Allіaceae

Тұқымдаста 32 туыс және 750 түр бар. Олар Австралиядан басқа құрлықтардың барлығьшда кездеседі. БОР-дың территориясыңда 2 туысы 323 түрі, ал Қазақстаңда 1 туысы, 109 түрі өседі. Түрлерінің басым көпшілігі солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстарыңда кең таралған.

Жуа туысы (лук - Аllіит ). Дүниежүзі бойынша 400-дей түрі бар, оның 250 БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 109 түрі кездеседі. Баданалы жөне тамырсабақты өсімдік. Екі түрлі жапырағы болады - трубка тәрізді және жалпақ жапырағы. Гүлінің формуласы *P3+3A3+3G(3)

Гүлшоғыры шатыр түзеді, дамудың алғашқы кездеріңде жамылғысы (гүласты жапырақшасы) болады. Кейде гүлшоғырында үсақ баданалары - өнім бүршіктері пайда болады. Жемісі қорапша (қауашақ). Пияз, қатпарлы жуаның (лук репчатый - А.сера) жапырағы трубка тәрізді, басында гүлі болатын, сабағының іші қуыс, үрленген болып келеді, гүлшоғыры шар тәрізді. Пияздың ащы иісінің болуы оның қүрамыңда эфир майының барлығын көрсетеді (концентрациясы 0,03-0,05%).

Сарымсақ (чеснок - А. SATIVUM) - жапырағы жалпақ, түзу, жамылғысының үзын түмсығы болады, баданасы көптеген ұсақ пиязшықтан (деток) түрады. Пиязшықтары арқылы және өнім бүршіктері арқылы көбейеді, қүрамыңда сарымсақ майы болады, кеңінен отырғызылады. Порей жуасы (лук порей - А.роггит) жапырақтарымен сабақтарының жеуге келетін түп жағы үшін отырғызады. Домалақ пияз (лук круглый - Агошпсшт) көп жағдайда күресуге бой бермейтін арамшөп ретіңде өседі.

6. Агава - AGAVA

Бұл тұқымдасқа 10 туыс, 400-дей түр жатады. Талшықты және сәнді ағаштар. Ылғалды субтропикаларда өсіреді. Кіндіктамырлы немесе тамырсабақты өсімдіктер. Біреулерінің діңі қысқа, ал екіншілерінікі жақсы жетілген және жуандап өсуге қабілетті.

Агава (AGAVA) - агавалар тұқымдасына жатады. Таралған аймақтары Мексика, Орталық және Оңтүстік Америка. 450-ге жуық тікенді және тікенсіз сукуленттер тобы бар. Оның біреулері тақыр жерлерде, теңіз жағалауында өссе, енді біреулері биік тауларда да өседі. Жапырақтары жуан, шырынды, бір-біріне тығыз жанаса, тамыр үсті сабағын айнала орналасқан. Жапырақтарының түстері жасыл, сұр, көкшіл жасыл немесе ала болады. Агаваны ерте заманнан бастап, түрлі мақсатта қолданып келеді. Мысалға, жапырағынан мата жасап, тікенін ине орнына қолданған. Тіпті, оның жұмсақ жапырақтарынан сабын алып, арқан, жіп иірсе, тамырынан жиһазға қажетті заттарды да жасаған. Шырынынан эфир, спирт майын, сонымен қатар атақты текиланы да алады. Бірақ, мұндай өнімдерді Қазақстанда ала алмайсың, бізде ол тек әдемілік үшін өсіріледі. Агава жүз жылда бір рет гүлдейді деген ұғым дұрыс емес. Отанында 13-15-ші жылынан бастап гүлдей береді, гүлсидамы 10 метрге дейін жетеді. Гүлдеп болғаннан кейін жапырақтары біртіндеп өмір сүруін тоқтата бастайды. Бірақ, өмір сүруін тоқтатқанға дейін көптеген жанама өскіндерін шығарып кетеді. Бөлме гүлі ретінде өсіргендіктен, үй жағдайында гүлдемейді және біз ергежейлі түрлерін өсіреміз. Американдық агаваны бізде көктемнен күзге дейін, гүлзарларда өсіреді. Қыста жылыжайларға апарып қояды. Бойы 1-1,5 метрге дейін жетеді.

Жарығы: барлық суккуленттер сияқты жарықты, тіке түскен күн сәулесін қажет етеді.

Жылуы: қыс кезінде 10-12ºC салқын жерде ұстаған дұрыс. Ол температураның 4ºC-қа дейін төмендеуіне төзе алады. Қалған уақытта температураны талғамайды.

Суғарылуы: агаваны топырағы құрғаған кезде ғана суғару керек. Қыста салқын жерде өсірсеңіз, оны айына бір рет суғарған дұрыс. Түбегіне қалың суағар жасауды ұмытпаған жөн. Топырағының құрамына шайылған өзен құмын салу керек.

Ылғалдылығы: құрғақ ауаға төзімді. Су бүркуді қажет етпейді. Дегенмен де тазарту мақсатында су бүркіп жапырақтарын жуып немесе дымқыл матамен сүртіп тұру қажет.

Қоректендірілуі: көктем мен жаз аралығында екі аптада бір рет кірпігүлдерге немесе суккуленттерге арналған тыңайтқышпен қоректендіреді.

Аурулары: жарық жетіспеуінен жапырақтары жіңішкеріп, созылып бір-бірінен алшақтап, әдемі пішінін жоғалтады. Артық суғарғаннан тамыры мен сабақтары шірік ауруына шалдығады.

Көбейтілуі: агаваларды тұқым және жанама өскіндері арқылы көбейтеді. Тұқымдарын ақпан, наурыз айларында жәшіктерге топырақ салып, 1 см тереңдікте себу керек. Себілгеннен кейін тамырлануы үшін 20-25ºC температурада ұстау қажет. Жанама өскіндерін бөліп алып, жеке отырғызып көбейтеді. Өскен агаваны 2-3 жылда бір рет, ал жас өсімдіктерін жыл сайын топырағын ауыстырып қайта отырғызу керек. [4, 18-21]

7. Меруертгүлділер, немесе ландыштар тұкымдасы CONVALLARIACEAE

Дүние жүзі бойынша 23 туысы, 230-дай түрлері бар. Негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарыңда өседі, әсіресе Гималай тауларында, Шығыс Азияда және Солтүстік Америкада көптеп кездеседі.

Меруертгүл, мамыр ландышы (ландыш майский - CONVALLARIA) - биіктігі 15-30 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жіңішке, ұзын, тамырсабағы болады. Жапырақтарының саны екеу (сиректеу үшеу) болады, олар тамырына жақын орналасады (прикорневые) жөне пленка тірізді қынапша жапырақшыларымен қоршалып тұрады. Жапырақтары ұзын сағақты, сопақшаланцет төрізді, екі жүйкелі болып келеді және сабақты сыртынан түгелімен жауып тұрады. Көкек, мамыр айларында гүлдейді. Гүл беретін атпа сабағы (цветочная стрелка) ұзын болып келеді және біржақты орналасқан сирек шашақтан тұратын гүлшоғырымен аяқталады. Гүлдерінің саны 6-дан 20-ға дейін болады, олар қоңырау формалы. Гүлдерінің формуласы P(6)A6G(3). Жемісі қызғылт-сары түсті, шырыңды, шар формалы, үш дәні бар жңцек. Улы өсімдік. БОР-дың Европалық бөлігінің барлығыңда, Кавказда, Шығыс Сібірдің ормандарында өседі. Бұл түр Қазақстанның таулы аймақтарыңда кездеседі. Дәрілік өсімдік. Гүлдері мен жапырақтарында жүрекке қолданылатьш глюкозид конваллотоксин және іш жүргізетін дәрі ретінде қолданылатын глюкозид конвалларин болады. Оларды қайнатып медицинада түнбасын пайдалынады. Жаңа жиналған гүлдерін парфюмерия өндірісіңде иіс сулар (духи) жасауға пайдаланады. Мәдени жағдайға ендірілген сәңдік өсімдік ретіңце парктерде өсіріледі.

Қырлышөп туысы (купена, или соломонова печать - POLYGONATUM). Ормаңды, жартылай орманды және шөлейт зоналарда өседі. Біршама жуан тамырсабағы болады, жылма-жыл одан жапырағы мен гүлі бар өркендер кетеді. Қысқа қарай өсімдіктің жер беті бөлігі өлген кезде, тамырсабақта олардың іздері қалып отырады. Жидектері қанықтау-көкшіл түсті болады.

Майсаумалық, крсжапыращпы крянжем (майник двулистый - MAJANTHEMUM) меруерггүлмен бір мезгілде гүлдейтін, кішкентай орман өсімдігі. Ақ түсті, жүпар иісті, ұсақ гүлдері, екі мүшелі типпен орналасқан, шашақ түзеді.



8. Кірпішөптер тұқымдасы (ИГЛЕЦУВЫЕ) - RUSCACEAE

Бұл тұқымдастың негізгі өкілінің бірі понтий кірпішөбі. Ол екі үйлі тамырсабақты бұта, бұтақтары параллель жүйкелері бар филлокладиларға айналған, дәрілік өсімдік.

9. Қасқыржемдер тұқымдасы - Asparagaceae

Тұқымдаста 2 туыс және 300 түр бар, олардың басым көпшілігі солтүстік ендікте, тропикалық және оңтүстік Африкада және Мадагаскарда таралған. Қасқыржем тұқымдасының аздаған өкілі Орталық Америкада, Малай архипелагының аралдарында, сонымен бірге Австралияда және Тасманияда кездеседі.

Қасқыржем туысы(спаржа - ASPARAGUS). Дүниежүзінің барлық құрлықтарының құрғақшылық болып түратын облыстарыңда өсетін өсімдіктер. Тек Америкада ғана кездеспейді. БОР-дьщ территориясыңда 24 түрі, Қазақстанда 11 түрі кең таралған. Тік немесе өрмелеп өсетін биіктігі 150 см болатын тамырсабақты өсімдік. Сабағы бұтақталған, оңца формасы ине тәрізді больш келетін топтасқан филлокладий жетіледі. Олар редукцияға ұшыраған қабыршақ (чешуя) тәрізді жапырақтарының қолтығьщда орналасады. Екі үйлі өсімдік, дара жьшысты, гүлдері екеуден немесе көптен редукцияға ұшыраған жапырақтардың қолтығыңда жиналады. Жемісі шырыңцы. Ең кең тараған өкілі дәрілік қасқыржем (спаржа лекарственная -ол шалғынды жерлерде, БОР-дың европалық бөлігінің шөлейт аймақтарыңда, Кавказда және Батыс Сібірде өседі. Сапалығы жоғары көкөніс, жас сабақтары үшін отырғызылады; құрамында аспарагин бар, дәрілік маңызы зор. Екі Солтүстік Африкалық түрін - қауырсынды қасқыр-жемді (спаржа перистая) жәе шпренгер қасқыржемін (спаржа шпренгера) бөлменің ішінде сәңдік өсімдік ретіңде өсіреді.

Введенский қасқыржемі (Asparagus wedenskyі) -көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның тек қана оңтүстігінде, Әлімтау тауының беткейлеріндегі қызыл балшықты жерлерінде өседі. Биіктігі 30 - 60 см. Тік сабағына имектеліп келген жай бұтақтары орналасады. Көкшіл сұр түсті. Гүлдері бұтақ түбіне орналасқан. Гүлтұғырының ұзындығы 8 мм-дей. Тұқымынан және вегетативті (өсімді) жолмен көбейеді. Сәуір айында гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жидегі домалақ, ақшыл түсті. Введенский қасқыржемі өте сирек кездесетін эндемик болғандықтан Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.

Жүндіқара, жаман қасқыржем (Asparagus neglectus) - көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Ұлытау, Алтай, Тарбағатай, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында өседі. Биіктігі 80 - 100 кейде 150 см-дей. Сабағының төменгі жағы көбінесе тікенді келеді. Жапырақтары қабыршақ тәрізді. Гүлі дара жынысты. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, жемістенеді. Жемісі шар тәрізді, қызыл түсті. Жүндіқара - мал азықтық өсімдік. Төрт түлік мал сүйсініп жейді. [1, 24-26]

Қабыршақтыгүлдер қатарлар тобы (чешуецветные) - Glumiflorae

Табиғатта және халық шаруашылығында маңызы аса зор, жоғары деңгейде маманданған топ. Көптеген түрлері мен түрлерінің комплекстері шөлейттің, шалғынның, батпақты жерлердің, прерийдің, саваннаның өсімдіктерінің негізін түзеді. Өмірлік формасында көпжылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді. Оларға бұтақтанудың ерекше түрі, түптеніп өсу тән. Жер беті сабақтары сирек бұтақтанады. Жапырақтары кезектесіп орналасады, қынапшалы болып келеді немесе қынапшалары мүлдем болмайды. Гүлсерігі қарапайым немесе желмен тозаңдануға ауысуына байланысты редукцияға ұшыраған. Ол қабыршақтардан, тікенектерден, талшықтардан тұрады, кейде гүлдері жалаңаш болып келеді.

Тұқымдастары:

  • Қияқөлеңдер тұқымдасы

  • Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы

  1. Қияқөлеңдер тұқымдасы - CYPERACEAE

Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Блар ұзын немесе қысқа, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер - шымдар (кусты - дернины) немесе шоқалақтар түзетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер больш келеді.

Дүниежүзінің барлық құрлықтарыңда кең таралған. Көптеген түрлері тропикальгқ елдерде өседі. Қоңыржай, және салқын климатты беддеулерде кейбір түрлерінің особьтарьшың саны көп болады және өсімдіктер жабынының әсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады. Сабақтары ұшқырлы, сиректеу цилиндр төрізді (өлеңшөп туысы), ішінің қуысы болмайды буыңдары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабақтьщ жоғарғы жағыңда орналасады, таспалы немесе таспалыланцетті, көп жағдайда шеттері төмен қарай қайрылған, қьшапшасы барлық уақытта жабық больш келеді, тілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты, жапырақ тәрізді немесе көн тәрізді гүласты жапырақшаларьшың қолтығъшда орналасқан көпгүлі, сиректеу біргүлді масақтардан түрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды (сәлемшөп-сыть - Сурегш, қиякөлең-осока - Сагех туыстары) немесе ол редукцияға қатты ұшыраған жөне 6 немесе саны одан аз, жұқа пленкалардан (өлеңшөп туысы-қамыш , сиректеу көп мөлшерде үлпектерден тұрады (ұлпабас туысы-пушица). Андроцейі әдетге, бір шеңбердің бойьша орналасқан 3 ата-лықтан түрады. Гинецейі 3 немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, 1-ұялы, 1 түқым бүршігі болады. Аналықтың мойны (столбик) 3 немесе 2 біршама ұзын, жіп тәрізді болып келген аналықтың аузын (рыльца) жоғары көтеріп түрады. Гүлдері қосжьшысты (сәлемшөп, өлеңшөп, ұлпабас туыстары) немесе даражынысты (қияқөлең туысы). Соңғы жағдайда өсімдік бірүйлі, сиректеу екіүйлі больш келеді. Бірүйлі қиякөлеңдердің аталық және анальгқ гүлдері былай орналасады: гүлшоғыры тек атальгқ немесе аналық гүдцерден тұрады; гүлшоғыры қосжынысты, яғни оньң бір жағьнда тек аналық гүлдері, ал екінші жағында тек аталық гүлдері орналасады. Гүлдің тұп жағьнда түрі өзгерген, жабьщдық қабыршақ деп аталынатын, гүласты жапырақшасы орналасады. Қияқөлеңнің гүлін, жабындық қабыршақтан басқа, екі гүласты жапырақшаларыньщ бірігуінің нәтижесінде пайда болған қапшықша қорғап тұрады. Қапшықшаның формасы мен мөлшері- маңызды систематикалық белгілер больш табылады. 247-суретте гүлдердің негізгі типтері берілген. Жемісі ұшқырлы, шар төрізді немесе формасы жалпайьш-жаншылғандау бо-льш келетін жаңғақша.

Қияқөлең туысы (осока - Саrех). Жабық тұқымдылардың ішіңдегі өзгергіш (полиморфный) туыстардың бірі. Түрлерінің жалпы саны 1,5 мың, БОР-дың флорасыңда 400, ал Қазақстанда 94. Тамырсабақты көп жылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары әдетте ұшқырлы, сиректеу домалақ болып келеді. Жапырақтары таспа тәрізді, қынапшасы жабық болады. Гүлдері даражынысты: аталық гүлдерінің 3 аталығы болады (сиректеу оданда аз); аналық гүлдері екі тұмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған, гинецейінің 2-3 ауызы болады.

Жемісі үшқырлы немесе жалпайып- жаншылғандау боұлып келетін жаңғақша.

Көптеген түрлері солтүстік еңдіктің, солтүстік облыстарыңда кең таралған, мысалы шектамырлы қияқөлең (осо-ка плетевидная или струннокоренная, боз қияқөлең (осока сероватая - С.сапезсеш) және т.б.

Батпақты жерлердің өсімдіктер қауымдастықтарының негізгі компонент-теріне торсылдақ қияқөлең, үрме қияқөлең (осока вздутая ), қос аталықты қияқөлең (осока двух-тычиночная), жағалық қияқөлең (осока берегова) және т.б. Шалғыңды жерлерде қияқ-өлеңдердің мьша түрлері жиі өседі: үшкір қияқөлең (осока острая), түлкі қияқөлең (осока), қоян қияқөлең (осока заячья), қосқатар қияқөлең (осока двурядная), түпті қияқөлең (осока дернистая) және т.б. Батпаққа ауысатьш ылғалды шалғындарда тік қияқөлең (осока стройная), жағалық қияқөлең (осока береговая), тікенше қияқөлең (осока заостренна) және т.б. өседі. Шөлейтті аймақтың өсімдіктер қауымдастықтарында аласа қияқөлең (осока низкая ормандарда-орман қияқөлеңі (осока лесная), жұлдызша қияқөлең (осока звездчатая), тау қияқөлеңі (осока горная), түкті қиякөлең (осока волосистая) және тағы басқалар ерекше басым болып келеді.

Құрғақ жерлердің шөлейттің, шөлдің сонымен бірге көптеген таулы аудандардың қияқөлеңдері жайлымдарда өзінің жүғымдылығы (нәрлігі) жене желінуі жағынан астық тұқымдасынан онша кем түспейтін өсімдіктер. Ылғалды жөне батпақты жерлердің қиякөлеңдерінің жапырақтары сояуланған болып келеді, сондықтанда оларды малдар нашар жейді. Қиякөлеңдерді жылжымалы құмдарды бекітуге (үйінді құмдарды), циновкалар тоқуға пайдаланылады, сонымен бірге оларды сәндік өсімдіктер ретінде өсіреді.

Келтебас туысы (болотница - ELEOCHARIS). Өзгергіш туыс, жершарының барлық құрлықтарыңда кең таралған, 80-нен астам түрлері бар. БОР-дың территориясында 25 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі. Көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Олар негізінен ылғалды шалғындарда, көлшіктердің жағасыңда, батпақты жерлерде, сонымен бірге таулардың субальпі белдеуінің шалғын-дарында өседі. Негізгі өкілі бесгүлді келтебас (болотница пятицветковая - Е. дипкшеиога), ол Кольск жартылай түбегінің солтүстік шығысынан бастап Қырымға және Кавказға дейін, сонымен бірге Сібірдің, Қиыр Шығыстың барлық жерлеріңде кең таралған.

Өлеңшөп туысы (қамыш - SCIRPUS). Дүниежүзінің барлық құрылықтарыңда, әсіресе тропикалық жөне субтропикалық зоналарда кең таралған 400-дей түрі бар. БОР-дың территориясыңда 19 түрі, Қазақстаңда 3 түрі кездеседі. Көпжылдық тамырсабақты немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер, көп жағдайда өзендер мен көлдердің жағалауларында, суда және батпақты жерлерде өседі. Өкілдеріне қара өлеңшөп (камыш озерный пен орман өлеңшөбі (камыш лесной) жатады. Бұлардың екеуіде жем-шөптік өсімдіктер.

Ұлпабас туысы (Егіорһошт). Туыстың құрамында негізінен солтүстік ендікте кездесетін (Арктикада, орманды зонада, таудың жоғарғы белдеулерінде) 20-дай түрі бар. БОР-дың флорасында 12 түрі, ал Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Қынапшалы ұлпабас (пушица влагалищная - Е. уа§іпашт) батпақты жерлерде, негізінен шымтезекті батпақтарда, туңдрада өседі жөне шымтезектің түзілуінде елеулі роль атқарады. Сәлемшөп туысы (сыть - Суреіш). Бұл туыстың БОР-дың территориясының негізінен оңтүстік облыстарда өсетін 14 түрі, Қазақстанда 7 түрі белгілі. Аса маңызды түрінің бірі тамақтық сәлемшөп (сыть съедовная или чуфа - С.езсиіепіш). Оның тамырында тамаққа пайдаланатын тәтті түйнектер түзіледі; сондықтанда бұл түрді субтропиктерде арнайы себеді. Папирус (С. рарішз) тропикалық Африка мен Сицилияның өсімдігі, ерте кездерде папирустан қағаз жасаған.

Қияқ (Elymus) - қияқөлеңдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік.

  • Маңғыстаудың құмды аймақтарындағы сортаң топырақты жерлерінде өседі.

  • Биіктігі 50 - 100 см, тік, түзу сабақты.

  • Жапырағы таспа тәрізді. 3 - 6 гүлден тұратын масағының ұзындығы 5 - 12 см, ені 6 - 13 мм, жасыл күлгін түсті, масақ гүлшоғырына топталған, мамыр - маусымда гүлдейді.

  • Жемісі - дәнек.

  • Қияқ - сояуы көп, қатқыл шөп, масақтау сатысына дейін оны мал жейді. [2, 433-436]

2. Астық немесе қоңырбас тұқымдасы (злаки или мятликовые) - GRAMINEAE, POACEAE



Астық тұқымдасы дара жарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7,5-10 мың түр және 700-дей туыс жатады. Олардың ішінде космополит түрлері құрлықтардың барлығыңда кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады.

Тамаққа пайдаланылатын және малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер. Тұқымдастың ағаш тәрізді өкілдері өсетін тропикалық және субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді. Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің ұзындықтарына қарай өсімдіктерді тығыз түптенген, сирек түптенген және тамырсабақты деп бөледі. Олар негізінен шашақтамырлы, сабақтары буыннан жөне буын аралықтарынан тұрады. Астық тұқымдасының сабақтары әрбір буын аралығының тұп жағындағы клеткалардың бөлінуінің нәтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма (вставочная) меристемалар арқылы өсу деп атайды.

Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, карабидайдың, атқонақтың, сабағының буьш аралығының іші қуыс, ал буыңдары ұлпалармен толтырылған болып келеді.

Мұндай сабақты сабан (соломина) деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының (жүгерінің және борыққамыстың) буынаралықтары да ұлпалармен толтырылған болып келеді. Жапырақтары кезектесіп орналасады және екі қатар түзеді. Астық тұқымдасының жапырақтары, әдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді және олардың қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тәрізді болып келген жапырақтың кеңейген тұп жағы. Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетеді. Астық тұқымдасында қынапша буынаралығының тұп жағыңца орналасқан, және төменгі бөлінетін клеткаларды қорғап тұрады. Астық тұқымдасы осы ерекшелігімен басқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшасынан кететін жеріңце пленка төрізді өскіні немесе тілшесі болады. Ол сабақпен қынапшаның арасьша судың өтуіне мүмкіндік бермейді. Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын - масақтарын түзеді. Олар өз кезегіңде күрделі гүлшоғырьш - күрделі масақ, сьшырғы түзеді. Астық тұқымдасының барлығының дерлік әрбір масагының түп жағыңда екі масақтық қауызы болады (чешуи). Масақтарьшдағы гүлдердің саны әртүрлі астық тұқымдасында бірдей емес, біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасьшың көпшілігінде әрбір гүлдің 2-ден гүлдік қауызы, 2 гүлдік пленкасы (қабықшасы), 3 аталығы және бір аналығы болады. Соңғысының, яғни аналығьшың сыртын қалың түктер қаптаған екі отырмалы аузы болады (рыльце). Гүл түйіні жоғарғы, барлық уақытта бір ғана тұқым бүрі болады. Гүлінің формуласы: ТР(2)+2 А3 С(2).

Астық тұқымдасының жемісі дән деп аталынады. Ал дән дегеніміз бір түқымды жеміс, онда жемістің қабымен дәннің кебегі бірігіп кетіп отырады. Дәнде эндосперм ұрықты қоршап жашайды, ол оған бүйір жағынан жанасып, қалқанша деп аталынатын жалғыз тұқым жарнағына тікелей тиіп тұрады. Мәдени жағдайда себілетін астық тұқымдастарының дәндерін аз мөлшерде тұқым деп атайды, ал көп мөлшерде тонналап немесе центнерлеп жиналған дәңдерін астық деп атайды.

Тұқымдасты үш тұқымдас тармағына бөледі: бамбук тәрізділер, қоңырбас тәрізділер, тары тәрізділер. Біздің флорада соңғы екі тұқымдастармағының өкілдері көптеп кездеседі. Олардың ішінде астық беретін мынадай дақылдар ерекше құнды: бидай, қарабидай, жүгері, арпа, сұлы.

Бамбук тәрізділер тұқымдас тармағы (подсемейство бамбуковидные) - BAMBUSOIDEAE

Тропикалық жөне субтропикалық аймақтарда шоғыр-ланған 600-дей түрлері бар. Тамырсабақты ағаштанған өсімдік. БОР-да саса (8аза) туысының тек 3 түрі ғана өседі. Бұл салыстырмалы түрде алғанда, онша үлкен болмайтын өсімдік (сабағының биіктігі 3 м диаметрі 1 см), Сахалинде және Куриль аралдарында өседі. Негізгі таралған жерлерінде, бамбуктер биіктігі 40 м дейін баратын, үлкен өсімдіктер. Масақтары бір-, көпгүлді болып келеді. Гүлдері қосжынысты: аталықтары әдетте 6(3+3), кейде көп (20- 30), аналығы-1, аналықтың мойны (рыльце) 2 (сиректеу 3). Жемісі - дән, кейде жидек тәрізді болып келеді. Бамбуктердің практикалық маңызы аса зор, әсіресе құрылыс жұмыстарына жөне өртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады (су жүретін трубалар, көптеген тұрмыстық бұйымдар), сонымен бірге көкөніс ретінде тамаққа пайдаланады. Бамбуктерді әдетте тамырсабақтарымен оңай көбейтеді. Олар тез өсуге қабілетті. Қолайлы жағдайда 4-6 аптаның ішінде кейбір түрлері 15-20 м биіктікке дейін жетеді. Грузияның батысында бамбуктердің филлострахис және арундинария туыстарының түрлерін себеді.

Қоңырбастар тұқымдас тармағы(подсемейство мятликовые) - POAEOIDEAE

Масақшасының 2 масақтық қабықшасы болатын көпгүлді немесе біргүлді өсімдіктер. Бұл тұқымдастармағына эконо-микалық жағынан маңызы аса зор тамаққа пайдаланылатын жарма алынатын жөне нан пісіруге қажетті ұн алынатын, сонымен бірге малға азық болатын өсімдіктер жатады.

Бидай туысы (пшеница - TRITICUM). 19 түрі бар, олардың тек 4-уі ғана табиғи жағдайда белгілі, қалғаңдары мәдени жағдайда өсетін немесе жабайы жағдайға ауысқан өсімдіктер больш келеді. БОР-дьщ территориясында 13 түрі бар, негізінен Грузияда (түрлерінің ең көп кездесетін орталығы, бидайдьщ шыққан жері болуы да мүмкін). Өмірлік формасы - біржылдық - және екіжылдық шөптесін өсімдіктер. Жел арқылы өздігінен және айқас тозаңцанатьш өсімдіктер. Масағы жалғыздан, оның 3-тен 7-ге дейін гүлі болады. Дәндері әдетте 2-3 төменгі гүлдерінен пайда болады. Гүлшоғыры күрделі масақ. Дүниежүзінің ауылшаруашылық өндірісінде негізгі нан өнімдерін беретін дақыл. 4 мыңнан астам сорттары белгілі.

Қaтты бидай (твердая пшеница - T.DURUM) - мәдени жағдайда аса кең таралған түрлердің бірі, өсіресе БОР-дың оңтүстік аудандарында, (Еділ бойында, Кавказда, Батыс Сібірде), көптеп себіледі. Олардан үнтақ жарма, макарон, үн алуға қажетті сапасы өте жоғары дән алынады. Жұмсақ бидай (пшеница мягкая) (254, А- сурет) егістік көлемі жағынан бірінші орынды алады. Ол негізінен шөлейт аймақта және жартылай орманды жерлерде себіледі, сонымен бірге солтүстік жаққа да біршама жылжыған (Ленинград облысы, Сібір). Екі дәнді бидай (пшеница двузернянка - Т. (Исоссшп) жаздық сорттар, сондықтанда оларды аз мөлшерде себеді (Закавказья республикаларында, Татарстанда).

Қарабидай туысы (рожь - SECALE). Оның қоңыржай климатты облыстарда, әсіресе солтүстік ендіктің таулы аудандарында кең таралған 8 түрі бар. БОР-дың флорасында 5 түрі кездеседі, олар негізінен Кавказда шоғырланған. Жабайы қарабидайдың (рожь дикая - 8.8у1уе8іге) ареалы кең (ТМД-елдерінің европалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аудандарында, Кавказда, Батыс Сібірде, Орта Азияда), ол көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, масағы екі гүлді, гүлдің төменгі қабықшасының қылтығы болады, дәнінің сыртын түктері айқын қаптап түрады.

Мәдени қарабидайды (рожь посевная - S. CEREALE) бір және екіжылдық (күздік) дақыл ретінде БОР-дың европалық бөлігінде, Сібірде себеді; оңтүстік аудаңдарда ол көпжағдайда арамшөп ретінде кездеседі. Күрделі масағының әрбір масақшасыңда 2 жақсы жетілген, және 1 толық жетілмеген гүлі болады. Қарабидай желмен тозаңданатын өсімдік. Оның дәні әрі жіңішке, өрі үзын болады. Қарабидайдың дәнінен алынған ұнның түсі қоңыр болады. Одан қарабидай нанын (ржаной хлеб) пісіреді.

Арпа туысы (ячмень - HORDEUM). ТуысTың құрамында 26 түр бар, оның 12-сі Қазақстанда кездеседі. Жабайы түрлері Қырымда, Кавказда, Орта Азияда өседі. БОР-дың территориясында, соның ішіңде Қазақстаңда екі түрі көптеп себіледі: қосқатар арпа (ячмень двурядньш ) және кәдімгі арпа (ячмень обыкновенный.

Арпаның гүл шоғыры күрделі масақ. Масақтың өсінің әрбір кертпегінде 3 біргүдді масақша орналасады. Арпа гүлдеген кезде өздігінен тозаңданады, бірақ әрі ыстық, әрі құрғақ жазда айқас тозаңдануыда мүмкін. Қосқатар арпаның үш масақшадан түратын тобының, тек ортаңғысыңда ғана қосжынысты гүл жөне дән пайда болады, ал кәдімгі арпаның барлық үш масақшасының гүлдері түгелдей гүлдеп дән байлайды. Арпа ерте пісетін дәнді дақыл. Оның дәндерінен арпа жармасын дайындайды және сыра ашытады. Сонымен бірге арпа мал азығы ретінде де пайдалы дақыл, оның дәнімен жылқыны, ірі қарамалды, шошқаны және құстарды семіртеді.

Сұлы туысы (овес - AVENA). 33-тей түрі бар, олар негізінен Жерорта теңізі жағалауыңдағы елдерде кең таралған өсімдіктер. БОР-дың территориясында 18 түрі, ал Қазақстанда 7 түрі кездеседі. Оның шашыраңқы болып келетін гүлшоғыры сыпырғы деп аталынады. Сыпырғының бұтақшаларында масақшалар орналасады, олардың әрқайсысында 2-4 гүл бар. Олар өздігінен тозаңданады. Кейбір арамшөп ретінде өсетін түрлері, мысалы қарасүлы (овсюга) дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған өсімдік. Сүлы суыққа төзімді дақыл. Мәдени жағдайда егістік.

Қоңырбас туысы (мятлик - POA). Туыстың қоңыржай және салқын климатты зоналарда өсетін 200-дей түрі бар. БОР-дың территориясында 110 түрі бар, ал Қазақстаңда 38 түрі кездеседі. Олардың кейбіреулері космополиттер. Мал азығы ретінде құнды өсімдіктер. Сондықтанда олардың кейбір ерекше қүндыларын мөдени жағдайда себеді. Мысалы жуашық қоңырбасын шалғын қоңырбасын (Роа ргаіешік) көп жерде отырғызады. Жабайы түрлерінен аса құндыларының бірі болып бір жылдық қоңырбас табылады (Роа ашша).

Бидайық туысы (пырей - AGROPYRON). Жершарының екі бөлігінің де, негізінен қоңыржай климатты зоналарында өсетін 70-тей түрі бар. БОР-дың флорасыңда 60-тай түрі, ал Қазақстаңда 44 түрі кездеседі. Олар горизонталь бағытта өсетін ұзын тамырсабақты немесе қысқа тамырсабақты, қалың болып түптенетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлшоғыры тік өсетін жекелеген күрделі масақтан тұрады. Күрделі масақтың өсіне жалпақ жағымен 3-тен 13-ке дейін гүлі бар масақша орналасады. Жатаған бидайық (пырей ползучий - А.гереш) өте өзгергіш түр, көп жағдайда ол егістіктің күресуге қиын арамшөбі, әсіресе оның қылтығы бар формалары.

Арпабас туысы (костер - BROMUS). Солтүстік еңдіктің қоңыржай климатты облыстарында кең тараған өсімдіктер. Олар Оңтүстік Америкада және тропикалық елдердің таулы аудандарыңда да өседі. БОР-дың территориясыңда 44 түрі, ал Қазақстанда 20 түрі кездеседі. Гүлшоғыры агрегатты сыпырғы түзеді, олардың масақшалары біршама ірі больш келеді. Мал азығы ретінде аса құңды өсімдіктер. Кейбір түрлері мәдени жағдайда аралас шөптер өсіруге пайдаланылады. Қылтанақсыз арпабас (костер безостый - В.тегтіз) көпжылдық көген-тамырлы өсімдік, ылғалдың аздығына және төменгі температураға шыдамды. Тарақбоз, арпаған (костер кровельный - В.іесюгшті) ылғалы жеткіліксіз (құрғақшылық) аудаңдарда өсетін біржылдық өсімдік, әсіресе БОР-дың Европалық бөлігінде Кавказдың, Орта Азияның егістіктерінде кең таралған өсімдіктер. Қарабидай арпабасы (костер ржаной - В.зесаііпш) егістіктің күздік және жаздың арамшөбі, өсіресе қарабидаймен сүлы егілген жерлерде ол көптеп кездеседі.

Басқа туыстарынан мына түрлер көңіл аударарлық: су бетегесі (овсяница луговая), шалғынның өсімдіктер қауымының негізгі компоненті, мал азығы ретінде өте құнды өсімдік; шашыраңқы аққылтан тығыз түптенетін, көп жерлердің өсімдіктер қауымында басым болып келетін (ландшафтное) көпжылдық өсімдік, өсіресе Карпат тауының субальпі белдеуіңдегі шалғыңдарда ол айқьгн басымдық көрсетеді. Кавказда бұл өсімдік қышқыл, нашар жетілген топырақтарда малдың шамадан тыс артық жайылғандығын көрсетеді; Қыздырма үйбидайық (плевел опьяняющий) жаздық бидайдың біржылдық арамшөбі, БОР-дың ормаңды және жартылай орманды аудандарында өседі, космополит, саңырауқұлақпен зақымданған дәндерінде темулин деген алколоид пайда болады. Ол бас ауруын және летаргия (ұйқыға ұқсас қалге ұшыратады) ауруын туғызады; шалғын аткрнағы (тимофеевка луговая ) - тамырсабағы қысқа больш келетін көп жылдық шөптесін өсімдік, гүл шоғыры сұлтан деп аталъшады, әдет жайылма шалғындарда және ылғалы орташа болъш келетін шалғындарда өседі. Мал азығы ретінде ең құнды өсімддктердің бірі, көпжағдайда оны (люцерна) бедемен араластырьш себеді.

Тары тәрізділер тұқымдас тармағы(подсемесйство просовидные) - PANICOIDEAE

Масақтың қабықшасы екіден көп, масағы барлық уақытта біргүлді. Кейде екінші гүл пайда болады, бірақ ол аталық гүл болып келеді, жапырақтың тілшесі түкті, жапырақтың хлорофилл жиналатын паренхимасы жүйкелердің айналасына орналасады.

Жүгері туысы (кукуруза - ZEA). Бірүйлі өсімдік, гүлдері және гүлшоғыры өртүрлі жынысты. Агрегатгы сыпырғы төрізді жоғары орналасқан гүлшоғырында екі гүлді аталық масақтары орналасады. Екі гүлді масақтың әрбір гүліңде үш-үштен аталығы болады. Аналық гүлдері собық деп аталынатын күрделі гүлшоғырына жиналады. Собық жапырақтың қолтығыңда орналасады, және ол түрі өзгерген жапырақтардан тұратын жамылғымен оралып қапталған (жабылған) болып келеді. Аналық, гүлдің гүлтүйіні дөңгелек, мойны жібек жіп төрізді сусылдаған ұзын болады, оның ұшы екі жақтауы бар аналықтың аузымен (рыльце) аяқталады. Тозаң осы өсімдікте собық пайда болып, оның жамылғысынан шашақтанып аналықтың аузы көрінгенше пісіп кетеді. Сондықтанда жүгеріде өздігінен тозандану мүлдем жоқ десе де болады. Тозаң аналықтың аузына жел арқылы жақын өсіп тұрған өсімдіктердің бірінен келіп түседі. Шыққан жері Мексика.

Жүгері жылусүйгіш өсімдік. Оның тамыры ауаның жеткілікті мөлшерде болып тұрғанын жақсы көреді. Соңдықтаңда жүгеріні себуден бұрьш топырақты тиянақты түрде өңдеуден өткізеді жөне жаз бойы оны қопсытьш отырады. Жүгері жарықты жақсы көреді, сондықтанда оны қатар-қатар бір-бірінен қашықтау себеді. Ол біршама құрғақшылыққа төзімді, дегенмен күніне әрбір өсімдік 1 литрдей су қажет етеді. Жүгеріні суық ұрғанға дейін жинап алады, өйткені пісіп жетілген өсімдік - 1°С өзінде оңай зақымданады.

Кәдімгі жүгері (кукуруза обыкновенная - Z.MAYS). Жүгері биіктігі 2-3 м және оданда көбірек болатьш бір жылдық шөггтесін өсімдік. Ол тек мөдени жағдайда ғана белгілі. Европаға Оңтүстік Америкадан 1493 ж. әкелінген, ал Россияға оны X ғасырда себе бастаған. Кәдімгі жүгері 8 т9р тармағына бөлінеді. Тамақтық, малға қоректік және техникалық өсімдік ретінде маңызы аса зор. АҚПІ-да, Аргентинада және Европада бұл негізінен мал азығы ретінде пайдаланылатын өсімдік; Мексикада, Қытайда, Индияда, Моддовада және Грузияның батыс аудаңдарында астық беретін дақыл. Жүгерінің ұнында ұлпа (клейковина) немесе белоктық заттар жоқ. Көпжылдық жүгері (2.) деген жабайы өсетін түрінің Мексиканың тауларьшан табылғанына көп болған жоқ, шамасы ол кәдімгі жүгерінің арғы тегі болса керек.

Қоңыржай климатты аудандарда жүгерінің көптеген сорттарының дәндері пісіп үлгермейді. Сондықтанда Россияның орталық аудандарында жүгеріні ауылшаруашылық жануарларьш қоректеңдіру мақсатында силосқа өсіреді. Соңғы жылдары Россияньщ орталық аудандарыңда ғана емес, сонымен бірге Сібірде де дән беретін сорттары шығарылды. Орта Азия республикалары мен Қазақстанда жүгері тамақ өнімдеріне қажетті дән беретін және малға азық болатын аса құнды өсімдік. Жүгері өндіріс орыңдарына қажетті шикізат болып табылады.

Күріш туысы (рис - ORYZA). Азияда, Африкада, Австралияда, Оңтүстік Америкада таралған 24 түрі бар. Біргүлді масақ-шалары агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырына жиналған, масақшаның 4 қауызы, 6 аталығы болады. Екі түрі себіледі, оның ең маңыздьісы - екпе күріш (рис посевной - О.кагіуа) (258,6-сурет). Біздің едце күріш бидайдан кейінгі екінші орыңды алады. Ол Орталық, Оңтүстік - Шығыс және Кіңдік Азияда негізгі астық (нан өнімдерін) беретін дақыл. Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша күріштің 2 мыңнан астам сорттары белгілі.

Құмай туысы (сорго - SORGHUM). Құмайдың 40-тай түрі бар. Олар тропикалық елдердің (негізінен Африканың) құрғақшылыққа және ыстыққа төзімді өсімдіктері. БОР-дың территориясывда себілетін немесе арамшөп ретінде кездесетін 8 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпамен толтырылған, ол агрегатты сыпырғы тәрізді гүлшоғырымен аяқталады. Масақшасы бір немесе екігүлді, соңғы жағдайда гүлдің біреуі қосжынысты, ал екіншісі аталық болып келеді. Дәні домалақ.

Кәдімгі құмай қонақ (сорго обыкновенная - S. BULGARE) үлкен (биіктігі 6 м-дей болатын) бір жылдық өсімдік, тек мәдени жағдайда ғана белгілі, гүлшоғырының өсі иілген больш келеді, дән беретін, малға азық болатын және техникалық дақыл ретінде себеді. Дәвдерін өндеп, одан крахмал, қант және спирт алады. Жүгері (джугара - З.сшгга) біржылдық өсімдік, гүлшоғырьшың өсі иілген болады, астық беретін, малға азық болатьш жөне техникалық дақыл ретінде себеді.

Құмай (гумай, или джонсона трава) көп-жылдық тамырсабақты өсімдік, оңтүстік аудавдарда мазасыз (найзойливый) арамшөп ретінде өседі.

Тары туысы (просо - PANICUM). Тропикалық және субтропикалық зоналарда көп таралған және қоңыржай климатты облыстарға өсетін 400-дей түрі бар. БОР-дың флорасывда төрт түрі кездеседі, барлығы да бір жылдық өсімдіктер, олардың біреуі-ақ тары (просо посевное ) жарма беретін дақыл ретівде себеді.

Борықашыс туысы (сахарный тростник - SACCHARUM). Жершарының екі бөлігінің де тропикалық және субтропи-калық аймақтарывда кең тараған 15 түрі бар. Сабақтарының іші ұлпаға толы. Негізгі себілетін түрі - борыққамыс (трост-ник сахарный - 8.ойісіпашт) Бразилияда, Куба аралында, Орталық Америкада, Қытайда, Ивдияда және Тәжікстанның оңтүстігіңде себіледі. Сабақтарыңда 15-20% дейін қант болады. Совдықтанда бұл өсімдікті қант, ром, спирт және патокалар алу үшін пайдаланады. Орта Азия республикаларының территориясында (Сырдарья және Амударья өзевдерінің жайылмасывда) жабайы борыққамыс (сахарный тростник - З.кропіапеит) өседі, оны жаңа сортгар алу мақсатывда аталық немесе аналық формалардың бірі ретівде пайдаланады, әсіресе Индияда. [2, 436 439]



ҚОҢЫРБАСТАР тұқымдасын ҚИЯҚӨЛЕҢДЕРДЕН ажырататын белгілер

























ҚОРЫТЫНДЫ

Сонымен, қорыта айтсақ, жабық тұқымдылар ертеден қос жарнақтылар және даражарнақтылар болып екіге бөлінеді. Жоғарыда мен даражарнақтыларға толық тоқталып өттім.



Жалпы дара жарнақтылар класы 4 кластармағынан, 38 қатардан, 104 тұқымдастан және 63000-дай түрлерден тұрады. Негізгі өмірлік формалары шөптесін өсімдіктер (бір-, екі-, көп жылдық), сиректеу ағаштар, бұталар, лианалар. Жер бетінің барлық құрлықтарында (континенттерінде) кең таралған. Дара жарнақтылар толық табиғи эволюциялық тізбек болып табылады. Оның жекелеген қатарлары мен тұқымдастары ұқсас маманданған және ауыспалы формаллары арқылы бір-бірімен байланыста болады. Дара жарнақтылардың қос жарнақтылардан жоғарыда келтірілген айырмашылықтарынан басқа, тағыда көптеген қосымша белгілерінің сериясын айтуға болады: дара жарнақтылардың флоэмасында тін паренхимасы болмайды, сондықтанда ол тек сүзгілі түтіктерден және серіктік клеткалардан тұрады; өткізгіш шоғында ксилема мен флоэманың арасында болатын шекаралық түзу доға тәрізді болады. Ксилемасы флоэманы айнала қоршап тұрады; жапырақтары екі қатар түзіп орналасады; артық қор заттары және метаболизм өнімдері (эфир майы, илік заттар, алколоидтар, глюкозидтер және т.б) көп түрлі болмайды, олардың молекуласының құрылысы біршама қарапайым болып келеді.







































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Негізгі

  1. Ағелеуов Е.А.,Агитова К.А.,Дөненбаева К.Д.,Иманқұлова С.К. Ботаника. -Алматы:Санат, 1998.-368 б.

  2. Әметов Ә.Ә. Ботаника. - Алматы:Дәуір, 2005.-512 б.

  3. Мұсақұлов Т.М. Ботаика. -Алматы:Мектеп, 1975.-259 б.

  4. Мұхитдинов Н., Бегенов Е., Айдосова С. Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы. -Алматы, 1993.

  5. Хржановский В.Г. Курс общей ботаники.-М.:Высшая школа, 1982.

  6. Рейвн П.И. и др. Современная ботаника. -М,1990

  7. Жизнь растений.Т. 1-6. -М., 1974-1982г.

Қосымша

1. Мухитдинов Н.М. Геоботаника. -Алматы, 1985

2. Макенова М. Ботаника курсының практикумы. -Алматы:Рбк, 2000.-236 б

3. Бегенов Ә., Мухитдинов Н., Айдосова С. Ботаника терминдерінің қысқаша орысша-қазақша сөздігі. -Алматы, 1996.

4. Васильев А.Е., Воронин Н.С., Еленевский А.Т., Серебрякова Т.И. Ботаника: Анатомия и морфология растений.- М.: Просвещение; 1988.





</





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал