- Учителю
- Типтің жалпы сипаттамасы. Олардың алуантүрлілігі.Бауыраяқтылар ұлулар класы Методичиские материал
Типтің жалпы сипаттамасы. Олардың алуантүрлілігі.Бауыраяқтылар ұлулар класы Методичиские материал
Күні: 20.11.15
Пәні биология
Сыныбы 7 «А»
Сабақ № 20
Сабақтың тақырыбы: Типтің жалпы сипаттамасы. Олардың алуантүрлілігі. Бауыраяқтылар ұлулар
класы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік Ұлулар типің негізгі ерекшеліктері мен бауыраяқтылар класын түсіндіріу.
Дамытушылық Сабақта оқытудың жаңа технологияларын қолданып, оқушы белсенділігін
арттыру, оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу,білім-
біліктілігін дамыта отырып, оқушылардың өз бетімен ізденісін қалыптастырып,
логикалық ойлау, биологиялық тілмен сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлулардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын түсіндіре отырып
жануарларды қорғауға баулу.
Сабақтың типі аралас
Сабақтың түрі дәстүрлі
Сабақтың әдісі топтық жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, сұрақ - жауап
Сабақтың көрнекілігі слайд , плакаттар, электронды оқулық
Сабақтың жоспары І Ұйымдастыру кезеңі.
-
Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
-
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
3. Оқушыларды топқа бөлу, топ басшыларын сайлау
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
"Ыстық орындық" ойыны орындалады
Әр топтан бір-екіден шығып, ыстық орындыққа отырып, сұрақтарға жауап береді.
1. Ұлулар типіне сипаттама
2. Ұлуларда жаңадан пайда болған мүшелер жүйесі.
3. Бауыраяқты ұлулар класы.
ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
Терминдік болжам
Целом
Параподия
Гирудин
Трохофора
Гермафродит
Жаңа сабақты меңгертуге дайындау
Қазақ ұлуды сыртында дөңгелек иірілген қатты қабығы
бар, суда, дымқыл жерде тіршілік ететін құрт тәрізді ұсақ жәндіктер
қатарына жатқызады. Жыл санау есебінде бесінші орынды ұстайды. Ұлу
жылы туылған бала берекешіл болады. Кең ырыздықты келеді. Еліне
сыйымды, халқына жағымды болады. Алғыр ойлы, ақылды болады. Халқына
ұлық болуы мүмкін. Қазақта ұлу жылы туылған адам ұлуды өлтірмейді.
Себебі өлтірсе басына пәле сонан жабысуы мүмкін деп ырымдайды.
Жаңа сабақ меңгерту
Электронды оқулықты қолдану
Ұлулар денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялы көпжасушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денсі бастан, тұлғадан, аяқтан, бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Ұлулар типіне бұрын «былқылдақденелілер» деген атау пайдаланылған. Ұлулар типінде 130 мыңнан астам түр бар деп есептеледі.
Ұлулар типі үш класқа жіктеледі: бауыраяқтылар , қосжақтаулылар және басаяқтылар класы.
Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі ерекшелігі - денесі бунақтарға бөлінбейді. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат - шапанша (мантия) түзіледі. Тұлға мен шапанша аралығында шапанша қуысы болады, ал шапаншаның үстіңгі бетінен бақалшақ қалыптасады.
Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Дененің алдыңғы бөлігіндегі ауыз тісшелері - үккі тілге және жұтқыншаққа жалғасады. «Бауыр» деп аталатын асқорыту безінің аузы қарынға ашылады. Көпжасушалы жәндіктерден бұрын кездеспеген асқорытуға қатысатын без бауырды ұлулардан бірінші рет байқаймыз.Тағы бір ерекшелік - ұлуларда қантарату жүйесі ашық. Көптеген ұлулардың қаны түссіз. Қанның түсі көгілдір (басаяқтылар) ұлулар да бар. Жүректе бір немесе екі құлақша, бір қарынша болады.Құрлықта тіршілік ететін ұлулар өкпемен тыныс алады. Суда тіршілік ететіндерінің тыныс алуы шапанша астында орналасқан желбезектер арқылы жүзеге асады.Ұлулардың зәршығару жүйесі бір немесе екі бүйректен және несепағар түтіктен құралады.
Топтық тапсырмалар: Оқушыларды 2 топқа бөліп, мәтіні бойынша тапсырмалар бөліп бер
-
I топ: Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
-
II топ: Ұлулар типіне жалпы сипаттамасы. Бауыраяқтылар класы.
3 -тапсырма. Сәйкестікті тап
Бауыраяқтылар ұлулар класы
Қосжақтаулы ұлулар класы
Басаяқтылар ұлулар класы
2-тапсырма.
Сөзтізбек «Ұлу».
1. Ұлу денесінің сыртын қаптайтын қорғанышы. - Бақалшақ.
2. Ұлудың басында болатын өсімділер.- Қармалауыш.
3. Ұлу денесін түгел жауып тұратын тері,қатпар. - Шапанша.
4. Ұлуларда жаңадан пайда болған қандай мүшелер жүйесі бар (тіс
орнына үккі, асқа қатысты без бауыр мүшелері дамыған)
5. Ұлулар қалай тыныс алады? (құрлықта тіршілік
ететін ұлулар өкпе арқылы тыныс алады, ал суда тіршілік ететіндер
шапанша астында орналасқан желбезек арқылы жүзеге асады)
6. Ұлулардың қозғалысы (аяқтары арқылы қозғалады)
7. Ұлулардың қаны (түссіз, көгілдір ұлулар да бар).
8. Ұлу аяқтарының атқаратын қызметі. - Қозғалу
9. Ұлулардың дене құрылысы неден тұрады? (бастан, тұлғадан, аяқтан,
бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан).
10. Ұлулардың буылтық құрттардан негізгі айырмашылығы (денесі
буылтықтарға бөлінбей
Жаңа сабақты бекіту
Оқулық пен жұмыс жасау
«INSERT»картасымен жұмыс
V-білемін + -мен үшін жаңалық; ?-сұрақ тудырады
</ Білімдерін бағалау. Рефлекция Оқушылар бүгінгі сабақты түсінген - түсінбегенін бағдаршам арқылы стикерге жазып білдіре алады.
Барлығын түсіндім - жасыл түс
Енді түсініп келемін - сары түс
Түсінбедім - қызыл түс
Үйге тапсырма беру §45 Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері