7


  • Учителю
  • Терінің құрылысы Биология пәнінен сабақ жоспары 8-сынып

Терінің құрылысы Биология пәнінен сабақ жоспары 8-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні:

Сабақтың тақырыбы: Терінің құрылысы және атқаратын қызметі.

Сабақ мақсаты:

1. Терінің адам өміріндегі маңызын ұғыну, терінің құрылысымен танысу

2. Асқорыту, зәр шығару зат алмасу жөніндегі ұғымдарын дамыту; дүниетанымдарын кеңейту; 3. Өз ағзаларын күте білуге, салауаттылыққа, өз денсаулықтарын, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу; Тез ойлауға, алған білімдерін өмірде жүзеге асыра білуге

тәрбиелеу;

Сабақ өткізу әдісі: Аралас; баяндап ұғындыру, сұрақ¬- жауап, жеке және топтық жұмыстар.

Сабақ жабдығы:

1. Терінің құрылысы көрсетілген слайд.

2. Терінің құрылысы және маңызы жазылған кесте слайд түрінде.

3. Интерактивті тақта жазылған мақал - мәтелдер.

4. Сөзжұмбақтар «Дәрумендер», «Асқорыту», «Күрек тіс», «Липаза». (Интерактивті тақтада).

5. Перфокарталар, тестілер, жеке тапсырмалар. Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Жаңа сабақ.

1. Өтілген сабақтар бойынша сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

2. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

3. Сабақ жоспарымен таныстыру.

4. Сызбаларды пайдаланып жоспарлы ұғындыру. (Интерактивті тақтадағы слайдтар арқылы).

А. Терінің қызметтері:

1. Тері - жабын мүшесі, ауданы 2 шаршы метр, мықты және серпімді.

2. Тері - қорғаныш мүшесі. Бүкіл ұлпалар мен мүшелерді механикалық зақымданудан сақтайды; ағзаны ауру тудыратын микробтардан қорғайды.

3. Тері - сезім мүшесі. Теріде қысымды, ауырғанды, суық пен жылуды сезетін рецепторлар болады. Олар адамды жарақаттанудан, күюден. т. б. сақтайды.

4. Тері - дене температурасының тұрақтылығын сақтаушы.

5. Тері - зәр шығару мүшесі. Ағзадағы мөлшерден артық тұздар мен су тері арқылы термен бөлініп отырады.

6. Тері - тыныс алу мүшесі. Теріде газдар алмасады.

7. Теріде «Д» дәрумені түзіледі.

8. Теріде қоңыр пигмент түзіледі, ол ағзаны ультракүлгін сәулелердің артық мөлшерінен қорғайды.

Ә. Терінің құрылысы:

1. Сыртқы - эпидермис (эпителий ұлпасынан).

ТЕРІ 2. Ортаңғы - нағыз тері - дерма (дәнекер ұлпасынан).

3. Ішкі - шел (май ұлпасынан ).

Б. Терінің қабаттарының ерекшеліктері:

1. Үстіңгі қабат - өлі жасуша, орын ауысу, қорғаныш, жаңа жасушадағы бояғыш зат, күн сәулесі әсері.

2. Ортаңғы қабат - дәнекер ұлпа, қалың, теріге серпімділік қасиет беру; Қан тамырлар, жүйке талшықтар, май және тер бездері, шаш түбі. Тер бездері - тер бөлуі, салқындау; ысып кетуден сақтау; Май бездері май бөлу; теріге серпімділік беру;

3. Шаш және тырнақ - терінің мүйізденген құрамы: Шаш түсі; бояғыш заттардың ыдырауы, тырнақтың саусақ басын қорғауы.

4. Шел қабатында май торларының болуы. Ішкі мүшені жабу; ағзаны салқындаудан сақтау.

ІІІ. Дәптермен жұмыс.

Терінің құрылысы, қызметтері жазылады.

ІҮ. Қосымша: а). шаш, тырнақ гигиенасы.

ә). дерматология, дерматолог.

б). жасанды тері. (ақуызға тән пептидтік байланыстағы полимерлер).



Ү. Жаңа сабақ қорытындысы.

Тест арқылы тексеру.

1. Терінің сыртқы қабаты.

а) шел.

ә) эпидермис.

б) дерма.

2. Терінің сыртқы қабатындағы ұлпа.

а) жүйке ұлпасы.

ә) бір қабатты эпителий.

б) көп қабатты эпителий.

3. Нағыз тері қабаты.

а) дерма.

ә) шел.

б) эпидермис.

4. Тері бездері терінің қайсы қабатында орналасқан?

а) эпидермис

ә) дерма

б) шел

5. Нағыз тері қабаты қандай ұлпадан тұрады?

а) майлы ұлпа

ә) эпителий

б) дәнекер

6. Терінің қызметтері.

а) қорғаныш.

ә) зәр бөл.

б) екеуі де

7. Қоңыр пигмент терінің қайсы қабатында түзіледі?

а) шел

ә) эпителий

б) дерма

8. Теріде түзілетін дәрумен.

а) Д

ә) В

б) С

9. Саусақ басын қорғайтын терінің мүйізделген құрамы.

а) май

ә) тырнақ

б) шаш

10. Газдардың алмасуы терінің қандай қызметіне негізделген.

а) зәр бөлу

ә) қорғаныш

б) тыныс алу

11. Терінің жылу бөлетін қабаты.

а) дерма

ә) шел

б) эпителий

ҮІ. Үй тапсырмасын тексеру. Деңгейлік тапсырмалар.

І. Деңгейлік тапсырма - перфокартамен жұмыс.

Мүшелер жүйесі

Мүшелер---- Жүйке---- Тірек-қимыл---- Қан---- Тыныс ---- Ас қорыту ---- Бездер --- Зәр шығару

Ұйқы

Жүрек

Өкпе

Жұлын

Қуық

Қарын

Қаңқа

Өңеш



ІІ. Деңгейлік тапсырмалар

А) Сөзжұмбақ «Асқорыту».

1. Асқорыту физиологиясын зерттеуші ұлы физиолог. (Павлов)

2. Асқорытуға қажетті бездерден бөлінетін сұйықтық. (сөл)

3. Асқорыту жолына өзек арқылы сөл бөлетін без. (ұйқы)

4. Асқорыту сөлін алуға қолданылатын резина түтікше. (зонд)

5. Өт жасақтайтын ең ірі без. (Бауыр)

6. Асты өңешке өткізуші мүше. (жұтқыншақ)

7. Асты механикалық өзгеріске келтіретін мүше. (Тіс)

8. Асты бірінші қабылдаушы мүше (Ауыз)



Ә) Биологиялық диктант. (терминдердің дұрыс қалыптасуын тексеру.)



1. Заттардың ағзаға сыртқы ортадан енуінен бастап ыдырау өнімдерін шығаруға дейінгі күрделі өзгеру тізбегі....... деп аталады.

2. Кенеулі заттардың сіңірілуі... деп, ал заттардың ыдырауы... деп аталады.

3. Жасушаның құрамын жаңартуға себеп болатын реакциялар жиынтығы... алмасу деп аталады.

4. Жасушаны энергиямен қамтамасыз ететін реакциялар... алмасу деп аталады.

5. Зат алмасудың соңғы өнімдерін бөліп шығару мүшелеріне...,...,...,... жатады.

Жеке оқушылармен жұмыс.



1 - оқушыға. Сөзжұмбақ «Липаза»

1. Қарын сөлі құрамындағы бактерияларды жоятын қышқыл. (тұз қышқылы)

2. Қарын ауруы. (гастрит)

3. Қарын сөліндегі ақуызды ыдыратушы фермент. (пепсин)

4. Сыйымдылығы 1, 5 - 1, 8л ас қорыту мүшесі. (қарын)

5. Қарын сөліндегі сүтті ыдыратушы фермент. (терозин)

6. Қарын сөлін зерттеуші физиолог. (Павлов)



2 - оқушыға. Сөзжұмбақ «Күректіс»

1. Ауыз қуысындағы асқорытуға қажетті сөл. (сілекей)

2. Тістің жақ сүйектің ұяшығындағы бөлігі. (түбір)

3. Тісті бұзудан сақтайтын қабық. (кіреуке)

4. Тістің сүйек сияқты қатты бөлігі. (дентин)

5. Тіс қуысындағы талшық. (жүйке)

6. Тіс дәрігері. (стоматолог)

7. Астың дәмін айырушы. (тіл)

8. Асты ұсақтаушы мүше. (тіс)



3 - оқушыға. Танымдық тапсырма.

№1 1. Еттен жасалатын қазақтың ұлттық тағамдарына....,...,... жатады.

2. Үлкен адамдардың өзі тамақтанған соң кішілерге ұсынатын асы... деп аталады.

№2 1. Сүттен жасалатын қазақтың ұлттық тағамдарына...,...,...,...,..., т. б. жатады. 2. Бұрыннан отырған үйдің жаңадан көшіп келген көршісін шақыруы...... деп аталады.

4 - оқушыға. Жұмбақ шешу.

№ 3. 1. Біріккен сөздің бірінші буыны тағам сөзінің синонимі, екінші оны пісіретін ыдыстың аты. (асқазан)

2. Бір нәрсе жегеніне тіпті тоймас,

Адамның ол нәрсесіз күні болмас.

Жіберсе қарап қалар жердің бәрі,

Кішкене болса - дағы кемдік қылмас. (ауыз)



ҮІІ. Сабақты бекіту.

А. Сөзжұмбақ «Дәрумендер».

1. Теріде түзілетін дәрумен түрі. (Д)

2. Су мен тұздың артық мөлшерінің тері арқылы шығуы. (зәр бөлу)

3. Биологиялық сүзгі.(Бүйрек)

4. Зәр жинайтын мүше. (қуық)

5. Терінің шел қабатының ұлпасы. ( май)

6. Терінің үстіңгі қабаты ұлпасы. (эпителий)

7. Нағыз тері қабаты ұлпасы. ( дәнекер)

8. Нағыз тері қабаты (дерма)

9. Терінің беткі қабаты. (эпидермис)

10. Тері ауруларын емдеуші дәрігер. (дерматолог)



Ә. Жұмбақтар.

1. Тау басында бәйтерек, Бәйтерекке су керек. (бас, шаш)

2. Өзінің жаны жоқ

Жандыға жабысып күн көреді. (тырнақ)

1. Газды да алмастырады, Суды да бөледі.

Ыстық, суығыңды да сезеді, Күте білсең аурудан да қорғайды. (тері)

2. Жас кезінде қара орман,

Жыл өткен сайын ағарған. (шаш)



ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

Терінің құрылысы мен қызметін оқу, реферат жазу.

ІХ. Бағалау.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал