7


  • Учителю
  • Урок на тему 'Биология 6 класс'

Урок на тему 'Биология 6 класс'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

КҮНІ:

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Мәдени және жабайы, біржылдық және көп жылдық, дәрілік және әсемдік өсімдіктер. Өсімдіктердің тіршілік формалары: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шөптесін өсімдіктер.
Сабақтың жалпы мақсаты: Мәдени және жабайы өсімдіктердің құрылысымен танысу,өсімдік формаларын зертей білуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, қызығушылығын ояту, миға шабуыл, кестемен жұмыс, мағынаны тану, ой толғау, белгі бойынша іздеу, сынақтан өткізу

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Топқа бөлу
Оқушыларды дәрілік өсімдіктер арқылы 4 топқа бөлу

1.Адыраспан
2.Жолжелкен
3.Қызғалдақ
4.Сарғалдақ
Бүгінгі сабақтың критерийлерімен таныстыру
Қызығушылығын ояту Миға шабуыл Мағынаны тану Ой толғау Белгі бойынша іздеу Сынақтан өткізу
1 ұпай 4 ұпай 1 ұпай 3 ұпай 5 ұпай 2 ұпай
Бағалау шкаласы
«5»-15 ұпай
«4»-10 ұпай
«3»- 5 ұпай

Үй жұмысын сұрау
Кесте арқылы үй жұмысын сұрау
1 топ.Тірі ағзалардың қасиеті
2 топ.Ботаника ғылымы нені зерттейді
3 топ.Өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.
4 топ. Қазақстанда кең таралған өсімдіктер.
І.Қызығушылықты ояту.
Венн диаграммасы
-Мәдени және жабайы өсімдіктердің қандай айырмашылығы бар?
Көпжылдық және біржылдық Венн диаграммасы арқылы оқушылар мәдени және жабайы өсімдіктердің , көпжылдық және біржылдық айырмашылықтары мен ұқсастықтарын жазады Слайд
плакаттар
ІІ. Миға шабуыл
1.Мәдени өсімдіктерге нелер жатады?
2.Бидай неге «негізгі азық түлік өнімі» деп аталады?
3.Қандай дәрілік өсімдіктерді білесіңдер олардың пайдасы қандай?
ІІІ. Мағынаны тану
Кестемен жұмыс
Көпжылдық Біржылдық
Картоп пияз
Үпілмәлік
Алоэ Өрік ағашы
Жоңышқа Какос ағашы
Оқушылар көпжылық және біржылдық өсімдіктерді сәйкестендіреді сызба
IV. Ойтолғау
1. Балалар өсімдіктердің адам үшін маңызы қандай?
2. Өсімдіктер қалай өсіп көбейеді деп ойлайсыңдар?
3. Мәдени өсімдіктер қандай бағытта өсіріледі деп ойлайсың? Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өсімдіктер туралы өз ойларын айтады. слайд
VІ«Белгі бойынша іздеу» жаттығуы
Мысалы, адыраспан, лалагүл, қызғалдақ, алоэ т.б. Жеке жұмыс
Әр оқушы өсімдңктерді неге ұқсайтыны туралы өз ойларын қимылдар арқылы көрсетеді
VІ. «Сынақтан өткізу» әдісі
1. Бахыт бірнеше киллограм алма мен мен пияз сатып алып келді.Пияз 5 кг ал алма қанша кг?
2. Заравшан аршасы жылына 1,2 см өседі.50 жылда шамамен қанша см өседі? Топтық жұмыс
Оқушылар топ болып логикалық тапсырмаларды орындайды. Есептердің шешуін тауып, дәлелдейді


VІІ. Рефлексия.
Өткен сабаққа кері байланыс жасау
1. Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?
2. Бұл сабақта сен үшін не қиын болды?
3. Бұл сен үшін неге қиын болды?
4. Бұл қиындықты ненің көмегімен еңсердің? Оқушылар А4 парақшаларына сұрақтарға жауап жазады А4 парақшалары
VІІІ. Бағалау Сабақтың критерийлері арқылы балаларды әр топтың лидерлері бағалайды, сосын қорытынды баға шығарады Бағалау парақшалары
ІХ. Үйге тапсырма.
«Не үйрендім? Нені үйренгім келеді?»
Дәрілік өсімдіктерді жазып келу және зерттеу Балалар стикерге бүгінгі сабақтан алған әсерін жазады. Оқушылар тақтадағы гүлдердің суреттері салынған плакатқа көбелек пішіндес стикерді жапсырады. Стикер


КҮНІ:

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктердің белгілері. Гүлді өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің мүшелері. Өсімдіктер тірі организм және биожүйе ретінде. Тұқымды және споралы өсімдіктер.
Сабақтың жалпы мақсаты: Гүлді өсімдіктердің мүшелерімен, белгілерімен танысу
Әдіс-тәсілдер: АКТ-ны пайдалану, диалог,жеке жұмыс, топтық жұмыс

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Табиғат - біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Табиғатты қорғайтын,
Біз әдепті баламыз.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін меңгертер,
Биология сабағы

Топқа бөлу
1. Күз
2. Қыс
3. Көктем
4. Жаз Оқушылар жыл мезгілдеріне қарай суреттерді құрастыру арқылы топқа бөлінеді Жыл мезгілдерінің картиналары
слайд
Бүгінгі сабақтың критерийлерімен таныстыру
Түрткі болу

Сынақтан өткізу

Қайта бағыттау

Ой толғау

Бағалау

Бағалау шкаласы
«5»- күн суреті
«4»- бұлт суреті
«3»- тамшы суреті
Үй жұмысын сұрау
1. Балалар өсімдіктердің адам үшін маңызы қандай?
2. Өсімдіктер қалай өсіп көбейеді деп ойлайсыңдар?
3. Мәдени өсімдіктер қандай бағытта өсіріледі деп ойлайсың?
«Түрткі болу» әдісі
Гүлді өсімдіктерді топтастыру стратегиясы
1. Гүл дегеніміз не?
2. Өсімдіктер қалай көбейеді, көбею мүшелері дегенімізді қалай түсінесіңдер?
3. Гүлдің негізгі бөліктерін атаңдар? .
Жалпы гүл жайлы өз ойларын айтады
«Сынақтан өткізу» әдісі
Әр топқа жеке-жеке тапсырма беру. Плакатқа өздеріне берілген тапсырмаларды бейнелеуді тапсыру.Кітаптағы тақырыпты өз беттерімен меңгереді. Топтық жұмыс
Топ мүшелері берілген тапсырмаларды орындайды, топтың пікірлерін ортаға салады.Плакатқа
Бағалау
Балаларға таратылған күн, бұлт, тамшылардың суреттері арқылы бағалау
Мұнда «күн»- 5 ұпай (толық жауап)
«бұлт»- 4 ұпай (жеткілікті біледі)
«тамшылар»- 3 ұпай (жеткіліксіз біледі)
Үйге тапсырма
"Гүл" туралы іздену
Гүл туралы жұмбақтар жазу
Оқушылар стикерге «Не үйрендім?», «Не үйренгім келеді?» сұрақтарына жауап жазады. Стикерді плакатқа салынған ақ желкенге апарып жапсырады Стикер
плакат


Күні:
Сыныбы:6
Пәні: Биология
Сабақтың тақырыбы: Ұлғайтқыш құралдары: микроскоп, ұлғайтқыш әйнек. Ұлғайтқыш құралдарды қолдану ережелері
Сабақтың мақсаты:

Білімділігі -микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.

Тәрбиелілігі - адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.

Дамытушылығы - электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: мироскоп

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау..

Сабақтың типі:Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұбхат, сұрақ-жауап,.

Сабақтың пән аралық байланысы:Медицина.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
II.Үй тапсырмасын тексеру

1.Сулы орта
2.Құрлықты орта
3.Топырақ - тіршілік ортасы.
4.Тірі ағзалар - тіршілік ортасы.

III. Жаңа сабақ

Жоспар:
1. Микроскоптың шығу тарихы

2. Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұміс істеу тәртібі

1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі құрал құрастырған.

Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген. Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.

1665 жылы алғаш рет Роберт Гук өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған. Ол майда ұяшықтарды көріп, оны жасуша деп атаған. Әдетте біз жасушаны жай көзбен көре алмаймыз. Оның мөлшері миллиметрдің мыңнан бір бөлігімен өлшенеді. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде денесі бір ғана жасушадан тұратын өте қарапайм ағзаларды біржасушалылар дейді. Біржасушалылыр көпжасушалылы ағзалар сияқты тіршілік етеді.

Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұмыс істеу тәртібі. Жарық микроскобының әрбір бөлімінің атын, не үшін қажеттігін оқушылардың дәптеріне жаздырған жөн. Содан соң микроскоппен қалай жұмыс істеу керек екендігін мұғалімнің өзі көрсетуі тиіс. Алдыға қойылған мақсат - оқушыларды микроскоппен, жұмыс істеу барысымен таныстыру.

Микроскоппен жұмыс істегенде мынадай ережелер есте болуы керек:

А) микроскопты бір орынға орнықтырып қойғаннан кейін жұмыс істеп біткенше екінші орынға жылжытуға болмайды, жылжытса объект көрінбей қалады;

Ә) алдымен айнамен жарық түсіріледі, егер микроскопта объектив екеу болса (бірі - кіші, екіншісі - үлкен) алдымен кіші объективпен қарайды;

Б) микроскопты бір қалыпты температурада сақтайды, қалай болса, солай қоя салса, шаң басып әйнектері күңгірттеніп бұзылады;

В) ауық-ауық жұмсақ, құрғақ шүберекпен окуляр мен объективтің сыртқы линзаларын сүртіп тазалайды;

Г) микроскоп өте күрделі құрал болғандықтан оны химиялық реактивтермен, улы химикаттармен қатар қоюға болмайды. Өзінің ағаш қорабына салып шаң-тозаң кірмейтін таза, құрғақ шкафқа орналастырады.Үлкейтіп көрсететін құралдармен оқушыларды таныстырып болған соң зертханалық (практикалық) жұмыс орындауға кіріседі.

ІV. Бекіту.

Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.

Тестпен жұмыс

Ұлғайтқыш құралдар

Өсімдік жасушасының құрылысы.

І нұсқа

  1. Затты 3-5 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі

  1. Затты 10-25 есе үлкейтіп көрсететін құрал:

а)микроскоп ә)тұтқалы ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.

  1. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а)окуляр ә)айна б)объектив в)көру түтігі

  1. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:

а)табан ә)заттық үстелше б)бұранда в)тұтқа

  1. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:

а) көру түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив

  1. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:

а)бұранда ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше

7. Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі зат:

а )цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль


Ұлғайтқыш құралдар

Өсімдік жасушасының құрылысы.

ІІ нұсқа

1.Тек өсімдік жасаушасында болатын органоид:

а)ядро ә)пластидтер б)вакуоль в)цитоплазма

2.Жасушаға белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:

а)цитоплазма ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль

3.Жасуша ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:

а)цитоплазма ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль

4.Цитоплазмасыз тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:

а)вакуоль ә)цитоплазма б)ядро в)пластидтер

5.Өсімдік тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:

а)хромопластар ә)лейкопластар б)хлоропластар

6.Фотосинтез процесіне қатысатын пластидтер:

а)хлоропластар ә)хромопластар б)лейкопластар

7.Жемтамырларға, піскен жемістерге түс беретін пластидтер:

а) хлоропластар ә)лейкопластар б)хромопластар

№ 2 зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: : Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысу, олармен жұмыс істей білу

Мақсаты: Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу.

Құрал-жабдықтар: микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.

Жұмыстың барысы:

Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.

Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.

Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.

Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).

Нәтижесі:

І. Төмендегі сөйлемдерді оқып, ойланып, тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар.


Препаратты жабын шынымен жабады


Пияз қабығын аршиды


Зат шынысына йод ерітіндісін тамызады


Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін сылып алады


Зат шынысына су тамызады


Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді


Препаратты зат үстелшесіне орналастырады


2. Атқаратын қызметіне қарай микроскоп бөлімдерінің аттарын кестеге толтырыңдар

Микроскоптың бөлімдері

Атқаратын қызметі

1.

Жарық түсіру

2.

Көзбен қарау

3.

Көру түтігін қозғау

4.

Затты қарау

5.

Көру түтігінің бекітілген жері

6.

Қарайтын затты орналастыру

7.

Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі

8.

Үлкейтіп көрсететін әйнектер орналасқан бөлімі


Қорытынды:

Ұлғайтқыш әйнек пен микроскоптың қызметі қандай?_____________________________

_____________________________________________________________________________

Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар._____________________________________

_____________________________________________________________________________


IV.Бағалау. (оқушылардың білімдерін бағалау)
V.Үйге тапсырма: §5.

Тақырыбы: §3. Жасушалардың тіршілік әрекеттері. Рибосомадағы биосинтез
процестері
Сабақтың мақсаты: жасуша тіршілік әрекеттерін жан-жақты түсіндіріп, жасуша-
сының өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру
Сабақтың міндеттері:
Білімділігі - жасушаға тән тіршілік процестері мен таныстырып, олардың атқаратын қызметін оқушы тұлғасына жете түсіндіру;
Тәрбиелілігі - түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету;
Дамытушылығы - пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.
Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, микроскоптар өсімдік жасушасы.
Сабақтың типі: құрастырылған СТО
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
1. Жасушаның химиялық құрамы қандай?
2. Бейорганикалық заттарына нелер жатады?
3.Органикалық заттарына нелер жатады?
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі
І. Қызығушылығын ояту
Жасушаның тіршілік әрекеті дегеніміз не?
ІІ. Мағынаны тану

Жасушаның тіршілік циклі
Көп жасушалы ағзада жасушалар белгілі бір нақты құрылыс пен функцияға ие болады. Соған қарай жасушалардың тіршілік ету ұзақтығы да әр түрлі. Мысалы, жүйке және бұлшықет жасушаларында эмбриондық даму кезеңі аяқталған соң, жасушалар бөлінуді тоқтатып әрі қарай тіршілік барысында өз қызметін атқарады. Ми жасушалары эпидермис, тоқ ішек эпителийлері сияқты басқа жасушалар өздерінің арнайы функциясы барысында тез тіршілігін жояды. Сондықтан да бұл ұлпаларда үздіксіз жасушалық көбею процестері жүріп отырады. Жасушалардың бөлінуге дайындық кезеңінде, сонымен катар митоз барысында бірінен соң бірі жүретін және өзара байланысты процестер жиынтығын митоздық цикл деп атайды, ол тіршілік циклінің бір бөлігін құрайды.

Жасушаның бөлінуі (видеоролик)

Жасушаның тіршілік циклінің кезеңдері
Жасушаның ДНҚ синтезіне дайындық кезеңі (Gt)
G символымен белгіленеді. Бұл кезеңде жасушада РНҚ мен нәруыздардың синтезі жедел түрде жүріп, ДНҚ биосинтезіне қатысушы ферменттердің белсенділігі жоғарылайды. GGj фазасы аяқталған соң, жасушада ДНҚ синтезі жүреді;
ДНҚ молекуласының редупликациялануы белгілі бір тәртіппен жүреді. Жаңа молекула абсолютті түрде ескі молекулаға ұқсас болады. Әр түрлі жасушалардағы ДНҚ синтезінің ұзақтығы бірдей емес: бактерияларда бірнеше минут, ал сүтқоректілер жасушаларында 6-12 сағат;
ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі (G2)
ДНҚ синтезінің аяқталуы мен митоздың басталу кезеңі G2 фазасы деп аталады. Бұл кезеңде жасушаның митозға дайындығы толық аяқталады. Митоздық бөліну жүзеге асу үшін жасушаға басқа да дайындық процестері қажет, яғнн жасуша орталығының 2 еселенуі және нәруыздар синтезі, олардан жасушаның өсуін аяқтайтын ахроматин жіпшелері құралады. Жасушада митоз процесі басталғанда, жасушаның функционалдық белсенділігі өзгереді. Мысалы, карапайымдылардағы және жоғары сатыдағы жануарлар лейкоциттерінің козғалыстары мен сұйықты сіңіру қызметі, амебалардағы вакуольдерінің жиырылғыштығы тоқталады. Жасушаның арнайы құрылымдары жойылады. Мысалы, эпителий жасушалары кірпікшелері.

Деңгейлік тапсырмалар

А тобы
Жасуша мембранасының құрлылысы, қызметі
Плазмалема дегеніміз не?
Эндоплазмалық торды кім ашты?
Жасуша орталығының құрылысы мен қызметі жайлы не білесің?
Ә тобы
Өсімдік жасушасы мен жануарлар жасушасының ұқсастықтары неде?
Гольджи жиынтығын кім ашты?
Ядроның құрылысы мен қызметі жайлы не білесің?
Прокариодтардың зерттелу тарихы жайлы айт.

ІІІ. Ой толғаныс
Сиқырлы сандық «иә», «жоқ»

№ Мазмұны иә жоқ
1. Адам денесі жасушадан тұрады +
2. Жасушада ДНҚ синтезі жүреді +
3. ДНҚ синтезінің ұзақтығы бірдей емес +
4. Жасуша тыныс алмайды +
5. Жасуша бөліну үшін дайындық процесі қажет емес +
6. Цитоплазма құрамында су, нәруыз, май, бейорганикалық зат болады +
7. Жасуша бөлінгенде органоидтары екі еселенеді +
8. Хромосомада ДНК молекуласы болады +
9. ДНК тұқымқуалаушылық қызметін атқарады +
10. Жасуша тіршілік етпейді +

Слайд арқылы суреттер көрсетіледі, оқушылар қай оргоноидпен байланысты екенін табады.
Тырнақтың өсуі (нәруыз)
Қолға тікеннің аіруі (лизосома)
Спортшы (митохрондрия)
Көктемдегі гүлдер (пластид)
Өсімдікке су құю (вакуоль)
Анасы мен қызының ұқсастығы (ядро)
Кірпікшелі кебісше (қозғалмалы органойд)
Бактерия (ядроның болмауы)
IV. Сабақты қорытындылау
- Бүгінгі өткен сабақтан қандай білім алдың?
- Жасушаның тіршілік циклі дегеніміз не?
V. Оқушыларды бағалау
VІ. Үйге тапсырма


Күні:

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Тұқым. Қос жарнақты және дара жарнақты
тұқымдардың құрылысы
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тұқымнын құрылысымен таныстыру. Қос жарнақты, дара жарнақты тұқымдардың қызметтерін айқындау.
Генеративті мүшелер туралы алған білімдерін дамыту. Оқушыларға пәнге деген көзқарасын, білімге деген құштарлықтарын , адамгершілік қағидаларын бойына сіңіре отырып табиғатты қорғауға тәлім тәрбие беру .
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндіру,баяндау.
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
Психологиялық дайындық
II Үй тапсырмасы. 1.Суреттегі жемістер мен тұқымдардың таралу жолдарын ажыратып , рет санын қоршаудын ішіне жаз.
1.Желмен: 2.Өздігінен:
3.Жануарлармен: 4.Құстармен:


2. Биологиялық диктант.
Желмен таралытың өсімдіктердің тұқымдарында ............................................. болады. Құстар арқылы таралатын жемістер өте ....................... .................................... түсті.Кейбір тұқымдардың .................................................................... болғандықтан,жануарлар мен адамдар арқылы таралуға бейімделген. Жалбыз,тұнғиық өсімдіктерінің тұқымдары ....................... ...................... таралады.Тұқымдары өздігінен таралатың өсімдіктер: ......................, ......................., ......................., ......................, ................. .

3. Өсімдік жемістері мен тұқымдарының таралу жолдарын әрқайсысының тұсына белгі «Ж»- желмен; «С»- сумен; «Аж»- адамдар, жануарлар арқылы; «Ө»-өздігінен; «Қ»- құстармен) қою арқылы жауабын бер.
1. Қамыс; 6. Мойыл;
2. Қараған; 7.Тұнғиық;
3. Қарағаш; 8. Ошаған;
4.Шоңайна; 9. Қоға;
5. Көкнәр; 10. Шие.

III. Бекіту. Сонымен Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді: Шырынды жемістер: жидек,жидек тәрізді,сүйекті шырынды деп бөлінеді. Құрғақ жемістердің қабығы қатты,сүректенген, құрғақ болады оларға: бұршаққап,бұршаққын,қауашақ,қанатты жеміс,дәнек,тұқымша,жаңғақ,жинақталған жемістер жатады.

IV. Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабағымыз тұқым, тұқымнын түрлері ,қызметтері, айырмашылықтары туралы болмақ.
Тұқым-жатынның тұқым бүршігінен дамиды.
1.Қос жарнақты 2.Дара жарнақты

Оқушыларға тұқымнын құрылысын талқылау үшін дайын микропрепататтар таратылады.

Қос жарнақты тұқымның құрылысы:
1.Қабығы 2.Екі жарнағы 3.Ұрығы
3.1Алғашқы тамырша
3.2.Алғашқы сабақша 3.3Бүршікше

Үрмебұршақ тұқымының құрылысын талқылау
Дара жарнақты тұқымның құрылысы:
1.Қабығы 2.Бір жарнақ 3.Эндосперм 4. Ұрық

Бидай дәнегінің ұзынынан (қақ жарылған) құрылысын талқылау
Сыныпты үш топқа бөліп әр топқа тапсырма беріледі:
1. Топ
Биологиялық диктант: Қос жарнақтылар.

1.Ұрық................. тұрады. 2.Үрмебұршақ тұқымының жарнағы ............ ............. болып саналады. 3.Асқабақ ,қауын,қарбыз тұқымында ........................ болмайды. 4. Қо жарнақты тұқымда ......... ........... болады. 5. Үрмебұршақ тұқымының ойыс жағында .................... бар. 7 Жарнақта ............ ............ қорға жиналады.8. Ұрық ......... .............. .................... түзіледі.9. Тұқым қабығы ........ ............ , ............ сақтайды.10. Қоректік заты ..................... жиналады.

1. Екі жарнақ
2. Жарнағында
3. Алғашқы тамырша,сабақша,бүршікшеден
4. Кіндігі
5. Крахмал,май,белок
6. Эндосперм
7. Қос жарнақты
8. Кеуіп кетуден. Мезгілсіз өнуден
9. Ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан

2-топ
Биологиялық диктант: Дара жарнақтылар.

1.Тұқым жарнағы ......... ............. сұйылтады.
2. Жарғақты тұқымдарға ............................. жатады. 3. Ұрықтағы май қоры .............. ................... жұмсалады. 4.Ұрық сабақшасы мен бүршікшесінен...................... дамиды. 5. Бидай тұқымының қауызы тез ........... 6. Жылтыр тұқымдыларға ..................... жатады. 7. Ұрық пен эндоспермнің арасында ..................... орналасады. 8. Жарнағында .......................... болмайды. 9. Қоректік заты............................ жиналады. 10. Астық тұқымдас өсімдіктердің тұқымдары .................тдеп екіге бөлінеді.

1. Сылынбайды
2. Эндоспермде
3. Бір жарнақ
4. Қоректік заттар қоры
5. Ерітетін зат бөліп органикалық заттарды
6. Өнуге
7. Жылтыр және жарғақты
8. Бидай,жүгері,тары,итқонақ
9. Сұлы,арпа,күріш,қарасұлы
10. Өркен

3-топ
Биологиялық диктант: тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар

1. Өне бастаған тұқымға ауа жетіспесе ................... 2. Су мен жылу жарнақтағы ,эндоспермдегі ерімейтін крахмалды ....................... айналдырады.3. Тұқымның ісініп жарылуына ....................... .................. қажет. 4. Тұқым өну үшін ......... қажет. 5. Өне бастаған тұқымның тыныс алуын күшейтетін-......................... 6. Асқабақ,қауын,мақта тұқымдары ..................... өнеді. 7. Су ........... әсер етеді. 8. Топырақта қалатын тұқым жарнақтары өскіндерді ............... қамтамасыз етеді. 9. Тұқымды суға салғанда тыныс алуы ................ . 10. Судың сіңірілу мөлшері тұқымның сыртындағы ................. байланысты.
1.Су,жылу,ауа
2. Тұқымның өнуіне,шығымдылығын сақтауға
3.Еритін қантқа
4. Ашып шіриді
5. Су
6. Қабығына
7. Ауа
8. +15С да
9. Жылдамдайды
10. Қорекпен

II-тапсырма :
Оқулық пен жұмыс
1) Тізімдегі сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыр.
Үрмебұршақ тұқымының құрылысында ................. болады.
Тұқым қауызы; кіндігі; ұрық; эндосперм; екі жарнақ; тұқым қабығы; қоректік заты.
2) Сұрақтарға дұрыс жауаптың астың сыз.
Тұқым өнген кезде өскіннің қай мүшесі бірінші болып шығады?
А) Сабақ; Ә) Тамыр; Б) Жапырақ; В) Барлығы бір мезгілде шығады.
3) Өніп келе жатқан ұрық алғашқы кезде немен қоректенеді?
А) Эндоспермдегі су мен минералды тұздар;
Ә) Су, ауа , органикалық заттармен;
Б) Эндосперм мен тұқым жарнағындағы органикалық заттар қорымен.
III-тапсырма
Тұқым тыныс алғанда қандай өзгеріс болатынын анықтап дұрыс жауаптың астын сыз.
1. Тұқым көмірқышқыл газын сіңіріп оттегін бөліп шығарады;
2. Оттегін сіңіріп көмірқышқыл газы мен жылу бөледі;
3. Оттегін сіңіріп көмірқышқыл газын бөледі.
IV- зертханалық жұмыс
№15-зертханалық жұмыс.
Қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың құрылысы.
Көрнекілігі: қос жарнақты және дара жарнақты тұқымдардың жинақтамалары, алдын ала суға жібітілген тұқымдар (үрмебұршақ пен бидай), өткір ұстара, ұлғайтқыш қол әйнегі (лупа) және т.б.

Орындалатын тапсырмалар:
1. Құрғақ және суға жібітілген үрмебұршақ тұқымының пішінін, қабығының түсін, кіндігінің қай жерде орналасқандығын анықтап суретін салу.
2. Жібітілген тұқымның қабығын (қауызын) ептеп сылып, ішіндегі екі жарнағы мен ұрығының орналасуының суретін салу (оқулықтың суретімен салыстыру).
3. Ұрық бөлімшелерін ұлғайтқыш қол әйнекпен қарап, атын жазу.
4. Бидай тұқымының сыртқы құрылысын, пішінін, ұрық орналасқан бөлімі (үшкірлеу жағында) және жарнағының білеуленіп білінетінін қол әйнекпен қарау, суретін салу, атын жазу.
5. Ойыстау жағынан (сайынан) ұзынынан екіге (ұстарамен) бөліп ішкі бөлімдерін талдап, аттарын жазу. Қабығының (қауызының) ерекшелігіне көңіл аудару.

V-Бағалау.
VI- Үй тапсырмасы . Қос жарнақтылар мен дара жарнақтыларға жататын өсімдіктердің аттарын (түрлерін) кесте сызып толтырыңдар. 2. Жүгері, бидай, бұршақ, күнбағыс тұқымдарын суға бөрттіріп, қайсысының қабығы оңай сылынатынын салыстырып қорытынды жасаңдар.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал