- Учителю
- Презентация по биологии на тему Тынысалу 8 класс
Презентация по биологии на тему Тынысалу 8 класс
Еркіндік орта мектебі
Ашық сабақ тақырыбы:
Сыныбы: 8
Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К.Ж.
2014-2015 оқу жылы
Ашық сабаққа өзіндік талдау
Өткізген ашық сабағым 8 сыныбында өтті. Сабаққа 15 оқушының 14 қатысты. 1-уі себепті. Сынып оқушылары белсенді, жауапкершіліктері мол, білімге құштар, алғыр, қабілетті, ізденімпаз.
Алынған тақырыбым бөлімнің ішіндегі жаңа материалды игеруге бастама беретін, мазмұнын ашатын, жалпы күрделілік деңгейі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай. Жаңа материалдың көлемі мен қиындығы, мазмұны түсінікті.
Сабақтың түрі білімді меңгерту және шығармашылық сабақ болғандықтан алдыма қойған ең негізгі мақсатым, тыныс алу жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырып, жаңа білім беру, ойлау қабілеттерін, біліктіліктерін жетілдіріп, түрлі көрнекі құралдар арқылы пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, шығармашылық, іздену қабілеттерін дамыту, жауапкершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу сияқты үш жақты үйлестілікті дұрыс ұйымдастырып, негіздеу болатын. Көздеген мақсат-міндеттеріме оқушылардың тікелей қатысуымен қол жеткіздім деп ойлаймын.
Өткізген сабағым қызықты, жаңашыл түрде өтті. Ең бастысы оқушылар өткен тақырыппен байланыс жасай отыра жаңа материалды толық игеріп, өздеріне тың мағлұматтар алып, сабаққа белсене қатысып, өз білімдерін шыңдау негізінде шығармашылық жұмыстарға жұмылдырылып, өз денсаулықтарын сақтай білудің алғышарттарымен танысты. Ағылшын,орыс тілі тілімен пәнаралық байланыс жасау тиімді болды. Сынып оқушыларының әрқайсысы өздеріне өзіндік бағалау беріп, толық бағаланды. Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуға барлық мүмкіндіктер пайдаланылды.
Келешекте өткізетін сабақтарымда Insert түртіп алу кестесімен жұмыс істеуді, өзіндік іздену қабілеттерін дамыту жұмыстарын, пәнаралық байланыстарды ары қарай жалғастыруды, жетілдіруді көздеймін.
Биология пәнінің мұғалімі: Жансейтов К.Ж.
Пән бірлестік жетекшісінің талдауы:
Ашық сабаққа 7 ұстаз қатысты. Сабақты интерактивті тақтада өткізді, мақсаты айтылды. Үй тапсырмасын «Полиглот», «Көкпар» ойыны арқылы тексерді
Жаңа сабақты көрнекілік арқылы оқушыларға жақсы түсіндірді, мұғалімнің білімінің жоғары екендігібайқалады. Сабақ жоспарының құрылымы жақсы. Оқушылардың ойлауына, есте сақтауына, пәнге қызығушылығына және шығармашылық ізденуіне көп көңіл бөледі. Сабақта химия, ағылшын, салауаттану, экологиямен пәнаралық байланыс болды. Сабақты бекітуде оқушылардың алған білімдері тексерілді, тыныс алу жүйесінің мүшелерін сызба-нұсқа арқылы бақылады. Әр оқушы өзінің білімін өзі бағалады, қосымша мұғалім бағаны толықтырып айтып, бағалары қойылды. Сабаққа келген оқушылардың барлығы қамтылып, белсене қатысты. Үй тапсырмасы берілді, оқушыларға іздену үшін баяндама тақырыбы айтылды. Сабақ өте жоғары дәрежеде өтілді, мақсатына жетті. Мұғалімнің әдістемелік дәрежесі жақсы, білімді, білікті жас маман.
Бірлестік жетекшісі: Байжаханова А.А.
Күні 02.02.2015 ж Пәні:Биология Сынып: 8
Сабақтың жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Тыныс алудың маңызы. Тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тыныс алу жүйесінің маңызы, тыныс алу мүшелерінің құрылысы мен қызметі туралы жаңа білім, түсінік беріп, ұғымдар қалыптастыру
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, біліктіліктерін жетілдіру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, іздену, шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Жауапкершілікке, адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу
Сабақтың көрнекіліктері: Компьютер, интерактивті тақта, тыныс алу мүшелерінің макеті, модельдері, суреттері, слайдтар
Сабақтың түрі: Білімді меңгерту, шығармашылық сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Интерактивті оқыту, түсіндіру, сызба-нұсқа, ойын, сұрақ-жауап, көрнекілік, Insert кестесі
Пәнаралық байланыстар: Химия, ағылшын, салауаттану, экология
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
II Үй тапсырмасын сұрау
1-кезең: "Көкпар"
1. Қанайналым жүйесі дегеніміз не? Қандай мүшелер жатады?
2. Қантамырлары неше топқа бөлінеді?
3. Жүрек неше қуысты, қабырғасы неше қабаттан тұрады?
4. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі қалай аталады? Қалай білуге болады
5. Қанның қанайналым шеңберімен ағатынын ашқан ағылшын ғалымы?
6. Мынау қандай аурудың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсеңдейді.
2-кезең: "Полиглот"
-
Ешбір техникамен алмастыруға болмайтын моторлы қызмет атқаратын мүше?
-
Көптеген ұлпалардың жиынтығынан не құралады? Мысалы бұлшықет және дәнекер ұлпасынан тұратын қанайналым .........
-
Жүрек кемістігі (порок) жүрек қақпақшаларының зақымдануынан болатын жұрек-қантамырларның ….?
-
Дәнекер ұлпасының сұйық түріне немесе ағзаның ішкі ортасына не жатады?
-
Жүректің сол жақ қарыншасынан басталып → дене жасушаларына → жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталып, қанды бүкіл денеге таратып, қайтадан жүрекке әкелетін қанайналым шеңбері
-
Жүректің оң жақ қарыншасынан басталып → өкпеге → жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталатын қанайналым шеңбері
-
Лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болатын, тек қана рентген сәулесі, радиоактивті элементтердің көмегімен емдейтін жүрек-қантамырларының ауруы
-
Қай қантамыр оттекпен қаныққан? Себебі біз не арқылы тыныс аламыз?
-
Мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайтын қантамыр?
-
Қандай да болмасын аурудың алдын алу үшін әр адам нені сақтап, ұстану қажет?
III Жаңа сабақ
-
Тыныс алудың маңызы
-
Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
-
Тыныс алу мүшелерінің қызметі
1-Слайд.
Тынысалу деп организм мен сыртқы орта арасындағы оттек түсіп, көмірқышқыл газының шығарылуымен байланысты жүретін газ алмасу процесін айтады.
2-Слайд.
3-Слайд.
4-5-6-слайдтар «Тыныс алу мүшелерінің құрылысы» бейнеленген суреттер
IV Бекіту
"Ойлан, тап!" кезеңі.
Тыныс алу жүйесінің мүшелерін сызба-нұсқа түрінде сызып, макеттен орналасуы мен құрылысын түсіндіріп өтіңдер
"Инсерт" түртіп алу жүйесі арқылы кестені толтыру
Білемін
Меңгердім
Нені түсінбедім?
Таңқалдырды
V Бағалау
Бағалау парағы арқылы оқушылар алдымен өзіндік бағалауларын қойып шығады, одан соң мұғаліммен оқушының ортақ бағасы қойылады.
VI Үйге тапсырма беру
1. §40 оқу; Баяндама жазу: "Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы"
2. Сәйкестендіру тестін орындау
3. Баяндама: "Тыныс алу мүшелерінің гигиенасы немесе аурудың алдын алу шаралары"