- Учителю
- Урок на тему Витаминдер
Урок на тему Витаминдер
«МАҢҒЫСТАУ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»МКҚК
«Бекітілді»
ПЦК жетекшісі ________Таумурунова М.Е.
« » _________2016 ж.
Ашық сабақ тақырыбы: «Витаминдердің зат
алмасудағы маңызы»
(Кіріктірілген сабақ)
Дайындағандар: Бейсенова М.Б.-биология,
анатомия пәндерінің
жоғары санатты оқытушысы, І деңгей.
Шадимуратова М.М.-ағылшын тілі пәнінің бірінші санатты оқытушысы.
Ақтау-2016 ж.Сабақ жүргізген оқытушының
аты-жөні
Оқу орны
Тобы
Дәрісхана №
Бейсенова М.Б.,
Шадимуратова М.М.
Маңғыстау гуманитарлық колледжі
МДБ-12
№ 106 кабинет
Сабақ тақырыбы
Витаминдердің зат алмасудағы маңызы.
Жалпы мақсаты
Білімділік: Суденттерге зат алмасудағы витаминдердің биологиялық рөлі және олардың денсаулық үшін маңызы туралы түсінікті қалыптастыру.Биологиялық терминдердің ағылшынша айтылуына назар аудару.
Дамытушылық:Студенттердің танымдық қабілетін, білімін, ұйымдастырушылық қабілетін, ой өрісін, игерген тәжірибелік дағдыларын арттыру және нығайту.
Тәрбиелік:Жаңа технологияны игере отырып, витаминдердің ағзадағы маңызын түсіндіру арқылы студенттерді салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Міндеттер:
-
Жаңа тақырыпты студенттердің білімі арқылы бастау. Витаминдертуралы білімдерін жетілдіру.
-
Студенттердің өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасап, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр қайсысын қамтуға жағдай жасау.
-
Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, белсенділікті арттыру.Жаңа сабаққа қызығушылығын ояту және белгілі бір ойға қорытындылар жасау.
Оқытушы үшін оқу нәтижелері
-
Студенттердің бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгертіп шығуы.
-
Оқытушы студенттерді оқуға бағыттап отыру.
-
Студенттердің өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау.
-
Студенттерді топпен жұмыс жасауға дағдыландыру.
Студенттер үшін оқу нәтижелері
-
Студенттер витаминдердің маңызын біліп түсінеді.
-
Топпен жұмыс жасауға, бірлескен жұмысқа дағдыланады.
-
Топ арасындағы ынтымақтастыққа, ұжымдық жауапкершілікке үйренеді.
-
Тақырыпта өткен терминдерді үш тілде оқып меңгереді.
Сабақта туындаған негізгі идеялар
-
Студенттердің өмірден алған білімдеріне, білетініне сүйену.
-
Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы студенттің жаңа ойлау дағдысын қалыптастыру.
Сабақта қолданылатын материалдар:
Ноутбуктер, А3 қағаздары, постер құруға керек құрал-жабдықтар,үлестірме қағаздар, тесттер, жеміс-жидектер, фишкалар, бағалау парақшалары, магниттер.
Оқыту әдіс-тәсілдер:
Біріктірілген пәндік-тілдік оқыту әдісі, АКТ, СТО, жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Дерек көздері:
Набидоллина Ш.С. "Бастауыш мектеп жасындаы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы", интернет ресурстары.
Сабақ түрі
Кіріктірілген сабақ.
Сабақтың әдісі
-
сұрақ-жауап әдісі
-
студенттің логикалық қабілетін арттыру
-
баяндау (дәріс)
-
ойын элементтері
-
жеке, жұптық, топтық
-
ой қозғау
-
ой қорыту
-
студенттің шығармашылық қабілетін арттыру
Сабақта қолданылатын модульдер
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану, сыни тұрғыдан ойлау, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау.
</
Ұйымдастыру
(2 минут)
Студенттердің назарын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатын, кезеңдерін айқындау
Оқушыларды топқа бөлу.
- Саламатсыздар ма, студенттер? Көңіл -күйлеріңіз қалай? Бүгінгі сабағымыз әдеттегі сабақтан өзгеше болмақ. Менімен бірге Сіздерге сабақты Махаббат Муратбаевна жүргізеді, яғни, біз бүгінгі сабағымызды ағылшын тілімен байланыстырып өткіземіз.
Сабақты бастамастан бұрын топтарға бөлініп алайық.Ол үшін мына «мәрмәр қобдишадан» фишкаларды алыңыздар. Енді осы фишкалардың түсі бойынша А,В,С,Д әріптері қойылған столдарға жайғасамыз.
Оқу құралдарын дайындайды, фишкалардың түрлеріне байланысты топқа бөлінеді, сабақтың мақсатымен танысады.
Психологиялық ахуал
(1 минут)
Махаббат Муратбаевна:
-
Good morning, dear students. I'm very glad to see you. Let's start our lesson. The motto of the lesson is "The greatest wealth is health".
-
Can you tell me the equivalents of this proverb? Right you are. So today we are going to speak about vitamins health, health care, and healthy food.
Студенттер ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдің қазақша, орысша баламасын айтады.
Үй тапсырмасын тексеру
(5 минут)
-
Ағзаның ойдағыдай өсуі мен дамуына ықпал ететін, тек ас арқылы келіп түсетін қандай заттар? (Витаминдер)
Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Витаминдердің зат алмасудағы маңызы» деп аталады.
Бүгінгі сабағымызда зат алмасудағы витаминдердің биологиялық рөлі және олардың денсаулық үшін маңызы қарастырамыз.Биологиялық терминдердің орысша, ағылшынша айтылуын үйренеміз.Жаңа сабақ бастамас бұрын, үй тапсырмасын тексеріп, нені меңгергенімізді білейік.
(Алған білімдерін анықтау мақсатында интербелсенді тақта арқылы сұрақтар беріледі).
-
Жасушаларда, біртұтас ағзада өтетін барлық түзуші күрделі процестердің жиынтығы не деп аталады?
(Ассимиляция- аssimilation)
-
Энергия босап шығатын тотығу жиынтығы не деп аталады? (Диссимиляция- dissimilation)
-
Қандай органикалық зат тірі жасушаларды түзеді? (Ақуыз- Protein)
-
Ағзадағы энергияның маңызды көзі не? (Май- Oil)
-
Қанға майларды не тасиды? (Лимфа- Lymph)
-
Көмірсулардың ыдырау өнімі не? (Глюкоза- Glucase)
-
Қай элемент сүйек ұлпасының жасушааралық заттарының түзілуіне қатысатын? (Кальций- Calcium)
-
Тістерді сақтау үшін қандай элемент қажет?(Фтор- Fluorine)
-
Қай микроэлемент жетіспегенде қалқанша безінің ауруы дамиды? (Йод- iodine)
-
Жүйке жүйесінің әрекетін ретке келтіруге ағзаға не қажет?
(Бром- Bromine)
(Жауаптар фишка арқылы бағаланады.Әр жауапқа 1 фишкадан беріледі).
Интербелсенді тақта арқылы берілген сұрақтарға студенттер алдарына қойылған белгілерді көтеріп, жауап береді, тақтаға ағылшын тілінде жазылған жауаптарын магнитпен жапсырады.
Әр жауапқа 1 фишкадан алады.
Жаңа сабақ
Кіріспе
«Миға шабуыл».
Ой қозғау әрі сергіту
(10 минут)
-
Өткен сабақтан алған білімімізді қайталадық.Енді жаңа сабағымызға кірісейік.Дәптерге бүгінгі күннің жадын, сабақтың тақырыбын жазамыз. «Витаминдердің зат алмасудағы маңызы».
(Сұрақтар қойылады).
1.Қандай витаминдерді білесіңдер?
2.Ағзаға витаминдердің қандай әсері бар?
3.Витаминдер қандай азық-түліктердің құрамында болады?
4.Азық-түліктердің құрамындағы витаминдерді қалай сақтауға болады?
Жаңа тақырыпқа көшу.
(Витаминдердің зат алмасудағы маңызы слайд арқылы түсіндіріледі).
-
Енді жаңа термин сөздермен жұмыс жасаймыз.Ол үшін интербелсенді тақтадағы сөздердің баламаларын тауып, оларды дәптерге жазып отырамыз.
Махаббат Муратбаевна:
- fat-soluble-майда еритіндер -жирорастворимые
- water- soluble-суда еритіндер -водорастворимые
- avitaminosis- авитаминоз -авитаминоз
- hipovitaminosis- гиповитаминоз - гиповитаминоз
- hypervitaminosis -гипервитаминоз-гипервитаминоз
- night blindness-ақшам соқыр - куриная слепота
- beriberi- тырыспа(полинефрит)-бери-бери
- anemia -қаны аздылық -анемия
- scurvy- құрқұлақ -цинга
-rickets -мешел -рахит.
Студенттер күннің жадын, сабақтың тақырыбын дәптерге түсіреді.Сұрақтарға мектептен алған білімдерін еске түсіріп жауап береді.
Білу
(5 минут)
- Жаңа сабақ бойынша тапсырмалар беріледі.Бұл тапсырмаларды орындау үшін Сіздерге оқулықты, интернет желісін пайдалануға рұқсат беріледі.
1.А тобы (витаминдердің шығу тарихы).
2.В тобы (витаминдердің топтары).
3.С тобы (витаминдердің сақталуы, ағзаға әсері).
4.Д тобы (витаминдер жетіспегеннен пайда болатын аурулардың белгілері және олардың алдын алу жолдары).
Тапсырмаларымен танысып, оқулық, интернет желісін пайдаланып, мәліметтер қарастырады, қажетті жерлерін дәптерлеріне жазып отырады.
Түсіну
(5 минут)
Берілген тапсырмалардың таныстырылымын оқулықтағы және интернет желісінен алынған ақпараттарды пайдаланып, А4 қағазына «презентациясын» түсіру керек.
Топ мүшелері оқулықтағы және интернет желісінен алынған ақпаратпен топта талқылайды, содан кейін постер құрады.
Қолдану
(8 мнут)
Нұсқау:
Әр топтан екі немес толық топ шығып таныстырылымды қорғайсыздар.
(Таныстырылымның мағынасы мен тақырыптың қамтылуы қадағаланады. Толықтырулар жасайды).
Топ мүшелері таныстырылымдарын түсіндіріп өтеді. Топпен шыққан жағдайда бәрі де сөлеуге тырысулары керек.
Талдау. Жинақтау
(4 мин)
«Баламасын тауып жалғастыр»
1.Сөздердің жалғасын табу арқылы геометриялық фигура шығару.
2.Тест орындау.
1.Бери-бери ауруынан сақтандыратын май, белок алмасуларымен қамтамасыз ететін витаминді анықта?
А.А В.Д С.В Д.С
2.Организмді жақсы өсіріп, жараланған жердің тез жазылуына әсер етіп, құрқұлақ ауруынан сақтайтын витамин?
А.А В.С С.Д Д.В
3. А витамині жетіспегенде қандай ауруға шалдығады?
А.Құрқұлақ В.Тауық соқыр С.Бери-бери Д.Мешел
4.Нерв жүйесі, жүрек-қан тамырларына әсер етіп, тырыспа ауруына шалдықтыратын ауруды ата?
А.Бери-бери В.құрқұлақ. С.Мешел. Д.Тауық соқыр
5.Тамақта витамин жетіспегенде туатын ауруды ата?
А.Гиповитаминоз В.Авитаминоз
С. Гипервитаминоз Д. Қаназдық
6.Тез ыдырайтын витамин қандай?
А.А В.Д С.С Д.В
7.С витаминіне бай өсімдіктерді атаңдар.
А.Асқабақ В.Итмұрын
С.Астық тұқымдастың тұқымы Д.Қара қарақат
8.С витаминінің тәуліктік қабылдау нормасы.
А.2-3мг В.50-100мг С.1-2мг Д.75-105мг
9.Қараңғыда көре алмайтын және теріні кептіріп, өсуді тежейтін ауруды ата?
А.Мешел В.Құрқұлақ
С.Бери-бери Д.Тауық соқыр
10.Балық майында, сүтте, жұмыртқаның сары уызында, бауырда қандай витаминдер болады.
А.С В.Д С.В Д.А
11.А витаминінің тәуліктік қабылдау нормасы.
А.3мг В.2-3 мг С.50-100 мг Д.1-2 мг
12.Жас балада қандай витамин жетіспесе мешел ауруына шалдығады?
А.С В.Д С.А Д.В
1.Студенттер қазақша-ағылшынша сөздердің жалғасын табу арқылы геометриялық фигуралар жасайды.
2.Жеке студент тест тапсырмасын
орындайды, сарапшылар дайын жауаптарымен тексеріп бағасын қояды.
Бағалау
(2 минут)
-Бүгінгі сабақта топтық және жұптық жұмыстарды, кейбір студенттерді сарапшылар жеке бағалайды.
(Фишкалардың саны арқылы бағалау).
Алған фишкаларының санын айтады.
Рефлексия
«Мен бүгін....» (2 минут)
1.Бүгінгі сабақтан Сіз өзіңіз үшін жаңадан нені білдіңіз?
2.Сізге сабақта бәрінен бұрын не ұнады?
3.Сіз үшін не ауыртпалық тудырды?
5.Сіздің қиыншылықтарыңызды шешуге не көмектесті?
Студенттер таратып берген стикерлерге өз ойларын жазады.
Үйге тапсырма
(1 минут)
Витаминдердің зат алмасудағы маңызы
Витаминдердің жеткіліксіздігінен туындайтын аурулар жайында эссе жазу.