- Учителю
- Тест на тему четвертная
Тест на тему четвертная
Өсімдіктер бөлімін қорытындылау тестісі 6-сынып
1.Өсімдіктер туралы ғылым
А)Биология В) Ботаника С) Зоология Е) палеонтология
2.Қазақтың тұңғыш өсімдіктану кітабын жазған ғалым
А) Ж.Күдерин Б) Ж.Маусымбайұлы В) Б.Мусин
3.Әкелі-балалы Янсендер нені ойлап тапты
А) жасушаны В) микросокапты Б)Ұлғайтқыш әйнекті Д) Ұлпаны
4.Цитоплазманың неше пайызы судан тұрады?
А)60-90 Б) 61-87 В) 63-95
5.Жасушаның көбеюіне не қатысады?
А)Цитоплазма Б) ядро В) вакуоль Д) пластид
6.Гүл күлелеріне , жеміске, күзгі жапырақтарға қандай пластид түс береді?
А) Хлоропластид Б) хромопластид В) лейкопластид
7.Өсімдік жасушасында улы затты не ыдыратады?
А)Цитоплазма Б) ядро В) вакуоль Д) пластид
8.Өсімдікті өсіретін, жасушалары ұдайы бөлініп отыратын ұлпа
А) түзуші Б) Фотосинтездеуші В) жабын
9.Алмұрт, шетен, беже, жемістерінің жұмсақ етіндегі қиыршық жасушалар қандай ұлпадан тұрады?
А) түзуші Б) тірек В) фотосинтездеуші Е) жабын
10.Өткізгіш ұлпаның жоғары ағыс жолы қалай аталады?
А) флоэма Б) ксилема
11.Қосжарнақты өсімдіктерге қандай тамыр жүйесі тән
А) Кіндік Б) шашақ
12. Ұрықтан өсіп шығатын тамыр қалай аталады?
А) қосалқы Б) негізгі В) жанама
13. Сабақтан, жапырақтан қандай тамыр шығады?
А) қосалқы Б) негізгі В) жанама
14.Тамыр түктері тамырдың қай бөлімінде болады?
А) Тамыр оймақшасы Б) өткізу В) сору Д) өсу
15.Өсімдікке қандай зат жетіспегенде өсуі баяулап, жапырақтары бозара бастайды?
А) фосфор Б) азот В) калий
16.Өсімдікке калий жетіспегенде қандай өзгеріс болады?
А) жемістің түзілуі баяулап, салмағы кемиді Б) Өсімдік аласа болып, тірек ұлпасы жетілмейді
В) ешқандай өзгеріс болмайды
17.Баньян өсімдігінде қандай тамыр болады?
А) аспа тамыры Б) түйнек тамыр В) қосалқы тамыр Е) тіреу тамыр
18.Бастама жапырақ, бастама сабақ бар бүршік
А) гүл бүршігі В) өсу бүршігі
19.Мұртшасы арқылы басқа өсімдікке юабысып өсетін өсімдік
А)Шырмалғыш Б) өрмелегіш В) тік С) жатаған
20.Сабақта қабықтан кейінгі болатын қабат
А) тін Б) камбий В) сүрек С) өзек
21Органикалық заттар сабақтың қай бөлігімен қозғалады?
А) қабықпен В) өзекпен С) сүрекпен Е) камбиймен
22.Екі немесе бірнеше жапырақ тактасынан тұратын жапырақтар
А) жай Б) күрделі
23.Емен ағашының жапырағына қандай жүйкелену тән
А) тор Б) параллель В) доға
24.Фотосинтез теңдеуін жаз
25.Жеміске аналықтың қай бөлігі айналады?
А) ауызы Б) мойыны В) түйіні
26.Тозаңдану дегеніміз не?
А) тозаңның аналықтың аузына келіп түсуі Б) тозаңның пайда болуы В) тозаңның жұмыртқа жасушасымен қосылуы
27.Тозаң түтігін тозаңнің қай бөлігі береді?
А) вегетативті Б) генеративті
28.Гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануын ашқан ғалым
А)С.Г.Новашин Б) К.А.Тимирязев С) Х.Досмухаметов
29. Күнбағыс өсімдігінің жемісі қандай?
А) дәнек Б) қанатша В) тұқымша С) бұршаққап Е) бұршаққын
30.Эндосперм қандай өсімдіктің тұқымында болады?
А) үрмебұршақ В) бидай С) қайың
31.Өсімдіктер қандай газбен тыныс алады?
А) оттегі В) азот С) көмірқышқыл газы