7


11 сынып сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Бекітемін: ______________ Күні: 13.01.2016ж Сыныбы: 11 "Ә"

Пәні: Биология

Сабақтың тақырыбы: Архей заманындағы тіршіліктің дамуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға архей заманында тіршіліктің дамуы туралы мағұлмат беру

Тәрбиелілік: Оқушыларды архей заманында тіршіліктің дамуы туралы білуге тәрбиелеу

Дамытушылық: Оқушылардың архей заманында тіршіліктің дамуы туралы ой - өрісін

дамыту

Сабақтың түрі: Дәстүрлі

Сабақтың көрнекілігі: плакат

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа қатысын тексеру
II. Үй тапсырмасын тесеру

1. Жер тарихының замандарын рет - ретімен атап бер?

2. Жер тарихының шежіресін айт?

3. Криптозой ұғымы нені білдіреді?

III.Жаңа сабақ

Архей заманы (Архей эрасы) - жердің тарихында ұзақтығы 1 млрд жылдай болған тым ескі заман. Ол көбінесе кристалды сланңылардан, гнейстерден, және атқылауынан пайда болған жыныстардан құралады; мұнда сирек, бірақ құрамында әктас, тағы басқа да жыныстар да кездесіп отырады.

Архей-эрасы - Жердің геологиялық тарихындағы ең көне эра. Радиометрлік зерттеулер Архей эрасының ең көне жыныстары осыдан 3,5-4 млрд жыл бұрын қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның эрасына ауысу уақыты қазіргіден шамамен 2,6-2,8 млрд жыл бұрын өткенге ұқсайды.

Архей заманында аспанды түнерген қара бұлт қаптап, найзағай жарқылдап, жанартаулар атқылаған. Ауада оттек болмаған, көмірқышқыл газының көптігі тіршілікке қолайсыз болған. Миллиондаған жылдар өткенде жылы суда мембранасы мен ядросы жоқ тірі нәруыздың түйірлері, іркілдек тамшылар пайда болып, суда еріген органикалық заттарды бүкіл денесімен сіңіре бастаған. Осылайша алғашқы тірі организмдер - (дайын органикалық қосылыстармен қоректенушілер) пайда болған. , , , , табылған бағана тәрізді әкті түзілістер строматолиттер (ертедегі шөгінді жыныстар) көк-жасыл мен әрекеті екендігі анықталған.

заманында тіршілік еткен

Көк-жасыл балдырлар мен бактериялар заманында тіршілік еткен. Көк-жасыл балдырлар мен бактерияларда оқшауланған ядро болмаса да көбеюге қабілетті болған. Жер бетіндегі тіршілік эволюциясында процесінің рөлі өте зор, өйткені органикалық дүниенің жануарлар және өсімдіктер деп бөлінуіне себепші болды. Ең алғашқы фотосинтездеуші организмдер - көк-жасыл балдырлар болды. Ауаға мұхиттан бос оттек бөліне бастады. Тірі табиғат эволюциясындағы басты (күрделі өзгеріс) процесінің жүруімен тығыз байланысты. заманының соңында шоғырлы (колониялы) балдырлардың тіршілік еткендігіне мен құрлығынан тасқа айналған олардың қалдықтарының табылғаны дәлел бола алады.

мен заманының ауысатын кезеңінде екі ірі эволюциялық өзгеріс болғандығы анықталды.

1. Жыныстық жолмен көбею процесінің пайда болуы.
2. Көп жасушалы организмдердің пайда болуы.

Архей заманы-жер қыртысының тарихындағы көне заман.Архей заманының тау жыныстары қабаттарынан өте қарапайым құрылысты тірі ақзалардың-бактериялардың және көк-жасыл балдырлардың (прокариоттар) қалдықтары табылған.Олардың теңіздерде ғана тіршілік етіп қоймай,құрлыққа шыққандығы көрінеді.Өйткені,құрлықтағы бейорганикалық заттар органикалық заттарға айналып,соның нәтижесінде топырақ түзілген.Архей заманындағы жер бетіндегі тіршіліктің одан әрі қарқынды дамуына жол ашқан аса маңызды үш ароморфоз атап көрсетіледі.
Олар:1.Ағзалардың жынысты көбеюге қабілеттілігі пайда болады,гендердің алмасуы,комбинативтік өзгеріштіктің жүруі,табиғи сұрыпталу әрекетінің мүмкіндігі күшейе түсті.
2.Фотосинтездің пайда болуы қоректену және зат алмасу әдістері бойынша барлық тірі ақзаларды екіге:автотрофтылар (жасыл өсімдіктер) және гетеротрофтыларға (жануарлар)бөлуге бастама берді.
3.Көп жасушалықтың түзілуіне байланысты ақзалардың құрылысы күрделенді,ортаның жаңа жағдайларын игере отырып,оған бейімделушіліктер қалыптасты.
Протерозой заманы.Ең ұзаққа созылған бұл заманда алғашқы тау түзілу әрекеті жүре бастады.Олар негізінен,су түбіне бекініп тіршілік етті.Жер бетіндегі температура әлі де болса жоғары болғандықтан,тіршілік тек суда ғана жүріп жатты.

Тіршілік біртіндеп геологиялық жағдайға айналды.Протерозой заманындағы негізгі ароморфоздар мыналар еді:
1.Жануарларды екі жақтылық симметрия қалыптасып,соның нәтижесінде қорғаныштық қызмет атқаратын дененің алдынғы және артқы бөліктері ажыратылды.
2.Ең жоғары сатылы жануалар-желілілер типінің алғашқы өкілдері шықты,Оларда желі бұлшықеттерге тірек қызметін атқарды.
3.Түтік тәрізденген орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы тіршілік әрекеттерінің қарқынды жүруіне әсер етті.
4.Желбезек түрінде тынысалу мүшелері қалыптасты.

IV. Бекіту

1. Жер тарихында қандай замандарды ажыратады?

2. Архей заманында жер бетінде қандай өзгерістер орын алды?

3. Фотосинтез прцесінің ерекшелігі неде?

V. Қорытынды

Архей заманы (Архей эрасы) - жердің тарихында ұзақтығы 1 млрд жылдай болған тым ескі заман. Ол көбінесе кристалды сланңылардан, гнейстерден, және атқылауынан пайда болған жыныстардан құралады; мұнда сирек, бірақ құрамында әктас, тағы басқа да жыныстар да кездесіп отырады.

Архей-эрасы - Жердің геологиялық тарихындағы ең көне эра. Радиометрлік зерттеулер Архей эрасының ең көне жыныстары осыдан 3,5-4 млрд жыл бұрын қалыптаса бастағандығын көрсетеді. Бұл эраның жоғарғы деңгейі, яғни оның эрасына ауысу уақыты қазіргіден шамамен 2,6-2,8 млрд жыл бұрын өткенге ұқсайды.

VI.Үйге тапсырма

§33 Архей заманындағы тіршіліктің дамуы

VІІ.Бағалау

Сабақ айтқан оқушыларды бағалау






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал