- Учителю
- Биология пәні. Сабақтың тақырыбы: Жемістер. Жемістердің түзілуі. 6-сынып
Биология пәні. Сабақтың тақырыбы: Жемістер. Жемістердің түзілуі. 6-сынып
Сабақ : биология.
Сынып: 6»а»
Сабақтың тақырыбы: Жемістер .жемістердің түзілуі.
Мақсаты: Жемістердің құрылысын,олардың бір бірінен ерекшеліктерін ажырата білу.
Дамытушылық: оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар бере отырып,ойлау қабілеттерін,есте сақтауы,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:оқушыларды ұқыптылы пен тазалыққа,жеміс ағаштарын күте білуге,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдер: диалогтік,акт қолдану
Көрнекі құралдар: оқулықпен жұмыс,түрлі түсті қарындаштар, слайд көрсету т.б
Сабақ түрі.: жаңа сабақ
Сабақтың барысы.Ұйымдастырылуы.
Оқушылармен сәлемдесіп,түгендеу.Назарын сабаққа аудару. Сынып оқушыларын жеміс суреттері арқылы топқа бөлу.Бағалау ерекшеліктерін түсіндіру.Топ басшысын сайлау.
1- Топ.алма тобы
2-Топ: жүзім тобы
3-Топ: құлпынай тобы
Үй тапсырмасын .сұрау. Біліміңді тексер.
Тозаңдану деген не? оның қандай түрлерін білесіңдер.
Тозаңдануға өсімдіктің қай бөлігі қатысады?.
Ұрықтану қай кезде жүреді?
Бунақденелілер арқылы тозаңданатын өсімдіктерді ата?
Қосарлы ұрықтануды ашқан кім?
Жел арқылы тозаңданатын өсімдіктер?
Ұрықтану қалай жүреді?
«Қызығушылығын ояту» мақсатында жұмбақ жасыру
Аспай піскен,қайнамай түскен( жеміс)
Үстіне тігіп қол шатыр,астында қызыл дәу жатыр( қызылша)
Көк лағым көгенде жатып семірген ( қияр)
Жаңа сабақтың тақырыбы ,мақсатымен таныстыру.
Термин сөздерге анықтама беру.
Топтарға тапсырамалар беру.
Алма тобына: шырынды жемістерді сипаттап, постер қорғау.
Жүзім тобына: құрғақ жемістерді топтастыр,баянда
Құлпынай тобына: құрғақ жемістер мен шырынды жемістердің ұқсастықтары мен пайдасын баянда.
Топтар берілген тапсырманы орындап,қорытады.Әр тапсырмадан соң оқушыларды ынталандырып отыру.
Сергіту сәті: Таңғажайып жемістерге сипаттама беру.
Бекіту кезеңі. Биологиялық диктант алу.Сөйлемді толықтыр.
Оқулықпен жұмыс . (84 бетте )Кесте толтыру
Суретжұмбақ шешу.
Қорыту: сиқырлы доп лақтыру арқылы сабақты қорыту.
Бағалау: жеке,топтық жұмыстарды бағалау.
Үйге тапсырма. Тақырыпты оқу. «менің сүйікті жемісім» тақырыбында реферат жазу.
.
Алматы облысы
Жамбыл ауданы
Қайназар ауылындағы орта мектеп.
Тақырыбы: Жемістер.Жемістердің түзілу.
Биология пәнінің мұғалімі: Ж.К.Калиханова