- Учителю
- Урок планирование 'тамырдың түрөзгерістері'
Урок планирование 'тамырдың түрөзгерістері'
Тақырыбы: §10. Тамырдың түрөзгерістері
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі - тамырдың түрөзгерісі, оның түрлері жайлы қысқаша мағлұмат беру.
Тәрбиелілігі - түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету.
Дамытушылығы - пәнге, тақырыпқа байлансты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, оқулықтағы суреттер
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1 - карточка
1. Дұрыс жауап тұсына белгі қой
Өсімдіктің қоректену ерекшеліктері:
І. Өсімдікке азоттың жетіспегенін қалай білуге болады?
А) жапырақтары дамымайды;
В) түйнектері майда болады;
С) жемістері көпке дейін піспейді;
Д) жапырақтары бозарып кетеді;
Г) сабақтары әлсіз болып жатып қалады.
ІІ. Бөлмеде өсетін өсімдіктердің өсу нүктесі қурап қалса минералды тұздардың қай түрін көбірек пайдалану керек?
А) борды
В) азотты
С) калийді
Д) фосфорды
Е) кальцийді
ІІІ. Өсімдік тырбиып бойы аласа, сабағы әлсіз болып өссе топырақта қай элемент жетіспейді?
А) азот
В) калий
С) фосфор
Д) мыс
Е) кальций
2. Тізімдегі органикалық және минералды тынайтқыштарды бөліп кестеге толтыр.
Органикалық тынайтқыштар
Минералды тынайтқыштар
1.Азот селитрасы; 2.Құс саңғырығы; 3.Суперфосфат; 4.Күл; 5.Торф; 6.Қи; 7.Сүйек ұны; 8.Қарашірік; 9.Нитрагин; 10.Көмір.
2 - карточка
1. Төмендегі сипаттамалар тыңайтқыштардың қай түріне тән екенін тұсына рет санын қою арқылы анықта.
І.
Азотты
ІІ.
Фосфорлы
ІІІ
Калийлі
1. Жемістердің пісу мерзімін қысқартады; 2. Суыққа төзімділігін арттырады;
3. Сабақ пен жапырағының өсуін күшейтеді; 4. Тамыр мен түйнектің өсуіне әсер етеді
2. Дұрыс жауаптың тұсына белгі қою арқылы сұрақтарға жауап бер
І. Топырақтан қоректену кезінде қатысатын ұлпаларға қайсысы жатады?
1.Өткізгіш; 2.Түзуші; 3.Жабын; 4.Негізгі-фотосинтездеуші; 5.Тірек; 6.Негізгі-қоректік; 7.Бөліп шығарушы.
ІІ. Әсіресе қыста және көктемде бөлме өсімдіктерінің жапырақтарының сарғаюы қандай элементтің жетіспеуінен деп ойлайсыздар?
1.фосфордың; 2.калийдің; 3.темірдің; 4.кальцийдің; 5.азоттың.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
Өсімдіктің барлық мүшелерінде сыртқы орта жағдайларының өзгеруіне байланысты түрлі ауытқулар мен өзгерістер болады. Тіршілігін сақтап қалу үшін өсімдік мүшелері әр түрлі жағдайға түрін өзгерту арқылы бейімделуін түрөзгеріс (метаморфоз) дейді.
Тамыр түрөзгерістері
Жемтамыр
Түйнекті
Ауа тамыр
Тіреу
Емізік
Сәбіз, шомыр, тарна, ақжелкен, қант қызылшасы, шалқам, шашыратқы және т.б.
Нарғызгүл (георгин), батат, шырыш, таушымылдық және т.б.
Мангр ағашы, айрұқ (плюш), монстера, сауыр (кипарис), орхидея және т.б.
Үнді фикусы және т.б.
Сұңғыла, арамсояу және т.б.
Кездесетін өсімдіктер түрлері
ІV. Бекіту.
-
Тамырдың түрөзгеріс-тері
Қысқаша сипаттамасы, атқаратын қызметі.
Жем-тамырлар
Әр түрлі органикалық заттар өсімдіктердің негізгі тамырларының жасшуаларында қорға жиналады, жуандап түрін өзгертеді. Жемтамырлар шырынды, құрамында органикалық заттар мен витаминдер болғандықтан, күнделікті тамаққа пайдаланады. Екі жылдық өсімдіктер (редискадан басқасы).
Тіреу тамырлар
Тропиктік ормандарда өсетін ағаштарда болатын қосалқы тамырлар. Дами келе қосалқы тамырлар шығып, біртіндеп ұзарып, топыраққа (жерге) жетеді. Қосалқы тамырлардың саны көбейеді, жуандайды. Тіреу тамырлар ағаштың діңінен алысқа кетеді. Мұндай ағаштардың діңі өте жіңішке, сұлпасы үлкен болады. Үлкен сұлба мен жіңішке дің тіреу тамырларға сүйеніп өседі.
Емізік тамырлар
Паразиттік тіршілік ететін өсімдіктердің тамырлары. Бұлар пішіні, түсі жағынан басқа өсімдіктерге мүлде ұқсамайды. Тамырлары басқа бір өсімдіктің сабағы мен тамырына жанасқан кезде ғана пайда болады. Еміздік тамыр алдымен сабақ өңінде өсінді түрінде шығады. Ол өзіне жанасқан басқа өсімдіктің өңіне (қабығына) еніп, емізік тамыры арқылы дайын қоректік заттарды сорады
Түйнекті тамырлар
Тамырдың барлығы жуандап, шырынды болады. Егер шашақ тамыр түйнек тамыларға айналса, барлық тамырлары білеуленіп, жуандап, топтанып тұрады. Түйнек тамырлар өсімдік қыстап шығу үшін және жыныссыз көбею үшін керек.
Ауа тамырлар
Сабақтан дамиды. Оттегі жоқ, батпақта, сазды жерлерде өсетін өсімдіктер ұштары батпақтан шығып тұрады, қабығы жұқа болады. Ағаш діңіне жабысып өскен сүйсіннің (орхидея) ауа тамырлары ағаш қабығынан сырғып аққан су мен жаңбыр суын сіңіреді. Жапырақтары болмайтындарында фотосинтез қызметін атқарады.
Үй тапсырмасы. §10 оқып келу, жалпы өсімдіктің вегетативті мүшесінің бірі - тамыр жайлы өтілген тақырыптарды қайталап келесіздер, келесі сабақта биологиялық тест жұмысы алынады.