- Учителю
- Баяндама. Тақырыбы: 'Адам миы жайлы 14 қызықты дерек '
Баяндама. Тақырыбы: 'Адам миы жайлы 14 қызықты дерек '
Адам миы жайлы 14 қызықты дерек
Ми адам денесіндегі ең маңызды және жұмбақ мүшенің бірі. Ол адамның зияткерлігіне тікелей әсер етеді. Ми өте күрделі құрылысты , ғалымдар оны зерттеумен бірнеше он жылдықтар бойы айналысуда. Міне адам миы жайлы кез- келген адам біле бермейтін бірнеше қызықты дәлелдемелер жайлы оқыңыз.
-
Адам миы біздің денеміздің басқа мүшелеріне қарағанда көп энергия жұмсайды екен. Оның үлесіне 20% жуық өкпедегі оттегі қажет , алайда мидың салмағы дененің жалпы салмағының бар жоғы 2% құрайды. Оттегі жетісеген жағдайда біз есіней бастаймыз , осы кезде миға оттегі көп келеді де адам сергек қалпын сақтай алады.
-
Адам миының дамуы жеті жасқа келгенде толығымен аяқталады , ал 18 жаста түпкілікті тоқтайды. Сол себепті де балалардың басқа тілдерді үйрену қабілеттері ересектерге қарағанда анағұрлым жоғары.
-
Ер адамдардың миы әйелдерге қарағанда үлкен. Сондай -ақ ғалымдардың анықтауынша ауыру сезімдерін еркектер мен әйелдердің миы әртүрлі қабылдайды екен.
-
Мидың өзінде ауыру рецепторлары жоқ және ол ауруды сезбейді , бірақ олар мидың қабықшасында бар , сол себепті біз әртүрлі бас ауруларын сеземіз.
-
Мидағы жүйке жасушалары қалпына келеді.
-
Қатты күйзеліс ми жасушаларының құрылысы мен қызметін өзгертеді.
-
Интеллектісі жоғары адамдар , интеллектісі төмен көрсеткіштегі адамдарға қарағанда түрлі ми ауыруларымен аз ауырады.
-
Маңызды жаңалыққа , мешітке барып оқыған дұғалар мен сиынулар ми ауруларымен адамдарға сирек ауырып , тез жазылуға мүмкіндік беретіні жатады. Бұл дұға оқып , сиынып тұрған адамның тыныс алу жиілігі төмендейді және мидағы дельта-толқындар қалпына келумен түсіндіріледі.
-
Үш жасар балада жүйке жасушалары ересек адамға қарағанда 3 есе көп. Егер сәбидің мүмкіндігін толығымен пайдаланбаса , жасы келе пайдаланылмаған жасушалар өледі. Сондықтан ерте кезден бастап балаларды белсенді түрде оқуға үйрету керек.
-
Біздің ағзамызға түскен тағам , адам миының жұмысына әсер ететіні дәлелденді. Сондықтан құрамында консерванты, жасанды иістенгіштері мен бояғыштары жоқ тағамды ішкен жөн.
-
Адам миы 75% судан тұрады. Оның қалыпты жұмыс істеуі үшін ағза суды жеткілікті мөлшерде қабылдауы керек.
-
Алькогольді ішімдіктерді ішкен кезде нейрондар арасында байланыс әлсірейді.
-
Кәдімгі күлкі мидағы бес түрлі аймақтың жұмысын қажет етеді.
-
Оттексіз адам миы 6 минуттан артық тіршілік ете алмайды , одан ары қайтымсыз үрдістерден жүйке жасушаларының өлуі басталады.
Жануарлар жайлы қызықты мәліметтер
-
Сарган балығының сүйегі жасыл болады.
-
Сегізаяқтың қарашығы тік бұрышты үшбұрыш.
-
Жылқыда адамға қарағанда 18сүйек артық.
-
Керіктерде басқа құрлық жануарларына қарағанда ең үлкен жүрек және ең жоғары қан қысымы , сондай-ақ ұзындығы 45 см болатын қап -қара тілі бар.
-
Антрактида балықтарының қанының температурасы -17 градус Цельсияға дейін жетеді.
-
Киттің жүрегі минутына бар жоғы тек 9 рет соғады.
-
Адам жасушасының ДНҚ-сы ядрода 0005 мм диаметрде орналасады. Егер ДНҚ оралмасын түгелдей жазатын болса онда оның ұзындығы екі метрге жетеді. Бір дененің бір жіпке тартылған барлық ДНҚ-сы Жерден Күнге дейінгі 40 км-ге тең арақашықтыққа орналасар еді.
-
Оңтүстік Америкалық электрлік жылан балықтың электрогенераторлары тоқ күші 12 А тең келетін 1200 вольт кернеу электр тоғын генерациялайды. Бұл алты дана жүз ваттық жарық лампасын жандыруға жетеді.
-
Түйеқұстың жұмыртқасы толығымен пісу үшін оны 40 минуттан кем қайнатуға болмайды.
-
Француздар кептерді « ұшқыш егеуқұйрық » деп атайды.оооооо