- Учителю
- Урок по биологии на тему Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы (9 класс)
Урок по биологии на тему Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы (9 класс)
Сабақ: 59 Сабақтың тақырыбы: Сүтқоректілердің ертедегі жорғалаушылардан пайда болуы, жұмыртқалаушы ілкіаңдар.Қалталы және ұрықжолдасты сүтқоректілер. Биологиялық ерекшелігі. Таралу аймақтары және алуантүрлілігі. Сүтқоректілердің көптүрлілігі.
Оқыту мен тәрбиенің міндеттері.
Сабақтың мақсаты: Сүтқоректілердің шығу тегі, класс тармақтарына жіктелуі, қағанақсыз сүтқоректілердің мекендейтін жері, қоректенуі, баласын азықтандыруы жайлы қысқаша түсінік беру.
Білімділігі: Оқушыларға сүтқоректілер класының түрлері мен
маңызы туралы білім беру .
Дамытушылығы: Өткен материалдармен байланыстыра отырып,
оқушының ойлау, танымдылық қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды сүтқоректілер класының кейбір
өкілдерін қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Көрнекілік: Сүтқоректілердің суреттері, плакаттар,слайд және т.б.
Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап,түсіндіру,логикалық сұрақтар, кесте,
тест жұмысы және т.б.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу. Оқушыларды журнал бойынш түгендеу.
2. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. (Сұрақ -жауап)
Үй тапсырмасы: § 58 Көбеюі және дамуы. Ұрпақтарына қамқорлық жасауы. Жылдық тіршілік циклы және маусымдық құбылыстар.
-
Сүтқоректілерді зерттейтін зоология ғылымының саласы не деп аталады?
-
Класс неліктен сүтқоректілер деп атаған?
-
Сүтқоректілердің басқа жануарлардан басты қандай ерекшеліктері бар?
-
Сүтқоректілердің терісінде қандай бездер бар?
-
Сүтқоректілердің қаңқасы қандай бөліктерден тұрады?
-
Сүтқоректілердің бұлшық еттері денесінің қай бөлігінде көп?
-
Сүтқоректілер қалай қоректенеді?
-
Сүтқоректілер қалай тыныс алады?
-
Сүтқоректілердің қанайналым жүйесінің ерекшеліктері қандай?
-
Сүтқоректілер қалай көбейеді?
-
Сүтқоректілердің зәр шығару мүшесі қандай?
3. Өтілген матералдарды қайталау.
-
Үй тапсырмасын қорытындылау.
-
Жаңа сабақ