7


  • Учителю
  • Биология 8-сынып 'Қалқанша без'

Биология 8-сынып 'Қалқанша без'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Үйге берілген тапсырма:

Сұрақ - жауап

1. Қандай ішкі секреция бездерін білесіңдер?

2. Ішкі секреция бездері қайда орналасқан?

3.Гипофиз артқы бөлігінің гормондары қалай әсер етеді?

4.Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондары қалай әсер етеді?

5.Өсу гормоны жетіспесе не болады?

6. Гормондардың негізгі қасиеттерін атаңдар?

7. Организмде жүретін процестердің гуморальдық реттелуінің мәні неде?


Сабақтың тақырыбы:

Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Адам организмінің физиологиялық функциясының гуморальдық реттелуі, ішкі секреция бездерінің маңызы туралы оқушыларға білім беру.

Дамытушылық: Адам организміндегі мүшелер жүйелері қызметінің үйлесімділігі, ішкі секреция бездері тарауын қорытындылау

Тәрбиелік: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, адам ағзасына қажетті йод тапшылығының мағызына білім бере отырып саналы ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім қалыптастыру сабағы

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, тірек - сызбамен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: кеспелер, суреттер, тірек сызбалар, слайдтар.

Пәнаралық байланыс: медицина, химия

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ. Жаңа сабақ

а) Мағынаны ажырату сатысы

ә) Тірек-сызба,топтастыру.

б) Біз білемізбе ?

в) Биологиялық диктант

с) Сергіту сәті «Дәрігер-эндокринолог» ойыны.

д) Тренинг . Жеке тұлғаны дамыту

ІІІ. Бекіту (Аннаграмма)

ІҮ. Қорытындылау

Ү. Үйге тапсырма

Мағынаны ажырату сәті:


Қалқанша бездің қызметі бұзылған кезде адамда әртүрлі аурулар пайда болады. Ересек адамда қалқанша бездің гормондары жеткіліксіз бөлінсе, микседема ауруы дамиды. Бұл кезде зат алмасу, әсіресе нәруыз алмасу баяулайды. Дене температурасы төмендейді, жүрек соғысы баяулайды. Тері астында су жиналады. Тері ісінеді және құрғайды. Шаш түседі әрі сирейді. Бұл ауруды өмір бойы тироксин гормонын енгізу жолымен емдейді. Ол гармонның синтезі организмдегі йод мөлшеріне байланысты.



Балаларда қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда, ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу және жыныстық жетілу тоқтайды. Мұндай ауру кретинизм деп аталады. Егер дер кезінде емдесе, ауру салдарынан арылуға болады.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал