- Учителю
- Саңырауқұлақтар дүниесі (6 класс)
Саңырауқұлақтар дүниесі (6 класс)
Қазақстан Республикасы
Білім және Ғылым министрлігі
Қайталау сабақ
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар дүние бөлімі
Орындаған: Байдунгенова Ш.Ұ:
2015 жыл
Тақырыбы: Саңырауқұлақтар дүниесі
(Қайталау сабақ)
Мақсаты: Оқушылардың өздері өтіп кеткен тақырыптар бойынша алған білімдерін жинақтай білуге, есте сақтауға, тұжырырымдай білуге дағдыландыру, пәнге деген қызықшылығын арттыру бағытында алған білімдерін тереңдету.
Міндеті:
Білімділік: Оқушыларды қайталау сабақ арқылы саңырауқұлақтар бөлімін бекіту, толық қанды түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларды осы қайталау сабақ арқылы ой өрістерін дамыту, оларды іздемпаздыққа бағыттау.
Тәрбиелілік: Саңырауқұлақтар дүниесін оқыта отырып, оларды пайдасы мен зиянын түсіндіру. Табиғатты аялауға үйрету.
Сабақтың түрі: Қайталау сабақ
Әдіс - тәсілдері: Түсіндіру талдау, сұрақ - жауап, тақтамен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, суреттер, кітап.
-
Ұйымдастыру кезеңі:
-
Оқушылармен амандасу
-
Оқушыларды түгендеу
-
Сабақтың барысы:
-
Тақырыпты хабарлау
-
Мақсатын қою
-
Оқушыларды 2 топқа бөлу. «Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар», «Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар» топтың аттары.
-
Сабақтың кезеңдерімен таныстыру
-
Суретпен жұмыс
(екі топқа 3 суреттен беріліп, ол суреттерге анықтама береді.)
-
Аялдама
(екі топ әр топқа берілген суретті бір - бірімен ауыстырып, тексеру, толықтыру.)
-
Рефлекс - 2 жұлдыз 1 арман
(Әр топ өздеріне берілген суреттерге анықтама береді. Және бір - бірін толықтырады)
-
Сәйкестендіру
(Әр топқа берілген тапсырманы орындайды)
«Төменгі саты саңырауқұлақтар» тобы үшін «Жоғары саты саңырауқұлақтары» тобы үшін
Қалпақшалы саңырауқұлақ
Тек қайыңның түбінде өседі
Ақ саңырауқұлақ
Жалған түлкіжем, сұр және қызыл шыбынжұт, көңілкеш
Жеуге жарамды саңырауқұлақ
Ағаштардан тамырымен селбесіп, Микориза түзеді
Жеуге жарамайтын саңырауқұлақ
Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық
Паразит саңырауқұлақ
Астық тұқымдастарда ауру тудырады
Қастауыш
Қалпақты саңырауқұлақ
Жемісті денесі қалпақтан, түбіртектен тұрады
Тірі ағза денесінде өсіп жетіледі, тірі жасушалардың ағзалық заттармен қоректенеді
Ашытқы саңырауқұлағы
Нан пісіру, сыра, қымыз, сүт, шарап ашыту өнеркәсібіне пайдаланады
Бүршіктену арқылы көбейеді
Лимон қышқылын алады
Қант саңырауқұлағы
Ревматизм, дифтерия, скарлатина т.б. ауруларды емдеуге пайдаланады
Аспергил саңырауқұлағы
Ашытқы саңырауқұлақ
Пеницилл саңырауқұлағы
Ұзақ уақыт оттексіз тіршілік ете алады
Табиғатта тепе-теңдік сақтауға көмектеседі
Пеницилл мен Аспергил саңырауқұлақтары
Зең саңырауқұлағы
Картоп, жеміс, дәнді дақылдарды шірітеді
-
Оқулықпен жұмыс (Биологиялық диктант, сөйлемді толықтырады)
«Төменгі саты саңырауқұлақтар» тобы үшін
-
Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы өте қарапайым: ...... ................. тұрады, ...................... болмайды.
-
Басқа саңырауқұлақтардан айырмашылығы - .......... ........... ................ тіршілік ете алады.
-
Егер ашытқы саңырауқұлағы өсіп тұрған ортада ............. ........ жетіспей қалса, лезде ................. ........ қалта түзеді.
-
Ашытқы саңырауқұлағын ........., ..........., ......., шарап ашыту, .......... ........... өнеркәсібіне кеңінен пайдаланады.
-
Ақ зең немесе .......... саңырауқұлағы табиғатта өсімдік ..............., ................. арасында, ................. құрамында өседі.
-
Споралар .................. және олардың сырты ........... ............... қапталады, ішінде ........... мен .................. болады.
-
Пеницилдің жіпшумақтарының ............ - ................... түсті, ал аспергилдің жіпшумақтарының шоғыры ..................... түсті болады.
-
Медицинада пеницилдің ..... түрінен ................. дәрісін алады.
«Жоғары саты саңырауқұлақтары» тобы үшін
-
Жемісті денесі: ................ және ................. тұрады.
-
................... саңырауқұлақтардың қалпақшасының ............ майда ........... болады.
-
................... саңырауқұлағының қалпақшасының астыңғы беті ................. шоқталып тараған .................... толы болады.
-
Көптеген қалпақшалы саңырауқұлақтар ағаштардың ............... селбесіп, ................... түзеді.
-
Өсімдік етінің құрамындағы 10 - 20% ………. затының ........... нәруыз, ....... ......... болады.
-
Жеуге жарамды саңырауқұлақтар: ................., ................., ..............., .............., ..............., ................ .
-
Жеуге жарамайтын саңырауқұлақтар: ..............., ..............., ..............., ............. .
-
..................... саңырауқұлақтар ......... ағзалардың денесінде ......... жетіліп, тірі жасушалардың .................. ........................... қоректенеді.
-
Саңырауқұлақтың пайдасы мен зияны (сергіту кезеңі, оқушылар кестені толтырады)