7


  • Учителю
  • Поурочный план на тему 'Өсімдік жасушасның құрылысы' (6 класс)

Поурочный план на тему 'Өсімдік жасушасның құрылысы' (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Биология пәні мұғалімі

Муталив Даулен 6 «Б» -сынып

Сабақтың тақырыбы: Өсімдік жасушасының құрылысы.

Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар.

(асты сызылған курсив сөздердердің орнында оқушы дәптерінде бос орын қалдырылады)

Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне:

І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі; в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (алдымен жеке тексеріп шығады, сосын фронтальды тексереді).

«Көпір»

тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары

Сұрақтарға жауап беріңдер.

1.Жасушаның ашылуы қандай құралдардың шығуына себеп болды?

Ж: Ұлғайтқыш құралдардың шығуына.

2.Ең алғашқы микроскопты құрастырған әкелі-балалы ғалымдар және қай жылы?

Ж: Голландиялық Янсендер 1590-1610 жылдары.

3. Әр оқушыға төмендегі сәйкестендіру тест беріледі.

Ж:

ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады.

1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?

кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.

Сұрақтарға жауап бер:

1.Жасушаны зерттейтін ғылым саласын қалай атайды?

Ж: Биология ғылымының жасушаны зерттейтін саласын цитология деп аталады.

2.Жасушаны қандай құрал арқылы көруге болады?

Ж: Ұлғайтқыш құрал микроскоппен көруге болады.

3.Жасушаны ең алғаш көрген ғалым?

Ж: Өсімдіктің тоз қабатынан ең алғаш өлі жасушаны 1665 жылы ағылшын ғалымы Р. Гук байқады.

4. Жасуша теориясының негізін қалаған ғалымдар?

Ж: 1838-1839 жылдары неміс ғалымдары Т.Шванн мен М.Шлейден

5. Жасушада көбеюге қатысатын органоидты атаңыз?

Ж: ядро

6. Өсімдік жасушасына беріктік қасиет беретін зат?

Ж: целлюлоза (жасунық)

7. Тек өсімдік жасушасына тән органоидты атаңыз?

Ж: пластидтер

8. Органикалық заттарды түзуге қатысатын органоидты ата?

Ж: хлоропластар

9. Жасушаның қысымын реттейді, сулы ортаны қалыптастырып, улы заттарды ығыстыратын органоид?

Ж: вакуоль

10. Жасушаның қоймалжын заты, барлық тіршілік процестеріне қатысатын органоидтар орналасады?

Ж: цитоплазма

2-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

Себебін анықта:

Неге өсімдік жасушасында пластидтер болады?

Ж: Себебі, өсімдіктер ағзалық заттарды өздері синтездейді яғни, автотрофты коректенеді. Пластидтердің бір түрі хлоропластарда күн сәулесі мол түсуіне байланысты, ауадан көмірқышқыл газын алып, нәтижесінде ағзалық зат пен оттегіні бөліп шығарады.

3-қадам: теорияны «Талдау» үшін

(1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады.

1. Венн диаграммасын толықтыр.

Өсімдік жасуша қабықшасы Ұқсастығы Жануар жасуша мембранасы



2. Тақырыптың басты идеясы неде?

............................................................................................................................

............................................................................................................................

4-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

Төменде берілген белгілердің сәйкес келетін реттік санын жауабтын тұсына жазыңыз.

Ж:

Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады.

5-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалармен бекіту жүргізіледі. Дайын формулалар арқылы есептер шығару орындалады


Ж: 1. Ядро 2. Пластидтер (хлоропластар) 3. Вакуоль

4. сыртқы қабықша 5. Ішкі қабықша 6. цитоплазма

6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады

Сен қалай ойлайсың, жасуша органоидтарының маңызы қандай?

ІІІ кезең (кері байланыс - бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.


І деңгей (5 балл)

1-қадам: теория бойынша «Білу» үшін тақырып мазмұнынан кім? Не?

кімнің? кімге? кімді? кімде? кімнен?кіммен? Қандай? Қай? Қашан? Не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі керек.

Сұрақтарға жауап бер:

Әр сөйлемдегі жасуша бөлімдерінің қасиетін, атқаратын қызметін оқып, мұқият талдап, сәйкес келетіндерінің тұсындағы рет санын кестеге толтыр.

1. Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттеп, керексіз улы заттарды ыдыратуға қатысатын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын. 2. Сыртында екі қабат саңылауы қабықшасы бар цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын және көбеюге қатысатын жасушаның ең қажетті құрамдық бөлігі. 3. Тек өсімдік жасушасында ғана болатын фотосинтез процесіне қатасытын органоид. 4. Құрамында су, нәруыз, май болатын, барлық күрделі тіршілік әрекетіне қатысатын желімтек, созылмалы, қоймалжың тірі зат. 5. Жасушаға белгілі пішін және мықтылық қасиет беріп, ішкі бөлімдерін зақымданудан қорғайды.

Ж:

2-қадам: практика жүзінде «Қолдану» (оқулықпен жұмыс.

ІІ кезеңнің5-қадамындағы қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады)

Тақырыптағы тірек сөздерді дәптерлеріңе мағынасын ашып, жазып алыңдар. (оқушылар осы терминдерге толық анықтама береді)

Цитоплазма- қоймалжын сұйықтық

Вакуоль- шырынға толы қуыс

Пластидтер- түс береді (жасыл, қызыл, қоңыр, сары және т.б.)

Ядро- көбеюге қатысады

Целлюлоза- өсімдікке беріктік қасиет береді

Хлорофилл- жасыл түсті пигмент

Жасуша қабықшасы- қорғаныш, зат алмасу

Саңылау- су, ауа, газ өтеді


1-аралық нәтиже:

Бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралық өлшемі): - «дұрыс», «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский). Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі - бес балл = «сынақтан өтті» = «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемі = «3» журналға қойылады, егер келесі деңгей тапсырмаларын меңгере алмаса.


ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

3а-қадам: теорияны «Түсіну» үшін неге? неліктен? себебі? не үшін? Дәлелде, түсіндір сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына қойылады (оларды тереңдету үшін)

1. Себебін анықта:

1.Күзде жапырақтардың сарғаюы себебі :

Ж:Температура төмендегендіктен жапырақтағы хлорофилл пигменті ыдырыап, оның орнына хромопластар басқандықтан.

2.Ірі жемістерде (қызанақ ) шырынның көп болу себебі:

Ж.Себебі жасушада вакуоль көп болуынан

3.Лейкопластардың түсі неліктен ақ болу себебі:

Ж: су көп мөлшерде болғандықтан

3б-қадам: теорияны «Талдау» үшін

1.Салыстыр,

2. Айырмашылығы неде?

3. Ұқсастығы неде?

4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. ІІ кезеңде Венн диаграммасы арқылы орындалған тапсырманы кесте түрінде беріп, баланың білімін тексеруге болады.

2. Төменде берілген өсімдік мүшелерін пайдаланып, пластидтер (хлоропластар, хромопластар, лейкопластар) түрі қайсы мүшесінде орналасатындығын кестеге толтырыңыздар.

1. хлоропластар

2. лейкопластар

3. хромопластар

1. 2. 3.


4. 5. 6.

Өсімдік мүшелері


1

Тамыр 2

Сабақ 1

Жапырақ 1

Гүл 3

Жеміс 3

Тұқым 2


4-қадам: практика жүзінде «Қолдану. ІІ-кезеңдегі қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады.

4.«Ең,ең,ең....»

Ең бірінші крахмал (қант) қай пластидте түзіледі - хлоропластарда.

Ең соңғы пластид түрі - хромопласт

Ең күшті беріктік беретін ағзалық зат - целлюлоза


2- аралық нәтиже:

Екінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік деңгейдің сапалық өлшемі (екінші аралық өлшемі): - оқушының бірінші деңгейдегі «дұрыстылық» пен «толықтылдық» деп аталатын білім сапасының түрлеріне «тереңділік» пен «әрекеттілік» сияқты түрлері қосылады. Білім, біліктілік сапасының сандық өлшемі - алғашқы жинаған бес баллға + 4 балл = 9 балл = «4» , яғни «жақсы» деген баға журналға қойылады, егер оқушы келесі деңгейді меңгере алмас


ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)

5-қадам: теорияны «Жинақтау» үшін Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады.

ІІ-кезең, 4-қадамда «жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады.

1. Көп нүктенің орнына тиісті жауаптың нөмірін жаз.

Биологиялық диктант

1. Өсімдікке жасыл түс беріп фотосинтез процесіне қатысатын жасыл пигмент - ... бар. 2. Цитоплазма ішіндегі шырынға толы, сыртында қабықшасы бар қуысты ... дейді. 3. Жасуша ..., ..., ... . 4. Қабықшасы қалың, қатты, ыстық суда, қышқыл мен сілтіде ерімейтін ... тұрады. 5. Цитоплазманың ішінде ерекше оқшауланып тұратын тығыз дене - ... . 6. ... жапырақтан сабақ бойымен қозғалып келген органикалық заттардың тамыр, түйнек, тамырсабақтарда қорға жиналуына қатысады. 7. ... жасуша ішінде болатын жұмыртқа ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы, қоймалжың тірі зат. 8. Хромопласт пластидтер дамуының ... . 9. ... ... жасушалары мен өсімдіктің шырынды мүшелерінде жасуша шырыны өте көп. 10. Пластидтер гүл күлтелеріне, піскен жемістерге, жемтамырларға ..., ... түс береді.

Жауаптар: 1)Целлюлоза; 2)Цитоплазма; 3)Ядро; 4)Хлорофилл; 5)Лейкопластар; 6)Вакуоль; 7)Піскен жемістердің; 8)Тыныс алады, қоректенеді, өседі; 9)Қызыл, сары; 10)Ақырғы кезеңі.


6-қадам: : практика жүзінде «Баға беру» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмаларды орындату арқылы оқушының жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін (практикасы бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады.

2. Сен қалай ойлайсың?

«Жасуша тірі ағзаның-тірегі» - деген ұғым нені білдіреді.

Жауабы: Барлық тірі ағзалардың денесі жасушадан тұрғандықтан.


3-нәтиже:

Үшінші деңгейдің нәтижесі (түбегейлі көзделген нәтиже): алғашқы екі деңгейде жинаған 9 баллға + 3 балл =12 балл = «5» журналға қойылады. Оқушының білім сапасы білім стандарты көлемінде «дұрыс», «толық», «әрекеттілік» пен «тереңділік»-ке «жүйелілік» пен «саналылық» қосылып, барлығының жиынтығы «берік» білім болып саналады (Ю.К. Бабанский).





























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал