7


  • Учителю
  • Биология пәні бойынша 'Ең білімді биолог' атты зияткерлік сайысының жоспары (6-7 класс)

Биология пәні бойынша 'Ең білімді биолог' атты зияткерлік сайысының жоспары (6-7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: «Ең білімді биолог!»                                               (зияткерлік сайысы)          Жүргізуші мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды
предварительный просмотр материала


«Ең білімді биолог!»
(зияткерлік сайысы)
Жүргізуші мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Тәуелсіз ел тірегі - білімді ұрпақ», «Білікті бірді жығады, білімді мыңды жығады» - деп халқымыз бекер айтпаса керек. Бүгінгі біздің мектебімізде 6 және 7 сынып оқушылары арасында өткелі отырған «Ең білімді биолог!» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Шын жүйрік шабысынан танылады,
Қатты білім, терең ой саналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпен қол соғылады.
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты,
Білім мен тапқырлардың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

(Әділқазылар мүшесімен таныстыру)
1.
2.

3.
Жүргізуші:
- Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие - тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға сол - алда,- дегендей ой мен білім жарысына қош келдіңіздер!

Сайыскерлермен таныс болыңдар.
1- ойыншы Ақбөбек- өскенде атақты журналист болып, халқына адал қызмет етпекші.

2 - ойыншы Іңкәр - болашақта мұғалім болуды армандайды және ол арманына жету үшін бар күш жігерін аямайды.
3 - ойыншы Құралай- өскенде халқына адал қызмет етіп Қазақстан және Голливуд актрисасы болуды армандайды.
4 - ойыншы Ақерке-болашақта даңқты сәулетші боламын деген ойы бар.

Таныстыру - әр сайыскер өзін таныстырып кетеді.
Жүргізуші: Енді сайысымызды бастаймыз. Бұл сайыста биология ғылымы бойынша 5 котегория берілген:
1. Ғылым
2.Жасуша
3. Ұлпа

4. Өсімдік

5. Жануар
Жүргізуші:

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер -
деп білімді сарапқа салар сәтті бастайық
Шарты:
Мұнда сайыскерлер жетон таңдап, рет кезектерін анықтайды. Ортақ мектеп бағдарламасынан сұрақтар беріледі, яғни сайыскер өзі таңдаған ұяшықтағы сұраққа жауап беріп, сол сұрақта көрсетілген ұпады алады. Әр котегориядағы сұрақтар жеңіл және қиындығына қарай ұпайлар көрсетілген. Егер де сайыскер сұраққа дұрыс жауап бере алмаса, карточканы бірінші болып көтерген сайыскер жауап береді. Әр ойыншының қолыңда карточка.

1. Ғылым (10) Жасушалардың құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым? (Цитология)

1. Ғылым (20) Ұлпаны зерттейтін ғылым? (Гистология)

1. Ғылым (30) Балдырларды зерттейтін ғылым? (Альгология)

1. Ғылым (40) Паразит құрттарды зерттейтін ғылым? (Гельминтология)

1. Ғылым (50) Өрмекшілерді зерттейтін ғылым? (Арахнология)
2.Жасуша (10) Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың зат. (Цитоплазма)

2.Жасуша (20) Тек өсімдік жасушасына ғана тән денешіктер. (Пластидтер)

2.Жасуша (30) Цитоплазмада орналасады, сыртында қабықшасы бар іші шырынға толы болатын бөлігі. (Вакуоль)

2.Жасуша (40) 1665 жылы алғаш рет өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қарап, ондағы майда ұяшықтарды жасуша деп атаған ағылшын ғалымы. (Роберт Гук)

2.Жасуша (50) Жасуша қабықшасы неден тұрады? (Жасунық (целлюлоза))

3. Ұлпа (10) Өсімдіктерде қанша ұлпа түрлері бар? (6 (алты))

3. Ұлпа (20) Жануарларда қанша ұлпа түрлері бар? (4 (төрт))

3. Ұлпа (30) Сабақтың, тамырдың ең ұшында орналасқан ұлпа. (Түзуші)

3. Ұлпа (40) Жасуша пішіндері әр түрлі, қабықшасы жұқа, біртіндеп қалыңдайды, сүтті шырын, эфир майын, шірне бөледі. (Бөліп шығарушы)

3. Ұлпа (50) Сүйекті, шеміршекті, майды, сіңірді, қан, ұлпа сұйықтығын түзейтін ұлпа. (Дәнекер)

4. Өсімдік (10) Өсімдіктің өсімді мүшелері. (Жапырақ, сабақ, тамыр.)

4. Өсімдік (20) Түрі өзгерген жерасты өркен. (Тамырсабақ)

4. Өсімдік (30) Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөлімінде орналасқан жасушалар. (Борпылдақ, бағаналы)

4. Өсімдік (40) Фотосинтез процесін ашқан кім? (Климент Аркадьевич Тимирязев)

4. Өсімдік (50) Қырықжапырақтың жынысты көбею кезіндегі өскіншенің астыңғы бетінде жетілетін аталық және аналық жыныс жасушаларын ата. (Антеридий, архегоний)

5. Жануар (10) Жануарлар қандай заттармен қоректенеді? (Дайын ағзалық заттармен)

5. Жануар (20) Қанаты бар ұшпайды,
Жұрт айламен,ұстайды. (Балық)

5. Жануар (30) Санай алмай шаршадым -
Найзасы бар қанша мың.
Батыр емес бірақ та,
Қашып жүрер жыраққа. (Кірпі)

5. Жануар (40) Тілін өз денесінің тең жартысына тең қашықтыққа лақтыра алады, сонымен қатар, оның көздері бір-біріне тәуелсіз айнала алады, бір мезгілде басын қимылдатпай барлық бағытқа қарай бұра алатын жануар.

(Хамелеон)

5. Жануар (50) Бұл жануарларды қытайда ас даярлау үшін, Үндістанда - терісі үшін, ал Бирмада - у-ға қарсы дәрі даярлау үшін аулайды.

(Жылан)

Әділқазылар есептеп жеңімпаз ойыншыны атайды. Оларға өмірде сәттілік тілеп, қош айтысамыз. Ойында жеңілгендеріңмен, өмірде жеңілмеңдер.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал