- Учителю
- Презентация по биологии на тему Шығамын білім шыңына (6 класс)
Презентация по биологии на тему Шығамын білім шыңына (6 класс)
Жарқамыс орта мектебі
Сыныптан тыс шара
( танымдық сабақ ) 6 «а» класс
Өткізген: Тамабаева Г.Ө.
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: «Шығамын білім шыңына».
Мақсаты: оқушыларды ерекше өсімдіктер әлемімен тереңірек таныстыру, өсімдіктер туралы алған білімдерін одан әрі кеңейту, эстетикалық талғамын ояту, өсімдіктерді күтіп-баптауға, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, видеоролик, таратпа материалдар.
Сабақ кезеңдері:
I .Ұйымдастыру бөлімі
II Мағынаны тану
III Сауалғы сұрақтар
IV Биологиялық эстафета
VI Қызығушылықты ояту
VII Рефлексия
I.Ұйымдастыру бөлімі.
6 сынып оқушыларын үш топқа бөлдім: «Алтын дән», «Жасуша», «Гүлдер». Топ басшылары сайланып, әрбір топ аттарына сай төсбелгілерін тақты.
II. Мағынаны тану. Өсімдіктерге байланысты метафоралық теңеулер:
1.Мақта - ақ алтын.
2. Бидай - алтын дән.
3. Зығыр - солтүстік жібегі.
4. Күріш - сыр маржан.
5. Жүгері - дала аруы.
6. Қызғалдақ - шөл аруы.
7. Бәйшешек - көктем гүлі.
8. Емен - ағаштар патшасы.
9.Сағынышты басатын- жусан
III. Сауалғы сұрақтар. «Кубизм» әдісі.
1.Өсімдіктің қай мүшесі «жасыл асхана» деп аталады (жапырақ).
2. Өсімдіктің жапырағында жарықта қандай процесс жүреді? (фотосинтез)
3. Фотосинтез процесін ашқан ғалым (К.А. Тимирязев).
4. Өсімдіктану оқулығының авторы (Р.Әлімқұлова)
5.Ыбырай Жақаев еңбегі (күріш)
6.Шығанақ Берсиев деген кім?
Биологиялық эстафета. Мұнда оқушылардың жылдам ойлау қабілеттерін байқауға болады. Бір оқушы бір өсімдіктің атын айтса, келесі оқушы сол өсімдіктің соңғы әрпінен басталатын өсімдік атын айту керек.
Мысалы, алма - алмұрт, терек - күріш, шие - емен, наргүл - лимон т.б.
Венн диаграммасы. Ашық және жабық тұқымдылар.
Қызығушылықты ояту
«Ерекше өсімдіктер» сөзіне ассоциация
Ерекше өсімдіктерді слайдпен түсіндіріп, видео ролик көрсету
Рефлексия
1.Ерекше өсімдіктер туралы «Синквейн» әдісі.
1. Тақырыптын аты: Лалагүл
2.Сипаты: үлкен өсімдік
3.Қимылы: ауыр жүк көтереді
4.Нақыл сөз: Гүл өссе жердің көркі
5.Синоним: сұлу