7


  • Учителю
  • Органикалық әлем эволюциясының дәлелдемелері

Органикалық әлем эволюциясының дәлелдемелері

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері жайында түсінік бере отырып, оқушылардың білімін жетілдіру.

Тәрбиелілігі: Оқушыларға білім бере отырып, топпен жұмыс істей білуге, ұқыптылыққа, әдептілікке, жинақылыққа, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға тәрбиелей білу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, сана - сезімдерін, пәнге деген қызығушылығын дамыта отырып, білім беру.

Сабақтың типі: жаңа білімді игеру

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың өтілу әдісі: саяхат түрінде

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, интерактивті тақта, кесте

Сабақтың басқа пәндермен байланысы: тарих, география



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

А) Сәлемдесу.

Б) оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

В) сабақтың мақсатымен, тақырыбымен таныстыру



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

§ 20. Организмдердің тіршілік ортасына бейімделуі - табиғи сұрыпталудың нәтижесі

Бейімделушіліктің түрлеріне қысқаша сипаттама беріп, мысалмен дәлелдеп, кестені толтырыңдар

Бейімделушіліктің түрлері

Сипаттамасы, мысалдары



ІІІ. Жаңа сабақты баяндау



Дарвин эволюциялық ілімінде органикалық дүниенің тарихи даму заңдылықтарын ашып, оның қозғаушы күштерін атап көрсетті. Ол ілім жарыққа шыққаннан кейін де биология ғылымының түрлі салаларында эволюциялық процесті дәлелдейтін материалдар көптеп жинақтала берді. Тірі организмдердің жасушадан тұратыны, жануарлар мен өсімдіктер жасушаларының құрылысы мен атқаратын қызметі, химиялық құрамы ұқсас екені айтылды. Бұл барлық тірі организмдердің шығу тегінің бір екендігі айқын дәлел болды. Жалпы құрылысы және шығу тегі бір мүшелерді гомологиялық мүшелер деп атайды. Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер аналогиялық мүшелер деп аталады. организмдер ұрығының даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым саласы эмбриология деп аталады. Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым саласы палеонтология деп аталады.



ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Дұрыс жауабын табыңдар:

А. Қазба қалдықтары табылмаған, қаңқасы жоқ организмдердің дене құрылысын....................................... зерттейді.

1. Палеонтология;

2. Салыстырмалы - анатомия.

Құрылысы мен шығу тегі бірдей ұрық бастамасынан.............. мүшелер дамиды

1. Аналогтық

2. Гомологтық

Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер

1. Аналогтық

2. Гомологтық

Көбелек пен құстың қанаттары бірдей ұшу қызметін атқарғанымен құрылысы бір-біріне..............

1. Ұқсайды

2. Ұқсамайды



Тізімнен жануарлардағы аналогтық және гомологтық мүшелерді ажыратып кестеге жазыңдар

a) Көбелектің қанаты

b) Жарғанаттың қанаты

c) Құстың қанаты

d) Көртышқанның алдыңғы аяқтары

e) Балықтың желбезегі

f) Бұзаубастың аяғы

g) Өзен шаянының желбезегі

Гомологтық мүшелер ------------------- Аналогтық мүшелер



Эмбриологиялық дәлелдемелерге арналған биологиялық диктант



Сөйлемдер

● Жануарлардың ұрықтық дамуының ұқсастығы шығу тегінің................. екендігін дәлелдейді.

● Әр түрлі жануарлар ұрықтарының даму ұқсастығын..................... анықтады.

● Жеке даму кезінде................;.................;................ сатысынан өтеді.

● Омыртқалы жануарлардың ұрықтары, ең алғашқы даму сатысында................. бөлімдерінен тұрады.

● Жүйке жүйесі алдымен.............. тәрізді болады.

● Омыртқалылардың ұрығында бәрінен бұрын.................. белгілері қалыптасады.

● Типтен соң................. белгілері қалыптасады.

● Балықтарда жұп аяқтары.................... айналады.





Органикалық дүние эволюциясының дәлелдемелері

Дәлелдемелер ----------------------------- Анықтамасы ---------------------- Мысалдар

Салыстырмалы - анатомиялық

Эмбриологиялық

Палеонтологиялық

Биогеографиялық



Ү. Жаңа сабақты қорытындылау

Эволюциялық ілімге қарсы жақтар Дарвиннің жаңа түрлердің түзілу теориясына көбінесе күдікпен қарайды. Алайда туыстар, тұқымдастар, отрядтар және кластар тәрізді ірі таксондар қалыптасуының табиғи сұрыпталу теориясына ешқандай байланысы жоқ. Макроэволюцияның секіртпелі емес, тұрақтылығын дәлелдейтін өліп біткен де, сондай ақ қазір өмір сүретін өтпелі формаларының саны жеткілікті мөлшерде табылады.



ҮІ. Бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма: Органикалық дүние эволюциялық дәлелдемелері











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал