- Учителю
- ҒЫлыми жоба 'Тұрмыс химиясы'
ҒЫлыми жоба 'Тұрмыс химиясы'
Шығанақ Берсиев атындағы орта мектебі.
Тақырыбы: Тұрмыс химиясы
Бағыты : «Таза табиғи орта-Қазақстан-2050
стратегиясын іске асырудың негізі»
Дайындаған: 6 сынып оқушысы Ықылас Володя
Секциясы: химия
Жетекшісі:Мақсұт Қаламқас Абылқызы
14-Қазан 2015 жыл
Кіріспе
Зерттеудің мақсаты: Білімнің жаратылыстану бағытындағы қорын молайту, өмірде, тұрмыста қосымша мәліметтер қоржынын жинақтау арқылы бір жүйеге түсіріп зерттеу. Қарапайым тұрмыстық өзінде химияның өнімдерін қолдану, алған теориялық мәселелерді практикамен ұштастыра білу, тұрмыста қолданылатын заттармен қатар адам ағзасына қажет биогенді микроэлементтердің әсерін және адам баласы дені сау, салауатты өмір сүру үшін қандай сапалы азықтармен тамақтану қажеттігін зерттеу.
Зерттеудің міндеті: Адам ағзасына қажет элементтерді ажырата білу,
Химялық өнімдердерді алудын соңғы жетістіктерін зерттеу
Химиялық өнімдерді бақылау.
Зерттеу жұмысының ғылыми болжамы: Тіршілік барысында және күнделікті тұрмыста адамзат баласы айналадағы жиі қолданылатын табиғи заттар мен химиялық жолмен алынған заттарды танып-білудің тигізер пайдасы мол болмақ.
Зерттеу жұмысының әдістемелік негізі: Зертеу жұмысының әдістемелік негізі ретінде химия ғылымына қатысы бар заттарға, ғылымның соңғы жетістіктерін зерттеу, жүйелеу, қорыту әдістері пайдаланылды.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестігі : Тұрмыстағы заттарды ғалымдардың еңбегіне сүйеніп, зерттеу барысында заттар туралы жинақтап, бір жүйеге түсіріп, көмекші анықтамалық құрал ретінде жарыққа шығару. Қазіргі кезде қолданылып жүрген полимер бұйымдарының жалпы қасиеттерін, олардан жасалатын заттардың түрілерін насихатау.
Кезінде ғалымдар химия дегеніңіз - болашақтың ілімі деген екен. Шынымен де, ойлап қарасаңыз ұлы орыс химигі М.В.Ломоносов айтқандай, «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз химия» дегендей біздің өміріміз химия ғылымымен тығыз байланысты.
Химияны үйрену - физика, биология, география қатарлы жаратылыстық ғылымдарды жақсы үйренуімізге және одан әрі зерттеуімізге көмектеседі. Химияны қайткенде жақсы үйренуге болады? Әр оқушының, мектептің шарт жағдайы ұқсамағанымен мына бірнеше түйінге көңіл бөлу керек, мысалы, химиялық зертханаға көңіл бөлу және оны талапқа сай орындау, маңызды заттардың құрамы мен қасиетін қанық білу, үнемі қолданылатын химиялық тілдерді ұғыну және қолдана білу, негізгі химиялық ұғымдар мен заңдарды ұғыну, үйренген химиялық білімдердің тұрмыс пен қоғамдағы қолданылуын түсіну, химияны үйрену қызығушылығын өсіру, бақылау, есте сақтау, тәжірибе жасау, өздігінен іздену қабілетін жетілдіру, т.б.
Өткен ғасырдың қырқыншы жылдарында неміс ғалымдары Вальтер мен Ида Ноддактар Менделеев кестесіндегі элементтер әр жұмыртаста кездесетіндігін айтқан. Әуелгіде бұл пікірдің қолдаушысы табылмады. Кейін ғалымдар химиялық элементтерге талдау жасап, зерттеп, зерделеп, шындыққа көз жеткізді. Жер бетіндегі барлық тірі ағза, оның ішінде, адам қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынаста өмір сүреді. Тіршілік заңы ағзада үнемі зат алмасып тұруын талап етеді. Ал ағзамызға химиялық элементтер жеген ас пен ішкен суымыздан түседі. Кейбір ғалымдардың сараптауынша, ағзаға түскен хи-миялық элементтердің әрқайсысы белгілі бір биологиялық қызметті орындайды.
Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: мен сіздерге солардың бесеуін ақ алып келіп тұрмын Ca, P, K,Fe, I, Мысалы, егер адамның салмағы 70 кг болса, онда 1700 грамм кальций,250 грамм калий,5 грамм темір болады.
Негізгі бөлім
Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: Ca, K, P, I,Fe, . Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады
Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады.
Құрма-Құрманың зияны жоқ. Кептірілген құрма - адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай жеміс. Оның құрамында ақуызбен көмірсутектен басқа темір, фосфор, мыс, марганец, магний, калий, кальций, фтор, селен элементтері бар. Кальций сутектің, фтор тістің беріатігі үшін қажет болса, селен жүрек және қатерлі ісік ауруларының алдын алып, ағзаның қорғаныш қабілетін күшейтеді.Құрма құрамындағы амин қышқылы жөнінен алма, апельсин мен бананды жолда қалдырады. Бұрынырақта халық емшілері құрманы асқазан, ішек ауруларына ем ретінде қолданған. Құрма күш - қуаттың қайнар көзі, сонымен бірге бұлшық еттің нығаюына да әсер етеді.Жемістің құрамындағы
В тобындағы дәрумендер мен көп мөлшердегі глюкоза мимен жұмыс істейтіндер үшін өте пайдалы. Құрма жүкті әйелдер үшін де өте қажетті жеміс, ол ана сүтінің молабына септігін тигізеді. Бірақ кептірілген құрма майлы және қанты көп болғандықтан, күніне 10 - 15 түйірден артық жеуге болмайды.
1-сурет
ТЕМІР. Бұл элементтің рөлі денсаулық үшін өте зор. Егер темір жетіспесе, баршамызға белгілі анемия немесе қаназдық ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері - 11-30 мг. Адам қанында 3 грамға жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан төмен болса, қанның қызыл жасушасының, яғни, гемоглобиннің түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғар-ғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланыс-ты екендігі түсінікті.
Темір жетіспеген кезде тері бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және ас-қазанның сілекейлі қабаты бүлінеді.
Темір жұмыртқаның сарысында, қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде,бауырда,жүзімде,сары майда көп болады.
2-сурет
Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без - йод жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл - ой кемістігі.
Йод жетіспеушілігіне байланысты ауруларды емдегеннен гөрі алдын - алған жөн. Адам күнделікті өсімдік және жануартекті өнімді қабылдағанмен, ағзаға қажет мөлшердегі дәрумен мен микроэлементтердің орнын толтыра алмайды. Ағза йодты синтездей алмағандықтан, тіршілік үшін күнделікті йоды бар тағамдарды пайдалану есебінен қажет мөлшерін толтыру қажет.
Йод жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін арттырады, ең алғаш-қы кезекте қалқанша безінің ау-руын қоздырады. ас тұзында болады. Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытып жүр.
Йод жетіспеушілігі ауруларының мәселесі әлемдік денсаулық сақтау саласында маңыздыларының бірі болып саналады. Оның маңыздылығы аталған аурудың кең етек жаюымен анықталады. Өткен жылғы денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметі бойынша, әлемде 650 млн адам осы дертпен күресуде. Ал, 2 млрд адам ағзасында осы дерттің айқын белгілері көрініс берген.
Йод жетіспеушілігі ағзаға қалыпты қабылданып отыратын йодтың жеткілікті дәрежеде болмауынан пайда болады. Балалардағы йод жетіспеушілігі салдарынан бала ақыл-ойының артта қалуындағы әлсіз көріністерден критинизмге дейін жетеді, көңіл күйінің тұрақсыздығы, депрессияға ұшырауы мүмкін, әлсіздік, ұмытшақтық, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, оқушылар зейіні шоғырлануының төмендеуі, қозғыш болып келеді. Сонымен қатар, жүйке жүйесімен қоса барлық ағза зардап шегеді. Балалар бас сүйегі ішіндегі қысымға байланысты бас ауруына, әлсіздіктің пайда болуына, терінің сұрлануына шағымданады, астеникалық синдром көріністері, кардиологиялық өзгерістер - ырғақтың бұзылуы, АҚ жоғарылауы немесе төмендеуі, инфекциялық және суық тию ауруларының жиілеуі, екінші иммундық жетіспеушілігі салдарынан өткір аурулардың созылмалы түрге өтуі, бұлшық ет сұлбасының әлсіреуіне байланысты дене бітімінің өзгеруі болуы мүмкін. Осының барлығының себебі - йодтың жетіспеушілігі. Күнделікті ағзаға йод түсіп тұрғанымен, ағзаға сіңуіне кедергі жасайтын себептер бар. Адам ағзасында микроэлементтің сіңуіне кедергі жасайтын бірнеше себептер : дұрыс тамақтанбау, микроэлементтер мен дәрумендер жеткіліксіздігі. Эндемиялық жемсау дертіне шалдыққандардың санатында қыз балалар көп екен. Бұл дерт түрі 6-7 жастан басталып, баланың жасы өскен сайын ұлғая береді.
Йодтың 90 пайызын адам тағамнан алады, ал қалғандарын ауа мен судан алады. Сондықтан йод жетіспеушілігінің алдын алуда дұрыс тамақтану басты рөл атқарады. Тағам арқылы йодты қабылдау экономикалық, физиологиялық, рационалдық жағынан дұрыс деп есептелсе де, қазіргі таңда ол жеткіліксіз болып отыр. Йод жетіспеуінің алдын алудың ең бір тиімді жолы - йодпен байытылған теңіз өнімдерін (теңіздің ұсақ жәндіктерін, теңіз балықтарын, теңіз балдырларын, теңіз қырыққабаттарын) тағамға пайдалану болып табылады. Және де ет, сүт, жұмыртқа ағзаға йод беретін негізгі тағамдар екенін есте ұстаңыз. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздатқанда ондағы йод жойылып кетеді. Сонымен қатар көкөністер ішінде - қызылша, шпинат, қызанақ, сәбіз, картоп, орамжапырақ, пияз, бұршақ, сарымсақ, ал жеміс-жидектер ішінде - құрма, алма, жүзім, шие, қара ала шабдалы, грек және балқарағай жаңғақтарында, ал жармалар ішінде - қара құмық және тары құрамында да йод мол. Сондықтан күнделікті өмірде аталмыш тағамдарды жиі пайдалану - йод жетіспеушілігін болдырмаудың басты жолы. Әлсіз топтар, ерте жастағы және мектеп жасындағы балалар арасындағы йод жетіспеушілігін жою үшін топтық алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет, ол үшін әлемдік тәжірибеге сай 100, 200 мкг йодид, йодомарин таблеткаларын қолдану қажет. Осыларды ұсына отырып, біз өзгеріске түскен қалқанша безі гормондар синтезін қайта қалпына келтіруге ықпал етеміз.
Сондықтан, жоғарыда айтқанымыздай, күнделікті тағамның құрамына ерекше мән беру керек. Йод өсімдік өнімдерінде - 60-150 микрограмм, жануар өнімдерінде - 30-70, суда - 8, ауада - 2 микрограмм болады. Алайда, аспаздық өңдеу кезінде йодтың 14-тен 65%-ға дейінгі мөлшері жойылады. Нанды пісіргенде бұл көрсеткіш - 84%, сүтті пісіргенде - 26%, жармалар мен бұршақтарды қайнатқанда - 47-64%, көкөністерді пісіргенде - 62%, етті - 45%, балықты қуырғанда, қайнатқанда йодтың бастапқы мөлшерінің 74% жойылады екен. Осы қарапайым ғана пайыздарды есте ұстап, тағамның құнарлылығына мән бере жүргейсіздер.
Йодты тұтыну қажеттілігі адамның жасына байланысты. Соңғы мәліметтер бойынша, ДДҰ ның және ЮНИСЕФ ұсынылған йодты күнделікті тұтыну қажеттілігінің мөлшері:
Емшектегі балаларға және сәби жастағыларға (5 жасқа дейін) - тәулігіне/90 мкг
Мектеп жасындағы балаларға (5-12 жас)- тәулігіне/120 мкг
Ересектер үшін (12 жас )- тәулігіне/150 мкг
Емізулі және жүкті әйелдерге -тәулігіне/250 мкг/
Уақытында йодтың алдын алу өскелең ұрпақтың - біздің болашағымыздың денсаулық деңгейін, үйлесімді дамуды, интелектуалды әлеуетті қалпында ұстауға жағдай жасайды. Әр адам өзінің және туыстарының денсаулығына ұқыпты қарау керек.
3-сурет
Кальций -адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады.
Отандық ақ халаттылардың
зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан
туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний - қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді.
Са - ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.
Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций - сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам - ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.
Ағзада кальций тұздарының жетіспеушілігі сүйек ұлпасының дұрыс емес дамуына, тістер (кариес) ауруына, кейбір ферменттердің белсенділігі төмендеуіне, орталық жүйке жүйесінің қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады.
Кальций сүтте, жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болады.
4-сурет
ФОСФОР. Ал фосфор - күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де керек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді.Фосфор тұздары . Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы - аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин - биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай - ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа ағзаларда жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады.
Міне сондықтан бұлшық етте қатты жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ересек адамға оның тәуліктік қажеті 1 - 2 грамм болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыда бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін.
Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға - нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға - фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Сүйек пен тісте фосфор қышқылының тұздары өте - мөте көп. Сондықтан тамақ рационында фосфордың қажетті мөлшерде болғаны жөн. Фосфор мал мен өсімдік өнімдерінде мол. Өсімдік өнімдерінен бөлінген қосылыстар ағзаға нашар сіңеді, өйткені нашар ериді. Фосфор сырда, сүзбеде, етте өте көп жәнеде Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі.
5-сурет
КАЛИЙ. Қан қысымын төмендетеді. Жүрек қағысын реттейді.
Тәуліктік нормасы: балаларға: 800-1700 мг;ересектерге 1800-2500мг.
Адамның клеткасында калий көп орын алады, ол клеткаарлық
Кеңістіктен 40 рет үлкен болып келеді.
Калий жетіспесе - адам гипокалемия ауруына ұшырайды;
Егер ауру асқынса - аш ішектің жарасы пайда болады;
Нағыз гиперкалемия жүректің тоқтап қалуына әсер етеді
Бананда, өрік-мейізде, картопта мол болады.
6-сурет
Қортынды.
Жұмыстың нәтижесі мен қорытындысы: Химиялық қосылыстарды бақылаусыз қолдануды болдырмаудың алдын алу керектігін ұғындыру. Күнделікті өмірде химиялық білімнің белгілі бір мөлшерінің қажет екенін сезіну, маңызды химиялық элементтер мен химиялық өнімдердің атқаратын рөлі және қайдан алу керектігіне бағыт-бағдар алады.
Менің ұсыныстарым:
Тұрмыстағы заттар туралы жинақталған мәліметтерді көмекші анықтамалық құрал ретінде шығарылса;
Адам ағзасында кездесетін биогенді микроэлементердің әсерін және салауатты өмір сүру үшін сапалы азықтармен дұрыс тамақтану ережесін шығарылса.
"Адам баласы көзімен көріп, құлақпен естіп, қолмен ұстап тілмен татып мұрынымен иіскеп тыстағы дүниеден хабар алады"
А. Құнанбаев.
Пікір
Бұл жоба тақырыбында тіршілік үшін маңызы өте жоғары,қажетті элементтер туралы мағұлматтар берілге.Табиғатта кездесетін элементтердің адам ағзасындағы маңызы мен олардың кездесетін жерлері туралы айтылған.
Ұсыныстарда айтылғандай бұл еңбек мектеп оқушылары үшін қажетті көмекші құрал болады.
Пікір жазғандар: Биология пәнінің мұғалімі :Қ.С.Оспанова.
Химия пәнінің мұғалімі: Қ.А.Мақсұт.