- Учителю
- 'Өсімдіктер әлемі' таңдау курсының бағдарламасы (5 класс)
'Өсімдіктер әлемі' таңдау курсының бағдарламасы (5 класс)
Алға аудандық білім бөлімі
Аманкелді негізгі мектебі
«Өсімдіктер әлемі» таңдау курсы
бағдарламасы
5 - класс
2015 жыл
Алға аудандық білім бөлімінің эксперттік кеңесінде бекітілді
Хаттама № « » 2015 ж
Аудандық білім бөлімінің әдіскері Р.К.Бергазина
Құрастырған: Утешова Б.С. биология пәнінің мұғалімі санаты ІІ
Пікір жазғандар:
1. Машыбаева Т.К. - Аманкелді негізгі мектебіжаратылыстану әдістеме бірлестік жетекшісі
2. Қалиақпарова Г. - Қарабұлақ орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі.
Арнаулы курсының бағдарламасы әртүрлі биологиялық заттармен тұрмыста қолданылуын, әдіс-тәсілдерін оқушыларға кеңінен үйрету жағдайын құрастырады.
Түсінік хат
Бұл бағдарлама негізгі мектепте тәнтану бойынша жетілдірілген пәнді тереңдету мақсатында жүргізіледі. Бағдарлама әр ағзалардың анатомиялық,морфологиялық құрылысы ,қызметі ,орналасу тәртібі, ол мүшелерде кездесетін аурулар оларды болдырмау шараларын білуге үйретеді.
-Қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасты,биологиялық ілімнің іс жүзіндегі маңызын қалыптастыру.
-Адамның әлеуметтік тірі дүниеге қожа екенін, оны өз керегіне пайдалану ,өз денсаулығын сақтау керегін түсіндіру
-Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту ,олардың талдау, жинақтау жасап, биологяилық үрдістерде болатын құбылысқа байланысты себеп-салдарды айқындауына мүмкіндік туғызу
-Оқушыларға ғылыми терминологияны игеруге мүмкіндік жасау;
-оқушылардың төменгі сыныптарда алған білімдерін байланыстыра отырып, біртұтас білім жүйесін қалыптастыру.
Пікір
«Өсімдіктер әлемі» бағдарламасының басты мақсаты оқушының теориялық білімін практика жүзінде жүзеге асыру, пәнге деген қызығушылығын ояту, біздің өлкеміздегі өсімдіктерді тану, оның құрылысы мен қолдануын зерттеу;
Өсімдіктің өсіп - өнуін, құрылысын терең зерттеп біле отырып, олардың адам өміріне пайдасын, қолданысын білу;
Әртүрлі деректер жинай отырып, ғылыми ой қорыту және биология ғылымының бай сырын меңгерту.
Өсімдіктер әлемін қорғау, өсімдіктердің адамға тигізетін пайдасы туралы мағлұмат қалыптастыру, эстетикалық талғамын арттыру;
Мақсаты:
Биологиялық білім бере отырып, өсімдіктердің тіршілік ерекшеліктерін білу және сыртқы табиғаттың оларға тигізетін әсерін байқау
Міндеттері:
-
Негізгі биологиялық түсініктерді анықтау.
-
Жасыл әлемнің өсу көбею заңдарын үйрену.
-
Жер ғаламшарындағы өсімдіктердің көп түрлілігін білдіру.
-
Топпен жұмыс істеу қөабілеттерін дамыту.
-
Биологияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру.
-
Қауіпсіздік ережелерді ұзақ уақытта есте сақтауға жағдай жасау
Білім, білік дағдыларды:
Бұл курстың өзектілігі мұнда оқушы білімді мңгеріп қана қоймай ,басқа да жақтары атап айтқанда танымдық белсенділігін және ойлау, қабылдау, тыңдау, сөйлеу оқушыны жан-жақты дамыту;
Бағдарламаның мазмұны мен құрылымы:
№
Мазмұны
Сағат саны
1
Кіріспе
2
2
Өсімдіктердің морфологиясы
4
3
Өсімдіктерді топтарға бөлу
4
4
Дәрілік өсімдіктер
2
5
Өсімдіктің өсіп - өнуі
4
6
Ақтөбе облысындағы өсімдіктер
3
7
Шипалы өсімдіктер
2
8
Өсімдіктерді көбейту
2
9
Өсімдіктердің ортаға бейімделуі
3
10
Тағамды өсімдіктер
4
11
Викториналық ойындар
4
12
Барлығы
34
Тақырыптық жоспар
№
Тақырып
Сағат саны
Мерзімі
Кіріспе
2
1
Өсімдіктер жайлы не білеміз?
2
Өсімдіктердің морфологиясы
4
2
Өсімдік және адамзат
2
3
Өсімдіктің морфологиялық ерекшеліктері
2
Өсімдіктерді топтарға бөлу
4
4
Өсімдіктің қозғалысы
1
5
Өсімдік классификациясы
1
6
Сулы аймақтыңөсімдіктері
1
7
Бөлме өсімдіктерінің түрлері, биологиялық ерекшеліктері
1
Дәрілік өсімдіктер
2
8
Дәрілік өсімдіктердің бүгіні мен болашағы
2
Өсімдіктің өсіп - өнуі
4
9
Өсімдіктің өсіп - өнуіне қандай жағдайлар қажет?
1
10
Өсімдіктің өмір сүру ортасы
1
11
Өсімдіктерді қорғау
1
12
Өсімдіктердің тигізетін пайдасы
1
Ақтөбе облысындағы өсімдіктер
3
13
Ақтөбе облысында кездесетін өсімдіктер
2
14
«Өсімдік - сұлулық сымбаты» мәнжазба
1
Шипалы өсімдіктер
2
15
Біздің өлкеміздегі шипалы өсімдіктер
1
16
Жергілікті өсімдіктер
1
Өсімдіктерді көбейту
2
17
Өсімдік түрін көбейту жолын үйренейік
2
Өсімдіктердің ортаға бейімделуі
3
18
Өсімдіктердің ашық жерлерге бейімделуі
1
19
Өсімдікке лас ауаның әсері
1
20
Өсімдіктің пайда болған орны
1
Тағамды өсімдіктер
4
21
Тағамды өсімдіктер жайлы не білеміз?
1
22
Өсімдік және минералды элемент
1
23
Өсімдіктің қозғалысы
1
24
Өсімдіктің гүлдену жасырын сырлары
1
Викториналық ойындар
4
25
«Табиғат және өсімдік» викториналық ойын
1
26
Біз таңдау курсынан не үйрендік?
1
27
Қорытынды тест
2
Күтілетін нәтиже:
-
Табиғаттағы тірі ағзалардың құрылысы мен қызметінің және биологиялық негізінің жүйелілігін игеру, білу;
-
Тірі ағзалардың көбеюі мен дамуын, биологиялық әртүрлілігін түсіну;
-
Биосферадағы ең бірегей және бағалы бөліктері - экожүйе, биологиялық әртүрлілік, оның эволюциялық дамуы туралы білу;
-
Тірі табиғат негізінде білімін дамыта отырып, оның ғылыми бейнесі жалпы адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде болатынын қалыптастыру;
Пайдаланған әдебиеттер:
-
«Биология және салауаттану негізі» журнал 2003 ж.
-
Р.Әлімқұлова «Биологиялық үйірмелер мен кештер» Алматы «Мектеп» баспасы 1972 ж.
-
С.Тұрдиев, С.Беспаев «Үй өсімдіктері» Алматы «Қайнар» баспасы 1971ж.
-
Г.Б.Бейсеева, С.Х.Стубалдина «Биологиялық үйірмелер мен кештер» Алматы 2003 ж.
-
В.А.Родина «Цветоводство в школе» Москва 1962 ж.
-
С.Л.Кивотов «Оқу тәжірибе участогінде өткізілетінсабақтар»
Алматы 1958 ж.